География

"Дарындылар додасы"

Батыс  Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның география пәні мұғалімі
Дюсалиева Диана Ержановна

«Дарындылар додасы»
1-жүргізуші: Құрметті көрермен! Армысыздар өзінің жақтасы үшін жаны ауыратын, жеңіске жүрегі жарыла қуанатын жанкүйер қауым! «Дарындылар додасы» сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Жаратылыс-жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімі мейлінше теңіз екен
Анам туса, Жер ана жетілдірді,
Осыны мен өмірге егіз етем!-деп ақындар табиғатты анаға теңеген, өйткені жер-тіршілік көзі, өмір бастауы. Табиғат-түп қазығың, ырысың, бар байлығын алдыңа тарту етеді. Тек оған зиян тигізбей, мәпелеп өзіңе керегіңді ала біл!
1-жүргізуші: «География-қоршаған ортаны танып білу».
«Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамиданы көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең» деп айтсақ артық айтқандық болмас. Олай болса бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
2-жүргізуші:      Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады
Жарсы заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену, жалықпау.
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымызды шақырайық!
1-жүргізуші:                   Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды — дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.
2-жүргізуші: Енді бүгінгі сайысыздың жалпы жоспарымен таныстырып өтейік:
І.   Таныстыру
ІІ. «Жұлдызды сәт»
ІІІ. «Білім бәйгесі»
ІV. «Таң қалмаңыз»
V. «Мектебіңді білесің бе?»
VІ. «Ойлан, тап!»
VІІ. «Кім жылдам?»
1-жүргізуші:                    Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып!-деп Абай атамыз жырлағандай, сайысымызды бастамас бұрын осы сайысқа қатысқалы отырғандарға сәттілік тілей отырып, жақсы бір әнге кезек берейік.
2-жүргізуші:                 Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен екі топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін!
«Сәлем-сөздің атасы» демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз. Әр команда өздерін таныстырып кетсін.
1-жүргізуші:                Ал, балалар, сайысқа қалайсындар,
Сендер өтер әлі де талай сын бар
Білімді бір тексеріп көрейік біз
Жауап қатсаң сұраққа жарайсындар!-деп сайысымыздың келесі «Жұлдызды сәт» кезеңін бастаймыз.
1- топ.
1.    ҚР Еуразия материгі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында? (4)
2.    Қазақстан аумағында орманды дала зонасы бар жазық? (Батыс Сібір жазығы)
3.    Шығыс Қазақстанда өндірілетін техникалық дақыл? (Күнбағыс)
4.    Индонезияның астанасы? (Джакарта)
5.    Изотерма дегеніміз не? (температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызық)
6.    Радонды Рахман бұлағы қай тауда орналасқан? (Алтай)
7.    Қазақстандағы ең алғашқы игерілген мұнай кен орны? (Доссор)
8.    Аралдағы шай өсіретін ел? (Шри-Ланка)
9.    Қазақстанда өсімдік жамылғысының неше түрі бар? (6000)
10.     Жапония жалауының ортасында не бейнеленген? (Қызыл шеңбер)
2- топ.
1.    ҚР ТМД елдері бойынша жер көлемі жағыан нешінші орында? (2)
2.    Ең арзан көмір өндіретін кеніш? (Екібастұз)
3.    Ебі және Сайқын желдері қай жерлерде соғады? (Жоңғар қақпасында)
4.    Боливияның астанасы? (Ла-Пас)
5.    Урбандалу дегеніміз не? (Қала халқының өсуі)
6.    Қапшағай су қоймасы қай өзеннің бойында? (Іле)
7.    Жеңіл металлдарды атаныз? (алюминий, титан, магний)
8.    Кофе отаны?
9.    Қазақстандағы ең үлкен табиғат зонасы еліміздің қанша пйызын алып жатыр? (шөл – 44%)
10.    Ресей жалауының ортасындағы түс? (көк)
2-жүргізуші:                      Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанарма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда!
Келесі кезең «Білім бәйгесі». ( Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар ашылады.)
10 – Қазақстандағы Орал тауының жалғасы? (Мұғалжар)
10 – Қазақстанның шекарасының жалпы ұзындығы? (15000 км)
20 – Биылғы қысқы олимпиада өтіп жатырған қала? (Ванкувер)
20 – Еуропада орналасқан екі аралдық мемлекеттің атының айырмашылығы
бір-ақ әріпте, ол қандай мемлекеттер? (Ирландия, Исландия)
30 – Эстонияның астанасы? (Таллин)
30 – Кубаның астанасы? (Гавана)
40 – Бұл сұрақты Тоқтар Амангелдіұлы қояды.
40 – Қарашығанақ кен орнын қандай шетелдік ірі фирмалар игеруде? (
итальяндық «ЭНИ», ағылшындық «Бритиш Газ», американдық
«Шеврон-Тексако», ресейлік «Лукойл»)
50 – Туу мөлшеріне әсерін тигізетін мемлекеттер тарапынан жүргізіліп
отырған шаралар? (демографиялық саясат)
50 – Қазақстанның қай ауданын «витамин цехы» деп атайды? (Оңтүстік
Қазақстанды)
1-жүргізуші:                  Өнері өрге жүзер, таң қалмаңыз
Таланты талмай ұшар, таң қаламңыз!
Таңғажайып әлемі-өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таң қалмаңыз! — деп «Таң қалмаңыз» кезеңін бастаймыз. Әр команда би түрлері жасырылған конвертті әр команда екі-екіден суырады. Конвертте үнді, испан, африкан, украин биі жасырылған. Бишілеріміз әзірленіп болғанша біз көрермендерімізбен «Мектебіңді білесің бе?» деген ойын ойнасақ.
1. Асханадағы лакомканың бағасы қанша?
2. Басты баспалдақтың  баспаларының саны қанша? (25 т г)
3. География-Биология кабинетіндегі тақтаның оң жағында не орналасқан
және онда не бейнеленген? (Биосфераның зат және энергия айналымы)
4. Кітапханашы апайдың аты-жөні кім? (Жұмагүл Сәрсенбайқызы)
5. Мектептің мекен-жайы. (Мұхит көшесі 2/1)
6.Музейдің төрінде кімдердің портреті ілініп тұр?(Абай мен Пушкин)
2-жүргізуші:                    Үйрен таппай тыным бір
Географияның тілін біл
Егер оны білмесең,
Тартар жолын бұлыңғыр-деп «Ойлан, тап!» кезеңін бастаймыз.
1.    Қазақстанның батысында орналасқан, оның аты Мұғалжар, ол не? (Тау)
2.    Қазақстанның солтүстік шекарасын түгел қамтыған РФ, ол не? (Мемлекет)
3.    Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан қасиеті мол, ол не? (Минералды су)
4.    Ауылдардың ең өткір әлеуметтік мәселесі не? (жұмыссыздық, жол, байланыс орнату)
5.    Қазақстан «Қызыл кітабына» енгізілген: қоқиқаз, құлан, бірқазан, қабылан, олар не? (жануарлар мен құстар)
6.    Табиғаттың «Жасыл фабрикасы» аталған табиғи объект, ол не? (ормандар)
7.    ХХ ғ. 70-ші жылдардың ортасында капиталистік дүниеде басталған энергетика дағдарысымен бір мезгілде шықты. Бұл дағдарыстың себептері не? (Араб елдерінің мұнай сатуды, саяси құрал ретінде пайдалануы)
8.    ҚР қақ ортасында орналасқан, Қазақтың ұсақ шоқысы деген атқа ие болған, ол не? (Аласа тау, Сарыарқа)
9.    Балқаш көлінің оңтүстігінде орналасқан, аты Сарыесік-Атырау, ол не? (Құм, шөлді аймақ)
10.     Орал қаласынан шығысқа қарай 200 км қашықтықта орналасқан кен орны?(Қарашығанақ)
11. Шығыс Еуропа жазығы қайда? (Еуразия материгінің батысында
орналасқан)
12. Дүние жүзіндегі ең биік орналасқан Титикака көлі кайда? (анды тауы,
Оңт. Америка)
13. Қазақстандағы қоры мол фосфорит кен орны кайда орналасқан?
(Қаратау жотасы)
14. Декан тауы қайда орналасқан? (Үндістанда)
15. Испания мемлекеті қайда орналасқан? (Переней түбегінде)
16. ҚР «Шкода» автокөлігін құрастыратын зауыт қайда? (Өскеменде)
17. ҚР-ғы Сарысу өзені қайда? (Торғай мен Сарыарқада)
18. Сілеті теңізі қайда? (Солтүстік Қазақ жазығында)
19. Орта Азиядағы Жеңіс шыңы қайда? (Тянь-Шаньда 7439 м)
20.Соңғы бес жылда болған ең ірі цунами қашан және қай елде болды?
(26.12.2006 ж. Индонезияда)

1-жүргізуші:                 Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақынба, әлде алыспа?-деп соңғы «Кім жылдам?» кезеңіне көшелік. (Капитандарға жеке тапсырма беріледі)

1. Адасқан атауларды сәйкестендір:
Қорғалжын-ел                                      Ақсу-Жабағылы-астана
Ертіс-Қарағанды-арал                         Хан Тәңірі-тау
Триас-шөл                                            Мезозой-пайдалы қазба
Альпі-қорық                                         Памир-шығанақ
Венесуэла-канал                                   Канберра-шың
Дрейк-тау                                             Гудзон-шөл
Сахалин-өзен                                       Суматра-өзен
Жем-пайдалы қазба                             Қаратал-эра
Такла-Макан-дәуір                              Намиб-қорық
Фасфорит-бұғаз                                   Алмаз-арал
2.Сөздерді дұрыс жаз:
меткөк-                                               сық-
панса-                                                 манор-
тамилк-                                               шаға-
қарысара-                                           тайбатарға-
тыайқ-                                                 надака-
быраңж-                                              дызлұж-
нүк-                                                     над-
лөк-                                                     аут-
намицу-                                              нықтол-
арфиягеог-                                         огфияегра-

1-жүргізуші: Міне біз «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы команданы анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасын берсек. Әділқазылар өз шешімдерін жариялағанша, біз қатысушы оқушыларымызға «Географ» және «географиня» атақтарын берсек.
2-жүргізуші: Географияны біліңдер, географияны сүйіңдер, география деп өмір сүріңдер! Себебі бүкіл ғаламның сырын танып, онымен үйлесімділікте болған адам ғана нағыз бақытты!
1-жүргізуші: «Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік!» деп даналарымыз айтқандай «Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес.
2-жүргізуші: Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды тәмамдаймыз. Біздің білімдегі жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек қана сәттілік тілейміз! Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.