Отбасы
Шахтинск қаласының №16 жалпы білім беру
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Катпина Асем Шопбаевна
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Отбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға өз отбасы мүшелері туралы әңгімелету, олардың отбасындағы өз орыны туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: жаңа мағынаны танып білуі арқылы «Отбасы» тақырыбының мағынасын өздері ашуға, ойларын ашық айтуға үйрету.
Тәрбиелілігі: үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға, инабаттылық пен адамгершілікке, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар,суреттер.
Әдісі: ойтолғау, ой шақыру,ашық пікір,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Психологиялық дайындық.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Бәйге» ойыны арқылы
10 30 20
40 50 60
1.Жануарлардың табиғаттағы маңызы.
2. Құстардың табиғаттағы маңызы.
3.Жыртқыш аңдардың,суда тіршілік ететіндердің табиғатқа пайдасы.
4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азайып бара жатқаны неліктен?
5. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтап,қорғайтын халықтық салт-дәстүр.
6. Мемлекеттік қорықтар,олардың қызметі туралы айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру.
Жұмбақ шешу.
Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұртың
Айтады,қане кім атын?
( Ата,Ана,Апа,Аға,Іні)
-Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
Отбасы. Жанұя.Семья.
Ата-әже іні
әке-шеше
Туыс
Қарындас
Аға апа
Отбасы туралы не білеміз?
Ү.Мағынаны тану. Кітаппен жұмыс.(оқу)
1.Отбасын кімдер құрайды?
(ата,ана,апа,әке,қарындас,сіңлі,аға,іні)
2. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?
(қарындас,әпке,сіңлі,аға,іні)
3.Отбасындағы адамдар бір-бірін қалай сыйлайды?
(көмекші,қамқоршы,жәрдемші)
4. Өз отбасың туралы айт.
ҮІ. Тірек сөздер арқылы сөйлем құрау.
ҮІІ.Мақалдың екінші жолын табу.
1. Баланың ұяты әкеге,
(Қыздың ұяты шешеге)
2. Бірлік болмай,
( Тірлік болмас)
3.Әке-асқар тау,
(Ана-ағып жатқан бұлақ
Бала-жағасындағы құрақ)
ҮІІІ. Көрініс. «Жиренше бидің сыны»
(Жиренше төрде отырады.Екі жігіт кіріп келеді)
Жігіттер:Ассалаумағалейкум,би аға!
Жиренше: Уағалейкумассаллам,жол болсын,жігіттер.
Бірінші жігіт: Би аға,біз сізге сәлем беруге,өзімізді сынауға келдік.
Жиренше: Олай болса,менің мына сұрақтарыма жауап беріңдер.
Тәттіде не тәтті?
Қатты да не қатты?
Жұмсақта не жұмсақ?
Бірінші жігіт:
Тәттіде бал тәтті,
Қаттыда тас қатты
Жұмсақта мамық жұмсақ?
Жиренше:
Ай, балам-ай! Таппадың.Ал,енді сен жауап беріп көрші.
Екінші жігіт:
Тәттіде ананың сүті тәтті,
Қаттыда атаның жүрегі қатты
Жұмсақта ананың алақаны жұмсақ.
Жиренше: Өзің болайын деп тұрған бала екенсің.Жарайсың,балам!
ІХ.Сабақты бекіту.
«Кім тапқыр»ойыны.
1.Отбасы туралы мақал айт.
2.Ана туралы өлең оқы.
3.Жігіттің неше жұрты бар?
4.Әке туралы өлең оқы.
5.Жеті атаны ата.
6.Анаңның туысқандары саған кім болады?
Х.Қорытынды.
Ана деген сөзді де,
Аға деген сөзді де,
Әке деген сөзді де,
Апа деген сөзді де,
Бәрі: Ойлап тапқан балалар.
Күнім,жаным дегенді,
Құлыншағым дегенді.,
Ботақаным дегенді,
Қошақаным дегенді,
Бәрі: Ойлап тапқан аналар.
ХІ.Мадақтау.

жақсы маған көрініс керек ол отбасы туралы болуы керек