«Математикалық тілде сөйлей аламыз ба?»
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
№25 мектептің математика пәнінің мұғалімі Қалиева Зафура
Тақырыбы: «Математикалық тілде сөйлей аламыз ба?»
6-сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Математикалық тілде сөйлей аламыз ба?» атты топтық сайысымызды бастаймыз.
Мақсаты: Математика сабағында оқушының алған білімін бір жүйеге келтіріп, нақтылауға, есеп шығаруға қажетті ережелерді тиімді қолдану арқылы математикалық тілде сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Ауызша есептеуге қалыптастыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Білім алуға бәсекелестікке баулу. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Типі: «Озық ойлы» атты ойын түрінде өтеді.
Көңілді тапқырлар, білгіштер.
Бар өнерін алдарына салады.
Кім біледі,көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады қос тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
(ортаға 6 «а» сынып оқушылары «Алғырлар» тобы және 6 «ә» сынып оқушылары «Тапқырлар» тобы шығады.)
Шеберлікті білімді
Сараптап сендер көріңдер
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер!-дей отырып әділ қазыларды сайлаймыз.
Сайыс 5 турдан тұрады.
1.Математиканың өз тілі бар ол Формула (С.В.Ковалевская)
2.Кім тапқыр?
3.Ереже бойынша салыстыр.
4.Кім жылдам?(капитандар сайысы)
5.Бой сергіту
Әр сұрақтың толық жауабына 5 ұпай. Енді сайысымызды бастаймыз.
1. Математиканың өз тілі бар ол формула
Әріппен жазылған теңдіктерді математикалық тілге аудар:
І топ «Алғырлар»
1) (а+b)+с=a+(b+c)-қосудың терімділік қасиеті
2) S = ab – тік төртбұрыштың ауданы
3) P = 4a – квадраттың периметрі
4) R = – шеңбердің радиусы
ІІ – топ «Тапқырлар»
1) a – b = b + a қосудың ауыстырымдылық қасиеті
2) P = 2(a + b) – тік төртбұрыштың периметрі
3) S = a2 – квадрат ауданы
4) D = 2R – шеңбер диаметрі.
1. Кім тапқыр! (Есептер шығару)
І – топ «Алғырлар»
1. Есептеңдер
1) 10 + (-10)=0
2) -9.5+0=-9.5
3) –(-(-(-(-3.9))))=-3.9
4) -110+(-15)=-125
5) 20+(-85)=-65
ІІ – топ «Тапқырлар»
1) 9+(-9)=0
2) 0+(-9.5)=-9.5
3) –(-(-(-2.9)))=2.9
4) -130+(-25)=-155
5) 60+(-95)=-35
2. Кестені толтыр
І – топ «Алғырлар»
-100
Қарама қарсы сан 0
Кері сан 3
І – топ «Тапқырлар»
-99
Қарама қарсы сан 0
Кері сан 4
3. Ереже бойынша салыстыр
І – топ «Алғырлар»
1) Координаталық түзу бойынша сандарды салыстыр
m n 0 x y
1) m, n, x, y – қандай сандар?
2) Салыстыр:
3)
2) Сандарды салыстыр:
1. 0 – 81
2. – 8 + (-5)
3. – 8 + 13 = 5
ІІ – топ «Тапқырлар»
3) Координаталық түзу бойынша сандарды салыстыр
x y 0 r 1
1) x, y, r, 1 – қандай сандар?
2) Салыстыр: y
Санды салыстыр:
1.
2.
3. 5)
4. Кім жылдам!
Екі топтың басшыларының сайысы. 10 – 10 – нан 20 сұрақ қойылады. Соған 1 минут ішінде жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
А
1. Айырмашылығы тек таңбаларында болатын сандар (қарама – қарсы сандар).
2. 0 – ден үлкен сандар (оң сандар)
3. Алымы бөлімінен үлкен сан (бұрыс бөлшек)
4. Оң санның модулі (өзіне тең)
5. 9 – ға кері сан (1/9)
6. 5,11 санынның ЕКОЕ (55)
7. Жарты түзудің басқаша аты (сәуле)
8. Екі санның бөліндісі сол сандардың (қатынасы)
9. Жиын теориясының негізін қалаушы (Георг Контор)
10. Шеңбер бойындағы кез келген центрмен қосатын кесінді (радиус)
В
1. Қарама – қарсы сандардың қосындысы (0 – ге тең)
2. 0 саны теріс санға жатады ма? (жоқ)
3. Алымы бөлімінен кіші сан (дұрыс бөлшек)
4. Теріс санның модулі (қарама – қарсы санға тең)
5. 8 – ге кері сан (1/8)
6. 7,11 санының ЕКОЕ (77)
7. Ортақ бөлгіші 1 – ге тең сан (өзара жай сан)
8. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
9. «Порпорция» сөзі латын сөзінен шыққан қандай мағынаны білдіреді? (өлшемдес)
10. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді (диаметр)
5. Бой сергіту
1. Жаңылтпаш
І – топ «Алғырлар»
Рационал сан, ирроционал сан
Біріккен сан, болғансан,
Нақты сан деп аталған сан.
ІІ – топ «Тапқырлар»
Шеңбер, шеңбер доп емес,
Доп сияқты, доп емес,
Доп, доп, доп, деп шеңберді
Ойлама, шеңбер ол емес.
2. «Кім қырағы?» Екі топқа арнап бірнеше сөздер айтылады. Соны жазып беру керек.
Квадрат, теңдеу, дәптер, циркуль, шеңбер, градус, мектеп, периметр, компьютер, математика.
Қорытынды:
