"Арманы асқақ оқушы" байқауы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

№266 мектеп – лицейдің түлегі.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

 

Оқушыларды шығармашылыққа баулып, білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Осындай ұстаздардың бірі № 266 мектеп – лицейдің музыка жетекшісі, музыка пәні мұғалімі Рысмамбет Мақтагүл Ердесқызы. Ол кісі өзінің ашық – жарқын мінезімен, ізденімпаздығымен, талантты тани және әрі қарай баули білетін қабілетімен адамгершілігінің арқасыда беделге ие. Ұстаз еңбегінің айнасы шәкірттері де көп жылдар бойы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып жүлдегер атануда.

Биылғы жылдың 25-30маусым күндері аралығында «Бейбітшілік әлемі» Халықырылық Қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ыстықкөл — 2013 конкурсына қатысты. Оған №266 мектеп – лицейдің оқушылары Естерек Марғұлан мен Естерек Дәулет қатысып, бізді тағы бір мәрте қуантты. Олар Ыстықкөлде өткен конкурста «Вокал» жанры бойынша өнер көрсетіп, Естерек Марғұлан Бас жүлде, Естерек Дәулет 1орын иеленіп, Үнді еліне жолдама алды. Бұндай жетістіктердің барлығы әрине ұстаздың арқасы, оның шығармашыл еңбегінің жемісі. Біз Мақтагүл апай мен оқушыларына шығармашылық табыс, дендеріне саулық тілейміз.

 

 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

№266 мектеп – лицейдің түлегі.

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.