Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. Адам ақпаратты қалай алады. Ақпарат және оны бағалау
БҚО, Теректі ауданы Приречный ЖОББМ
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі
Айшуаков Мерлан Адилович
7 сынып
Тақырып: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. Адам ақпаратты қалай алады. Ақпарат және оны бағалау.
Мақсаты: а) Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес
компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік, он алтылық, санау жүйелері мен ASCII кодтарымен таныстыру.
ә) Оқушылар ақпаратты ұсынуды, сақтау, қабылдау түрлерін ұйымдастыру. Берілген алфавиттерді кодтауды үйрену.
б) оқушыларды, өмірге және білім алуды жалғастыруға тәртіпке, еңбекке баулу.
Сабақтың типі: Пікірлесіп түсіндіру.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс, әңгіме.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:
Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары
Сабақ барысы. 1I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
II. Үй жұмысын сұрау
а) Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
б )Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
в) Адам ақпаратты қалай сақтайды?
III Үй тапсырмасын бекіту
IV Жаңа сабаққа кіріспе
V Жаңа сабақ
VI Жаңа сабақты бекіту
VII Қорытындылау
VIII Үй тапсырмасын беру
IX Бағалау
Жаңа сабақ
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп аталады.
Бірғана ақпаратты әртүрлі әдістермен (жолдармен) ұсынуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Ақпаратты сақтау қабылдау, ұсыну және өңдеу әдістері іс – жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады.
Ақпараттың кодталуы (кейде оны шифрлау депте атайды) оның кері кері кодталу (декодталу – декодирование) процесімен тікелей байланысты.
Кодтауға қолданылған алфавиттің әріптері не ғұрлым аз болса, кері кодтау құрылғысы соғұрлым қарапайым болады. Техникада ақпаратты кодтау үші, МОРЗЕ әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.
Бұдан кейін біз екілік белгінің бірін (0 немесе 1) бит атаймыз.
Ақпаратты осы екі таңбаның көмегімен кодттау оларды сақтау мен жеткізу құрылғыларының конструкциясын мейлінше жеңілдетеді. Екілік сандар алфавитінің қарапайымдылығы оның есептеуіш техникасынада кең тарауына себеп болды. Ақпаратты екілік кодпен көрсету үшін құрылғы екі күйді айыра білуі керек.
Қазіргі ДК ЦЭЕМ – ге жатады
Жасанды немесе формалды тілдерге математика, физика, музыка, компьютермен қатынасу тілдері жатады
Бекіту: а) Кодтау дегеніміз не?
б) Жасанды немесе формалды тілдерге қандай тілдер жатады?
в) Бит дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау: : Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
Үй тапсырмасын беру: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. Адам ақпаратты қалай алады. Ақпарат және оны бағалау.
Бағалау:

керемет