Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның Биология және география
пәнінің мұғалімі Атошева Гүлбану Ғайношқызы
І санатты мұғалім
«Дарабоз-20» атты сайыс
Мақсаты: Оқушыларға биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал ету.
Жоспары: І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Өзін- өзі таныстыру
2.Білгірлер сайысы
3.Сөжұмбақ шешу
4.Логикалық ойын
5.Өнер сайысы
6. Ойлан тап ойыны
ІІІ. Қорытынды.
І. Өзін- өзі таныстыру
1) Жасуландар 7- класс
Ұландармыз белді мықтап байлаған
Жарысқа келдік,алған беттен таймаған
Тәуелсіз ел, біз ұрпағы бұл елдің.
Көк аспанда көк туы бар асқақтаған
Ал,көрермен сәлем бердік баршаңызға
Біліменен қалғанбыз араңызда
Білекті болып, белді қатты байлаған біз
Жас ұландар өнерін қараңыздар
Тілейміз сәт-сапар қарсылас топқа
Жас қырандар ұша берсін алыстарға
Қырандарым талмасын қанаттарың
Жете беріңдер асқақтаған армандарға
2) Жас қырандар 8- класс
Біз қырандар алысқа қарай самғаған
Жарысқа келдік жүлде емес бар арман
Абай, Мұхтар Шәкәрімдей ұлдардың тегіміз
Қырандармыз алысты әркез жақын еткен
Ұшқыр ой мен білімді алып кетер,
Сәлемін қабыл алыңыз жас қыранның
Әр сұрақтың жауабын тауып кетер
Жеңу емес мақсаты бұл қыранның
Білемін, сынау, арманы ғой әрбір жанның.
Тіледік сәт – сапар, қарсылас ұландарға.
Алға қарай шаба берсін ақ боз атың.
ІІ. Білгірлер сайысы
Білімді мыңды жығада,
Білекті бірді жығады
Алдағы білім шыңына
Ең білімді топ шығады.
7- класс
1.Шеңбер түзе орналасатын саңырауқұлақтар атауы.
2.Жемісі парашютке ұқсаған өсімдік.
3.Лимон қышқылы қай зең саңырауқұлағынан алынады.
4.Ғарыштық зерттеуге қолданылған балдыр.
5.Таста өсетін қына.
6.Тұқымды өсімдіктер бөлімін атаңыз.
7.Төменгі сатыдағы өсімдік.
8.Қандай өсімдіктердің гүлі болады.
9.Мүктерді зерттейтін ғылым.
10.Қандай өсімдіктен қына алуға болады.
8 – класс.
1.Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықты ата.
2.Орталық жүйке жүйесіне не жатады.
3.Дыбыс сүйекшелері құлақтың қай бөлімінде орналасқан.
4.Нейронның қысқа өсіндісі.
5.Сүйек қандай ұлпаға жатады.
6.Көру аймағы мидың қай бөлігінде орналасқан
7.Ең үлкен без.
8.Ұйқы безі гармоны.
9.Адам омыртқасы неше жерден иіледі.
10.Мүшелер қызметін зерттейді.
4. Логикалық ойындар
7- класс
1. Қайыңда 4 бұта бар, әр бұтада 4 алма өсіп тұр,барлығы қанша алма болды.
2. 9 бас, 22 аяқ.Неше тауық,неше ешкі.
3. Ең алып құс.
4. Аспанда құстар тізіліп ұшып барады, оның екеуі алда,артта 2 құс, жанында екі құс.Барлығы неше құс тізіліп ұшты.
8- класс.
1.Қоян көгалда жүрген 3 жыланның біреуін жеп қойды.Неше жылан қалды
2.Африкадағы түйеқұс аяғындағы 5 саусақпен тышқанды ұстап алды.
3.Ең биік ағаш.
4.Фермердің бірнеше құстары бар,оның оның барлығының екеуінен басқасы- үйрек, екеуінен басқасы- ьалапан, екеуінен басқасы – қаз.Сонда фермерде барлығы неше құс бар.
5. Өнер сайысы (Әр топ өнерлерін көрсетеді)
6. Ойлан тап ойыны
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарға қатысты сөздер құрап жазу керек.
7 класс Т, И, Ж, Ұ, А, Т, Л, П, Ү, Ы, П, А, Р, Л, К, І, А, Қ, Н
8 класс Ж, Л, Т, Ү, Й, М, І, А, Р, Е, К, Ы, Р, С, М, Қ.
Қорытынды. Марапаттау