Семей қаласы, №37 гимназиясының бірінші санатты
Математика пәнінің мұғалімі
Сағатбекова Жанар Қалиханқызы
Сабақтың тақырыбы: Үлестер. Жай бөлшектер.
Сабақтың мақсаттары: 1. Жай бөлшек, үлес, алым, бөлім ұғымдары.
2. Екі бүтін санның бөліндісіне жай бөлшек түрінде жаза білу.
3. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, білім танымын кеңейту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: карточкалар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Балалар, сендер натурал сандарды білесіңдер. Натурал сандардан басқа ұзындықты, массаны, уақытты өлшеу үшін бөлшек сандар деп аталатын жаңа сандар енгізілген.
Интерактивті тақтадағы экранда дөңгелек тең төрт бөлікке бөлінген.
Мұндай тең бөліктер үлес деп аталады.
деп жаза аламыз.
Жай бөлшек: , мұндағы а – алымы, b – бөлімі.
0 саны кез келген жай бөлшектің алымы, ал нөл саны бөлімі бола алмайды.
Есеп: 2 алманы 3 балаға тең бөліп бөлсек, олардың әрқайсысы неше бөліктен алма алады?
Шешуі: әрқайсысы бөліктен алады.
Бірлік бөлшектер: Алымы 1 саны, бөлімі кез келген натурал сан болатын
өлшектер деп аталады.
Бір натурал санды екінші натурал санға бөлуді жай бөлшекпен жазуға болады. Мысалы, ; ;
Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға болады
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Мына жай бөлшектерді оқып, бөлімі мен алымын атаңдар:
2) Мына жай бөлшектерді жазып, бөлімі мен алымын атаңдар:
Оннан жеті; бестен бір; сегізден үш; тоғыздан төрт; жетіден үш.
3) Алымы – 3, бөлімі – 7; алымы – 5, бөлімі – 9; алымы – 4, бөлімі – 6; бөлімі – 12, алымы – 7; бөлімі – 10, алымы – 2 бөлшек түрінде жазыңдар.
4)
Есеп шығару:
№403. ; ; ; ; ; ; бөлшектерінің әрқайсысын оқып шығып, олардың әрқайсысының бөлімі мен алымын атаңдар, олар нені білдіретінін түсіндіріңдер.
№404. Мына суреттегі фигуралардың қандай бөлігі боялған?
№405. Дәптерге қабырғасы 4 см квадрат сызып, оның 1) жартысын ; 2) ширегін бояңдар.
№406. 1) Үштен екі; 2) жетіден бес; 3) бестен үш; 4) оннан бір; 5) екіден жеті; бөлшегін түрінде жазыңдар.
№407.
Бөлшек түріде жазыңдар: 7:12, 1:100, 23:5, 86:27, 105:91, 210:10; 2) бөлшектерінің әрқайсысын бөлінді түрінде жазыңдар.
№408. Өлшем бірліктері арасындағы байланысты пайдаланып, х-тің орнына үлестермен мәндерін қойыңдар:
1 м = 10 дм; 1 дм = х м
1 м = 100 см; 1 см = х м
1 кг = 1000 г 1 г = х кг
1 доллар = 100 цент 1 цент = х доллар
№409. Ұзындығы 7 см АВ кесіндісін сызып, оны өзара 7 бөлікке бөліңдер. Әрбір бөліктің тұсына ол АВ кесіндісінің қандай бөлігі болатынын жазыңдар.
№410. 1 кг тоннаның қандай бөлігін құрайды? 5 кг, 47 кг, 277 кг, 913 килограмды тонна есебімен жазыңдар.
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: №415, №417 есептер