Шалқардан шыққан математиктер

Шалқар қаласы №1 орта мектеп 12 жылдық
білім беруге көшу эксперимент сыныптарының
математика пәнінің мұғалімі Есмағамбет К.З

«Шалқардан шыққан математиктер» атты математикалық кеш
Мақсаты: Жерлес математиктер туралы деректер бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Кеш барысы: 1. “Менің Қазақстаным”
2. “Дәстүр”
3. “Атамекен”
4. “Білім”
5. “Ғылым”
6. “Болашақ”

1.    “Менің Қазақстаным”.
Ән: “Жаса, Қазақстан” Сағымбаев А., Досберген Ә.
Математика – шексіз, тұнық дариядайын,
Көп көрген, көсем сөзді қариядайын.
“Шалқардан шыққан математиктер” атты кешті
Ашық деп бәріңізге жариялайын
Білімі бар адамдар төс кердіңдер
Секілді өмірдегі өскен гүлдер.
Таң қалып, таңданумен тарқасайық
Ордасына қызықтың қош келдіңдер.
“Бойыңда ақындық қасиет болмаса нағыз математик бола алмайсың. Себебі ақындар басқаның көре алмағанын көреді. Математик те дәл сондай болу
керек “,-деген Софья Ковалевская.
Ендеше, сөз  сыныбымыздың ақын қызы Рысмағанбетова Әселде
Грек халқы іргетасын қалаған,
Адамзаттың өркендеуі кезінде.
Осы ілім бар әлемге тараған
Аристотель,Пифагордың ізінде.
Математика – ғылымдардың патшасы,
Ойшыл, дана, ғұламаның арқасы.
Қосып, алып, бөліп тағы көбейтіп
Білім, ғылым үйрету – бар мақсаты.
Шалқардан да шықты талай кемеңгер,
Үлес қосты бұл ғылымға талай ер.
Үмбетжанов, Елубаев секілді
Ғалымдарды өзге жұртым үлгі етер.
2. “Дәстүр”.
“Шахмат” ойыны.
Алдарыңызда берілген суретте шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген. “Шахмат” атының жүру тәртібі бойынша оқығанда жерлес математиктеріміздің қанатты сөздері шығады.
Дәулет Үмбетжанов: “Мені енді ешкім тарихтан сызып тастай алмайды”
Сәбетбай Елубаев: “Туған жерін жамандар, айтшы маған, қай халық?!”.
3. “Атамекен”.
Тәрбие – сан қырлы. Ата – тегінің табысын айту, халқының дәстүрін сақтау, оны өз заманының қағидаларымен шендестіру тәрбиенің бір көзі деп білеміз.
Ә.Рысмағанбетованың С. Елубаев жайында, А.Өтепованың  Д.Үмбетжанов жайында  әзірлеген слайд материалдарына кезек берелік.
4. “Білім”.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- дей келе, жерлес математиктеріміз зерттеген қазақтың қара есептерін бірлесіп шешелік.
1. Ата мен немерелері.
Атасы немерелеріне сақтап қойған асықтарын бөліп бергісі келді. Оларға жетіден берсе, асықтың екеуі артық қалады, ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар, атаның асығы нешеу?
Ағаш жапырағымен сәнді,
Адам ұрпағымен сәнді.
Жауабы: Немере үшеу, асық жиырма үш.
2. Шалап.
Толық көздейдегі айранның алтыдан бірін ішіп, орнына су құйдым. Сосын үштен бірін ішіп, орнын сумен толтырдым. Артынан жарты көздейін ішіп, тағы да көздейді сумен толтырдым. Ақырында көздейдегі сусынды толық ішіп қойдым. Айранды ма, әлде суды ма, қайсысын көп іштім.
Дәулет Үмбетжановтың ертеде әкесінен естіген есебі.
Жауабы:  Екеуінен де тең бір – бір көздейден  ішті.
5. “Ғылым”.
Келешектен үмітіміз талапты,
Атақ – даңққа бөленеміз қарап тұр.
Сегіз қырлы, өнер асып туғандар,
Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.
Сыныптың  бір топ оқушыларының, соның ішінде Ниеталы Ерасылдың өз қолынан жасаған туындылары: диірмен, желдеткіш, әуен ойнатқыш.

6. “Болашақ”.
Болашақтағы мектеп, білім алудың  бейнесі сіздердің көзқарастарыңда қандай? Плакатқа бейнелеп, кейін қорғайсыздар.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Ыбырай атамыз жырлағандай, осы өзіміздің Шалқар өңірінен шыққан Дәулет Үмбетжанов пен Сәбетбай Елубаев аталарымыздай ұлы математик болмасақ та, бір топырақтан шыққан перзенттер екенімізді жадымызда сақтап, болмасақ та ұқсап бағайық…
Тас бұзып бұлақ болып тау жарыңдар,
Сөзімді қолдайтұғын аумағым бар.
Осымен қоштасамыз өздеріңмен
Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше