Бастауыш сынып

Жіңішке айтылатын сөздер

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Әбимолда Көркем Әбдуалиқызы

Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы:
жіңішке айтылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға ана тіліміздің қасиетін ұғындыру. Дауысты дыбыстардың үндесу заңдылығы туралы мағұлмат беру. Ізденіске жетелей  отырып, өлең мазмұнын түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың тұтас сөзбен жүгірте оқуын жетілдіре отырып,жалпы оқу техниксын дамыту.
Тәрбиелік:
Баланың отбасы мүшелеріне,анасына деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру
Сабақ әдісі:
Ойын арқылы оқыту технологиясын пайдаланып, көрнекілік.
Сабақтың түрі:
стратеиялары арқылы түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Сәйкестендіру тесті,мақалдар,таблица блок тапсырмасы. «АС»   картасы

Сабақтың барысы:

  1. 1.     Психологиялық дайындық. Оқушыларды ойын ойнату арқылы көңілдендіріп алу.
  2. 2.     Үй тапсырмасын тексеру. «Малдың төлін сүю» өлеңін әр жолының бастапқы сөзін мұғалім айтады,оқушылар жалғастырып кетеді.

Мысалы: «Қой» сүйеді баласын қоңырым деп»

  1. 3.     Проблемалық тест. Үй тапсырмасы бойынша (Мұрат деген оқушы: — Сөздегі дауысты дыбыстаржуан болса,сөз жуан да,жіңішке де айтыла береді) дейді Мұраттың айтқаны дұрыспа?

а) Дұрыс. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан да,жіңішке де айтыла береді.

ә) Дұрыс емес сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.

Оқушылар дұрыс жауапты айтады.

  1. 4.     Жаңа сабақ. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар өзара қалай болса солай байланыса алмайды. Жуан дыбыстылар тек жуан дауыстылармен ғана үндесіп байланысса,жіңішке дауыстылар тек жіңішке дауыстылармен байланысып үндесіп байланысады. Осыған қарай,сөздегі дауысты дыбыстар бастан-аяқ не біркелкі жіңішке болып келеді,яғни сөздің алғашқы дауысты дыбысы жуан болса,ондағы келесі дауыстылардың бәрі де жуан болып келеді. Осыған байланысты сөзде жуан айтылады.

Мысалы: «Домбыра»сөзі

Сөздің басында дауысты дыбыс жіңішке болса,келесі дауыстардың бәрі де жіңішке болады. Сөз де жіңішке айтылады. Мысалы: «әке» сөзі.

  1. 5.     Оқулықпен жұмыс.

41-жаттығу. «Әлди-әлди» өлеңін үш қатарға екі жолдан бөліп береді. Сұрактарға жауап алу. Әр сөзінде неше дауысты дыбыс бар? Жуан ба,жіңішке ме? Дәптерге жіңішке дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

42-жаттығу. «Шаңырақ шуағы» суреті бойынша қысқаша қысқаша әңгіме құрастыру.

Оқушыларды сергіту мақсатында 41-жаттығудағы «Құттықтаймын,мама, туған күніңмен!» атты өлеңді әнімен айтқызу. Өлең жолдарын бір шумақтан үш қатарға бөліп беріп,жіңішке айтылатын сөздерді таптыру.

  1. 6.     Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға «Әже» өлеңін тізбектей оқыту. Оқушыларға өздеріне таныс емес сөздерді,түсініксіз сөздерді белгілеп,сұрау тапсырмалары.
  2. 7.     Сәйкестендіру тесті бойынша өлең құрастыру     

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.