Без рубрики

Publisher деген не?

Талдықорған қаласы №19 кәсіптік лицейінің
өндірістік оқыту шебері
Кудабаева Ардақ Шалжанқызы

Microsoft Publisher  кәсіби үлгідегі жарияланымдарды жылдам әрі оңай жасауға көмектеседі. Publisher бағдарламасымен басып шығару, поштамен жіберу немесе стандартты электрондық хаттарды құрастыру үшін кәсіби маркетингілік және байланыс материалдарын жасауға, құрастыруға және жариялауға болады.

Publisher 2010 нұсқасы бекітілген үлгілерді, жеке таңдамалы үлгілерді қолдануға және Office.com торабында қол жетімді түрлі құрастырушы үлгілерінен іздеуге мүмкіндік береді. Office.com торабы көптеген танымал Publisher үлгілерін, оның ішінде жаршылар мен парақшаларды қамтамасыз етеді.
Жинақшалар, парақшалар, каталогтар, деректеме кәртішкелері, ашықхаттар және жаршылар сияқты жиі кездесетін басып шығару және электрондық пошта жарияланымдары үшін жүздеген теңшелетін жасақтама үлгілері және бос үлгілердің кітапханасынан таңдау
Publisher бағдарламасын іске қосу үшін:
Publisher терезесі.
Үлгіні Publisher  нұсқасынан тауып, қолдану үшін, мына әрекеттерді орындаңыз:
Файл қойындысындағы Жаңа түймешігін басыңыз.
Пайдалануға болатын үлгілер параметрі астында төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Орнатылып қойған үлгіні пайдалану үшін, Менің үлгілерім тармағын таңдап, қажет үлгіні нұқыңыз да, Жасау түймешігін басыңыз.
Publisher бағдарламасында орнатылған дайын үлгілердің бірін пайдалану үшін, Негізгі немесе Қосымша үлгілер астынан қажетті санатты нұқыңыз да, қажетті үлгіні таңдап, Жасау түймешігін басыңыз.
Office.com торабындағы үлгіні тауып, қолдану үшін, Негізгі немесе Қосымша үлгілер астынан қажетті санатты нұқыңыз да, қажетті үлгіні таңдап, Қотару түймешігін басыңыз.
Жаңа жарияланым жасау
Файл қойындысын нұқып, Жаңа түймешігін басыңыз.
Пайдалануға болатын үлгілер параметрі астындағы бір бос жарияланым үлгісін нұқып, Жасау түймешігін басыңыз.
Ескерім    Қажетті өлшемде бос үлгі болмаса, Қосымша бос бет өлшемдері параметрін таңдаңыз.
Жарияланымды ашу
Файл қойындысын нұқып, Ашу пәрменін таңдаңыз.
Жарияланымды ашу тілқатысу терезесінің сол жақ бөлігіндегі қажетті файл бар дискіні немесе қалтаны нұқыңыз.
Жарияланымды ашу тілқатысу терезесінің оң жақ бөлігіндегі қажетті жарияланым бар қалтаны ашыңыз.
Қажетті файлды нұқып, Ашу пәрменін таңдаңыз.

Жарияланымды жасау жолы туралы қосымша ақпаратты мына бөлімнен қараңыз:
Жарияланымды сақтау
Әдепкіде Publisher файлды әдепкі жұмыс қалтасында сақтайды. Қажет болса, басқа орынды көрсетуге болады.
Файл қойындысын нұқып, Сақтау пәрменін таңдаңыз.
Ескерімдер
Файлды бірінші рет сақтаған кезде, мына әрекеттерді орындаңыз:
Басқаша сақтау тілқатысу терезесіндегі Файл атауы жолағына жарияланым атын енгізіңіз.
Сақтау түймешігін басыңыз.
Жарияланымды сақтау жолы туралы қосымша ақпаратты Файлды сақтау бөлімінен қараңыз.
Мәтін ұясын кірістіру
Кірістіру қойындысындағы Мәтін ұясын салу  түймешігін басыңыз.
Жарияланымда мәтін ұясының бір бұрышы пайда болатын жерге меңзерді апарып, мәтін ұясының қажетті өлшеміне дейін көлденеңінен созыңыз.
Мәтін ұясының ішінен нұқып, мәтінді теріңіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.