КОМПЬЮТЕР. Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпараттарды компьютерде сақтау
БҚО, Теректі ауданы Приречный ЖОББМ
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі
Айшуаков Мерлан Адилович
7 сынып
Тақырып: КОМПЬЮТЕР. Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпараттарды компьютерде сақтау.
Мақсаты: а) Оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық
процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру Бағдарлама және бағдарламалық түсініктерімен таныстыру.
Оқушылар информатиканы негізгі ұғымдарын, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерін; бағдарлама деген не екенін түсіндіру
ә)Оқушылар ақпарат түрін анықтауды, бағдарламалық жабдықтама мысалдарын келтіруді;
Ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылқылардың мысалдарын келтіруді
б) Оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Пікірлесіп түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Пікірлесіп түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй жұмысын сұрау
а) Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге қай кезде есептемеуге болады?
ә) Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру
XI Бағалау
Жаңа сабақ
Ғылыми-техникалық прогресс әр әртүрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды.Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге,мини-ЭЕМ-дерге,микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ-дер – өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда,өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен.Мини ЭЕМ-дер өндірістік прцестерді бақаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.
Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және олар негізінде деректер дайындау,программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.Микро-ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборотория да жеткілікті.
.Қазіргі ДК көлемі шағын,құны жоғары емес бола тұрып,70-жылдардың үлкен ЭЕМ –деріне,80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90-жылдардың бірінші жартысының микро-ЭЕМ-деріне қарағанда,өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады.
IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік есептеу жүиелер 4 негізгі компоненттен тұрады.
1. есепті мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам ;
2. компьютердің ақпараттық жабдықтары.(Hardware) ;
3. деректер,яғни керекті мәліметтер файлы ;
4. компьютердің программалық жабдықтары (Software)
Компьютерлік жүйелер немесе деректерді өңдеу жүйелері ұғымдары осы төрт бөлікке адамның қатысуынан тұратын кешен ретінде қарастырылады.
Бекіту: а) Есептеу машиналары қанша топқа бөлінеді?
б) Компьютерлік есептеу жүйелерінің негізгі қанша компоненттен тұрады?
Сабақты қорытындылау: Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру: : КОМПЬЮТЕР. Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпараттарды компьютерде сақтау
