Төртбұрыштар тарауын қайталау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы  ауылы
№25 мектептің математика пәнінің мұғалімі Қалиева Зафура

Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Төртбұрыштар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1)    Оқушылардың төртбұрыштар туралы білімдерін кеңейту
2)    Төртбұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда пайдалана білу  бейімділіктерін арттыру
3)    Ұқыптылққа, ұжымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тиянақтау
Сабақтың әдісі: топтық
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Сыныпты 3 топқа бөліп отырғызу
1-топ: «Параллелограмм»
2-топ: «Ромб»
3-топ: «Трапеция»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әр топ басшылары өз аттарымен аталған төртбұрыштардың анықтамасын, қасиеттерін айтып қорғайды.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Толықтыруды қажет ететін тесттер орындалады. Барлық топ мүшелерімен орындайды.
1)    Төртбұрышты құрайтын кесінділер…, кесінділердің ұштары…деп аталады.
2)    Параллелограмның қарама-қарсы…тең болады.
3)    Тік төртбұрыштың …тең.
4)    Егер параллелограмның барлық қабырғалары тең болса… деп аталады.
5)    Барлық қабырғалары тең…квадрат деп аталады.
6)    Трапецияның …табандарына параллель және … жарты қосындысына тең.
7)    Ромбының … өзара перпендикуляр, бұрыштарының … болады.
ІV. Кім қырағы? (ауызша есептер шығару)
№1. Параллелограмның бір бұрышы 500 – қа тең. Қалған бұрыштары неге тең?
Жауабы: 1300, 500, 1300
№2. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар.                     Жауабы: 66 см.
№3. Ромбының бір қабырғасы 10 см. Ромбының ауданын табыңдар.
Жауабы: 100 см2
№4. Трапецияның орта сызығы 8 см, бір табаны 6 см. Басқа табаны неге тең?
Жауабы: 10 см
Ауызша есептерді шығарып болғаннан кейін топ болып есептер шығару.
№5. Кіші диагоналы 8 см, бұрышының біреуі 600 болатын ромбының периметрін табыңдар.
Берілгені: АВСD – ромб
AB=BC=CD=AD
AC=8 см,       B=600
Табу керек: P-?
Шешуі: BD сәулесі  < B-ның биссектрисасы. ΔAOB-тік
AO=AC/2=8/2=4см
AO=AB/2
4=AB/2        P=4*8=32 см
AB=8см        Жауабы: 32 см
№6. Трапецияның орта сызығы 7 см. Табандарының бірі екіншісінен 4см-ге артық. Трапецияның табыңдар.
Берілгені: АВСD – трапеция
EF – орта сызығы,  EF║BC, EF║AD
EF=7 см
BC=x, AD=x+4
Табу керек:     BC=?
AD=?

14=2x+4
2x=10
x=5 см
BC=5см,  AD=x+4=5+4=9 см        Жауабы: 5 см, 9 см
№7. Параллелограмның периметрі 12 см. Егер АВD үшбұрышының периметрі 9 см болса, ВD диагоналының ұзындығын тап.
Берілген: АВСD – параллелограмм
AB║CD, BC║AD
AB=CD, BC=AD
PABCD=12 см, PABD=9 см
Табу керек: BD=?
Шешуі:     P=2(AB+BC)
12=2(AB+BC)
AB+BC=6
AB=6-BC
AD=BC
PABC=AD+BD+AD
9=6-BC+BD+BC
9=6=BD
BD=9-6=3 см            Жауабы: 3 см

V. Сергіту сәті
І топ. «Параллелограмм»
Параллелограмм сөзінің соңғы әрпінен бастап математикалық терминдерді жазу.
ІІ топ. «Ромб»
ІІІ топ. «Трапеция»
VІ. Сабақты қорытындылау
І топ. «Параллелограмм»
Төртбұрыштар туралы өлең шығару
ІІ топ. «Ромб»
Төртбұрышты фигураларды пайдаланып сурет салу.
ІІІ топ. «Трапеция»
Жұмбақ құрастыру.
VII. Үйге тапсырма: Қайталау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше