Без рубрики

Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт дискілер. Дискіжетек. СD,DVD дискілер

БҚО, Теректі ауданы Приречный ЖОББМ
ІІ санатты информатика пәні мұғалімі
Айшуаков Мерлан Адилович

Сабақтың тақырыбы: Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт дискілер. Дискіжетек. СD,DVD дискілер.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Компьютерлер, иілгіш және компакт дискілер. Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD, DVD жұмыстарымен таныстыру.
Сабақтың типі: Көрсете-түсіндіру.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс    Оқушылар үйренуі тиіс
-иілгіш және компакт-дискілер не екенін;
-дискіжетек пен CD, DVD қалай құрылғанын;
-ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;
-иілгіш және копакт-дискілермен жұмыс істеу ережелерін.    -иілгіш және компакт-дискілерді қолдануды;
-ақпаратты бір тасуыштан басқасына ауыстыруды;
-иілгіш дискілерді пішімдеуді;
-иілгіш және компакт-дискілердегі ақпаратты қарауды.
Үй тапсырмасын тексеру:
Құрылғылар    Орналасуы
Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде    Жүйелік блоктың ішінде    Жүйелік блоктың артқы панелінде
Монитор порты            +
Қатқыл диск (Винчестер)        +
Компьютерді қосу/өшіру батырмалары    +
Микрофон және колонкаларға арналған кірістер    +        +
Бейнекарта (Видеокарта)        +
Процессор        +
Электрмен қоректендіргіш бауы            +
CD, DVD дисководтары    +
Модем және принтер, сканерлерге арналған порттар            +
Дыбыс тақтасы (Аудиокарта)        +
Жедел жады        +
USB порттары    +        +
Күннің жадын есте сақтау батарейкасы        +
ОЗУ, ПЗУ жады        +
Қайта жүктеу батырмасы    +
Жаңа сабақ:
Комьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналасады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден иілгіш және компакт диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар не екенін анықтауымыз қажет.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады. Соңғы уақытта IBMтипті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін (хард-диск) қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады. Сондай-ақ соңғы кездерде ақпаратты сақтауға қолайлы «Флеш-жады» — брелоктар қолданылады. Олар 128Мбайтттан – 64Гбайт аралығында ақпарат тасымалдай алады.
—    Магнитті-иілгіш(оптикалық) дискіні – винчестер, жесткий диск;
—    Флоппи дискіні – дискета;
—    Компакт-дискіні – СД, ДВД дискі;
—    Flesh-Card дискіні – флешка деп айтады.
Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Ал ішкі жад ондай қасиетке ие емес. Ол туралы келесі сабақтарда тоқталатын боламыз.

КОМПЬЮТЕР ЖАДЫ
ІШКІ ЖАД                                                           СЫРТҚЫ ЖАД
ОЗУ,ПЗУ                                         Магнитті                      лазерлік
таспалар                       дискілер
магнитті
дискілер

қатқыл диск     Иілгіш диск

Енді балалар, адамның және компьютердің сыртқы жады туралы айтып өтейік.
1.    Адам ақпаратты қайда сақтайды? (Миында),  иә аса қажетті ақпараттарды адам миында сақтайды, ал компьютер? (қатқыл дискіге).
2.    Адам аса қажет емес ақпараттарды қайда сақтайды? (қағазға жазыу арқылы), иә, дұрыс, ал компьютер? (флоппи, компакт, флешкада).

Компакт диск
Компакт дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты-600Кб/с жуық жылдамдықты қамтамасыз етеді. Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану – ол ең алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады.

Дискета(Жұмсақ диск)
Дискіжетек – бұл дискетадағы деректерді оқуға арналған құрылғы. Дискіжетек – бұл иілгіш магнитті дискілерден ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екіөлшемді болады – бесдюмді (ол 1995 жылдан бері шығарылмайды) және үшдюмді болады. Қатты пластикалық корпус пен металл ысырма дискеттің бетін сыртқы зақымданудан қорғайды. Дискетте арнайы айырып-қосқыш ысырма бар, ол дискетке жазуға рұқсат етеді немесе тыйым салады. Дискетті бірінші рет қолдану алдында арнайы әдіспен оны пішімдеп алу қажет.

Қатты диск(Винчестер)
Қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар немесе винчестер – бұл дискілер жиыны бар, жетекпен бірге жинақталған жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер жұмыс істейді. ЭЕМ қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі мүмкін емес. Винчесткр әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған.
Енді балалар осы және басқа да дискілердің көлеміне (память) тоқталып өтейік:
Дискілердің атауы    Көлемі     Қауіп-қатер    Қолданылуы
Қатқыл диск- Винчестер- Hard disk-    10Гб – 1000Гб    Соққылар, тоқ күшін көбейту,т.б.    Программалар мен ақпараттардың негізгі қоймасы
Жұмсақ диск- Дискет-
Floppy disk-    1,4 Мб    Жылыту, су құю, т.б.    Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау
Лазерлік диск- Компакт диск- CD,DVD диск-    650Мб – 9,4Гб    Ластану, сызылу,т.б.    Программалар мен ақпараттардың кітапханасы
Жад картасы- Флешка-
USB disk-    64Мб – 64Гб    Механикалық зақым, вирус, соққылар,т.б.    Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, программалар мен ақпараттардың кітапханасы
* * *

Бой сергіту жаттығулары:
Компьютер алдына неше минут отырғаннан кейін жаттығу жұмыстары жасалады? (20 минут) дұрыс. Олай болса орнымыздан тұрып көзімізге, қолымызға бірнеше жаттығулар жасайық.
—    Кезекпен: көзімізді жұмып алысқа, жақынға қарау;
—    Көзімізді қолымен жауып үстінен ұру;
—    Көзді жан-жаққа айналдыру(толық);
—    Қөзді қолмен 1-1,5минут жауып, терең дем алу.
—    Басымызды жан-жаққа қисайту, қозғалту.
—    Шалқайып керілу;
—    Жұдырығымызды ашып-жұму;
—    Саусақтарымызды қимылдату.

Енді ойымызды  сергітейік:
Қазір терезені басқару батырмаларына байланысты мынадай бір ертегі жұмбақ жасырамын. Үш отау ауылдың шетінде орналасқан, олар ауылдың шетінде болғанымен сол ауылды басқарады.  Бірінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл тастай болып жиналып қалады. Екінші отаудың есігін қақсаң ауыл жайылып сала береді. Сол есікті қайта қақсаң ауыл бұрынғы қалпына келеді. Ал үшінші отаудың есігін барып қақсаң ауыл түгелімен жоқ болып көшіп кетеді. Мен сіздерге не туралы айтып отырмын?(закрыть, свернуть, развернуть, воостоновить).

Жаңа сабақты бекіту:
Енді компьютермен, яғни, электронды оқулықпен жұмыстанайық.

1. Электронды оқулықты ашып мына тапсырмаларды орындайық.
2.Дискетаны грайверлеу, флешканы, дискетаны пішімдеу(форматтау), оған ақпараттар тасымалдау және өзге компьютерге ақпарат тасу. (Форматтауды басқаша адам өмірімен байланысты түсіндіруге болады)
3. «Алманы кім бұрын жинайды». Қай команда есепті тез әрі дұрыс шығарса сол жақ команда жеңіске жетеді.
4.Сөзжұмбақ шешу:
Тігінен:
1.Қатқыл диск.(винчестер)
3.Ақпаратты сақтайтын құрылғы.(жад)
4.Бір шеңберде орналасқан және байттарды сақтауға арналған диск бетінің бөлігі.(жолшық)
6.Компьютердің бөлек құрылғыларының арасында деректерді беруді бақылайтын микросхема.(контроллер)
9.Баспа құрылғысы(принтер)
11.Қол манипуляторы(трекбол)
13.Әр түрлі жолшықтардағы бірдей нөмірлері бар деректер жиыны(сектор)
14.Монитор экранындағы бір нүкте.(пиксель)
Көлденеңінен:
2.Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы(дисплей).
5.Иілгіш диск(дискета).
7.Сегіз битте тұратын топ.(байт)
8.Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын кеңарна немесе магистраль(шина).
10.Мәтіндік, сандық ақпараттарды енгізу құрылғысы(пернетақта).
12.Компьютердің «миы»(процессор)
15.Компьютердің жадына графикалық ақпарат енгізу құрылғысы(сканер)
16.Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы(дискжетек).

Қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Өткен тақырыпты оқу, Терабайттың көлемі қанша ізденіп келу.
Оқушыларды бағалау.
Сұрақтарың бар ма?
—    Сабақ аяқталды,
—    Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.