Без рубрики

Ms Office Publisher-ге берілгендерді енгізу және форматтау

Талдықорған қаласы №19 кәсіптік лицейінің
өндірістік оқыту шебері
Кудабаева Ардақ Шалжанқызы

Сабақтың тақырыбы:  Ms Office Publisher-ге берілгендерді енгізу және форматтау.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік. Publisher бағдарламасын іске қосуды,  жарияланымды жасай  білуге, сақтауды, жарияланымды өңдеуді үйрету.
ә) дамытушылық. Оқушылардың жалпы қабілетін дамыту және білім дағдыларын қалыптастыру. б) тәрбиелік. Оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі: репродуктивтік әдіс.
Берілетін уақыт: 270 минут
Өткізілетін жер: № 9 шеберхана
Пәнаралық байланыс: дизайн, ағылшын тілі
Сабаққа қолданылатын құрал жабдықтар: компьютер, слайд, проектор, тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин).
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) құрал жабдықтарды, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау. (65 минут)
1.Тақырып пен мақсатын хабарлау.
    Ms Office Publisher бағдарламасына жалпы түсінік беру;
    Ms Office Publisher – де құрылған құжаттарды форматтауды көрсету.
2. Өткен материалды пысықтау.
    Баспа құрылғыларын ата?
    Электрондық кестедегі құжатты баспаға шығару алдында қандай команда орындаймыз?
    Ол не үшін қажет?
    Баспаға шығарудың жолдарын айт.
3. Жаңа тақырыппен таныстыру, конспекті жаздыру. Тапсырманы орындау әдістерін түсіндіру.
4. Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту. Сұрақтар, тапсырмалар.
5. Жұмыс кезіндегі және жұмыс соңындағы техника қауіпсіздігі туралы естеріне салу.
6. Жұмыс орындарына бөлу.

ІІІ. Ағынды нұсқау. (175 мин)
Өздік жұмысы. Компьютерде отырып, Office Publisher-де жарияланымдар жасау.

Шебердің аралау мақсаты:
1.    Жұмыс орнын ұйымдастыру
2.    ТҚЕ нұсқау
3.    Жұмыстың жүру барысына нұсқау
4.    Тәжірибелік көмек ұсыну

ІV. Сабақты қорыту (20 мин).
1.    Жасалған жұмыстарға сараптама жасау
2.    Жеткен жетістіктерді айту
3.    Жіберген кемшіліктерді көрсету
4.    Компьютерді өшіру
5.    Жұмыс орнын жиинау

V . Бағалау. (3 минут). Оқушылардың жұмыстарын тексеріп баға қою.
VІ. Үй тапсырмасын беру: (2 мин). Әр түрлі жарияланымдарды құрастыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.