Бастауыш сынып

Алтын күз

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Т
асшағыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Молдағалиева Бақтыгүл

 Тақырыбы : Алтын күз
Мақсаты: 1.Алтын күз сайысына қатысушылардың арасынан  күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. 2.Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру. 3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Жоспары:
1.Таныстыру
2.Күз сәні. (Күзгі сән үлгілерін көрсету)
3.Қас-қағым сәт.(Күз айларына қатысты сұрақтарға жауап беру)
4.Өз өнерін көрсету.
5.Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден,жеміс-жидектерден дайындалған салат ,оның жасалу жолы туралы айту)
6.Күз ханзадасы мен ханшайымының биі. (Күрең күз әнімен)

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!
Бүгін бастауыш әдіс бірлестігінде  2,3,4 сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер.
-Уа халайық,халайық
Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық-деп кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз,сұлу жанбыз
Жан сұлуы ментән сұлуын тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қаратамыз-деп сайысқа қатысушыларды ортаға номер суыруға шақырамыз.
-Ендеше Сайысқа қатысушыларды таныстырып өтелік.
№1.Сембай Аружан
№2.Сәндібек Әсел
№3.Ақатай Орынгүл
№4.Қайырбек Аружан
№5.Әзидолла Гүлназия
№6.Жаңабай Жанерке
№7Орынбасарова Шұғыла
№8.Омар Тілеген
-Сайысымыздың бірінші бөлімінде Алтын күз сайысына қатысушылардың өзін-өзі таныстыруы.
-2 бөлімінде
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен-деп сайыскерлерді «Күзгі сәні» үлгісінде ортаға шақырамыз
3 бөлімінде « Қас-қағым сәп»  «Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады.Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру
4 бөлімінде
Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік,ән би,күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
5 бөлімінде
Молшылық күз-береке күз
Береке күз-мерекеміз-дей келе күзгі жеміс-жидектерден,көкөністерден дайындалған салаттың жасалу жолдары жөнінде әңгімелеу.
6 бөлімінде күз ханшасы мен ханшайымының биі.Ортаға сайыскерлер
Қорытынды бөлім.     М а р а п а т т а у л а р
С о ң ы

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.