«Информатика – ақпараттар ғылымы»

Ақтөбе обл. Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі
Тәжімағанбет Жеміс Аманкелдіқызы

 Тақырыбы:  «Информатика –  ақпараттар ғылымы».
Мақсаты:  Оқушылардың 7-8 кластарда  өткен тақырыптары бойынша білімдерін тексеру, практикада қолдана білуге  үйрету.  Сайыс 8 а, ә,б кластары арасында өтеді. Әр  топта  6 оқушы болды.

1.Топтарды ортаға шақырамыз.

2.Әділ қазылар алқасын сайлау.

Сайыстың  кезеңдері:

1-кезең  Таныстыру.

2-кезең Білгенге маржан

3-кезең суретшілер жарысы

4-кезең Кім жылдам, әрі  тапқыр (Жанкүйерлермен сайыс)

5-кезең Ойлан тап. (Жұмбақ сайысы)

6-кезең Сен білесін бе?

7-кезең Капитандар  жарысы.

 

Сайыстың  өту  барысы.

1-кезеңде. Әр топ өз топтарын таныстырады.

2-кезеңде. «Білгенге маржан»  сұраққа  жауап  беру.

 

Әр  топ  таңдаған сандар бойынша 3 сұраққа жауап  береді.

Сұрақтары.

 

1.Жақтаулармен  шектелген экрандағы төрт бұрышты аймақ

2. CapsLock пернесінің  қызметі

3Ақпараттың  өлшем  бірліктері

4. Ақпараттың неше  түрі  бар

5.Компьютердің  негізгі  құрылғыларын ата

6.Адам  ақпаратты  қалай  алады.

7.Адаммен компьютер арасындағы  байланыс.

8.Бір  кило байтта қанша байт бар?

9.Ақпаратты сақтау, жеткізу, өңдеуді не деп атайды?

10.Екілік  жүйенің сандарын ата.

3 –кезең

Суретшілер  жарысы.

Әр  топ Paint  графикалық  редакторында  өздерінің  ойлары бойынша ,,Қыс  келбеті  тақырыбына  сурет  салу.

Суретті салған 8 а класс оқушысы Жәмиев  Әсет

Суретті салған 8ә класс оқушысы Селбаев Нұрмұханбет

Суретті салған 8б класс оқушысы Асхат Фархат

4 кезең «Кім  жылдам,  әрі  тапқыр». Жанкүйерлермен сайыс.

5-кезең.  Ойлан,  тап. Жұмбақ сайысы.

6-кезең  Сен  білесін бе? (Филворд  шешу)

Бұл  филвордта  10  сөз  жасырылған,  ол  сөздердің  бәрі  информатикаға  байланысты.

 

 

7 кезең. Капитандар  сайысы.

Капитандарға  санау  жүйесіне  қатысты ортақ есеп беріледі.

  • Мен  1001 жасымда мектепті бітірдім, ал 10110 жасымда академия бітіріп электронды сарайда қызмет еттім.Ол кезде сендер 111 жастасыңдар. 11110 жасымда ғылыммен айналысып 11 жылдан кейін Вирус атанып сиқырға ұшырадым.Мені осы сиқырдан құтқару үшін осы есепті шешу керек.

Сонымен, сайысқа катысушылардың әділ бағасын беретін әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп, осы сайысқа келгендеріңізге үлкен рахмет. Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше