Күзгі мереке 7 сыныптар арасында сайыс
Кемербаева Гүлнұр
Күзгі мереке 7 сыныптар арасында сайыс түрінде өткізіледі
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін бақылау
- Ұйымшылдығын қалыптастырып, өз өнерелерін ортаға салып көрсете білуге үйрету
- Табиғатты, қоршаған ортаны, Отанын сүйуге тәрбиелеу
Мерекелік безендіру: шарлар, презентация слайдтар
1-жүргізуші: Армысыздар Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! «Алтын күз-2012» атты мерекелік сайысымызға қош келдініздер.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі.
Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күзге адам баласы молшылық, берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Күзде егінді жинап болған ата-бабаларымыз сабан той өткізіп күз мерекесін тойлап отырса әрбір мектептерде осы күз мерекесін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Салт-дәстүрді жалғастыра отырып, күз мерекесімен құттықтаймыз.
Кешіміздің басты мақсаты: 7 сыныптар арасында Күзгі балдың ең үздік ханшайымы мен ханзадасын таңдау. Сондықтан бүгінгі сайыста әсем де ибалы да ақылды өнерпаз жұптарымыз өнер корсетпекші. Қарсы алыңыздар
7 «А»______________________________________________
7 «Д»________________________________________________
7 «Е»__________________________________________________
7 «Ж»_____________________________________________________
Вальс
Орыс сыныбы
Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады:
- Таныстыру
- Ақыл сыны
- Мерекелік дастархан
- Экибана
- Сән үлгісі
1 кезең Таныстыру
Армысындар бүгінгі кеш куәсі
Алтын күзім тойланатын күн осы
Жасыл далам сары далаға айналып
Алтын күзге айналады жыр осы
Табиғатым сары көйлек киеді
Күз болды, тойлуға жұрт жиылды
Рұқсат болса, бастайын осы кешті
Әрбір топ таныстыршы енді өздеріңді
2 кезең Енді біздің екінші кезеңіміз «Ақыл сыны» кезеңіне жол берейік
«Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады» демекші, қазақ жерінде кейбір өсімдіктердің емдік пайдасы бар. Өсімдіктің мұндай қасиетің гүліне немесе сабағына қарап анықтау қиын. Сол сияқты біздің сайыскерлеріміздің данасын бал – бұл жанған келбетіне қарап емес, сөзімен ісіне қарап таниық. Олай болса, қазір «Ақыл сынының » сұрақтары арқылы көптің ішіндегі дананы анықтаймыз.
Орыс класының сөзі
Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді
Қонса көл суы тізеден келмейді (Тырна)
Ұя сап балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды (Көкек)
Дамылсыз барабан қағады
Сол жерден тамағын табады (Тоқылдақ)
Шарлап келіп даланы
Үйіме үйін салады (Қарлығаш)
3 кезең Мерекелік дастархан кезеңіне көшеміз. Бұл кезеңде қатысушыларымыз үйге берілген тапсырма бойынша алдын-ала тағам даярлап әкелу керек болатын. Әр сыныптың ханзадалары мен ханшайымдары тағамдарын таныстыру қажет.
Орыс класы
4 кезең Міне біздің кешіміздің Экибана сайысына келіп жеттік. Бұл сайыста ханзадаларымыз бен ханшайымдарымыз үй тапсырмасы бойынша жасауға берілген экибаналарын таныстыру керек. Қатысушыларымызға сөз берейік.
5 Бүгінгі кеш өтіп жатыр мәніменен
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәніменнен-дей келе, келесі кезекте Сән үлгісі. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз күнделікті киім тігуге қолданылатын материалдардан өзгеше заттарды қолданып киім тігу қажет болатын соны тамашалайық.
Ендігі кезекте меркенің жүлдегерлерін анықтайық. Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.Сөз мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Біржан Заманбекұлына беріледі………………………
Күз ұсынып егісі мен жемісін
Әкеліпті халыққа бар молшылық
Сары жапырақ алтындай боп төгілсін
Елімізде әркез болсын көпшілік-дей келе, бүгінгі күз меркесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.
