Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылық жолы

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
№266 мектеп- лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Есеналиева Жанасыл

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі  мен   шығармашылық   жолы
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығын терең түсіне білуге, қызыға оқуға жетелеу. ә) Тәрбиелік: Ақын өлеңін оқи отырып, Отанға, тілге, халыққа деген  сүйіспеншілігін арттыру. б) Дамытушылық: Ақын шығармаларының кез келгенін талдай білу  дағдысын одан әрі қалыптастыру.
Сабақтың түрі:  Жаңа  сабақ
Сабақтың әдісі:  Мәнерлеп оқу,сұрақ- жауап, аралас сабақ.
Сабақтың формасы: Бірлескен ұжымдық
Пәнаралық байланыс: Тарих,музыка
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтар, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. М. Жұмабаевтың өлеңдерінен жатқа айту.
Оқушыларды бағалау.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту. Слайд арқылы ақын портретін көрсету.
«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі  арқылы  І.Жансүгіровтың өмір жолын,
шығармашылығын  айтып өтемін.

1894ж                                                           1938ж

1905-1911жж     1916ж       1920ж     1925ж     1928ж     1934ж    1936ж
1)1834ж Талдықорған облысы, Ақсу аулында дүниеге келген.
2)1905-1911жылдары алғашқыда әкесінен хат танып,содан соң молдадан оқып,
Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алады.
3)1916ж «Әншіге» өлеңін жазады.
4)1920ж Алматыға келіп,үш айлық мұғалімдік  курсын  бітіреді.
5)1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6)1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» (қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде
қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7)1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін
басқарады.
8)1938 ж Зұлмат қолына ілігіп,ату жазасына кесіледі.

өлеңдері           прозасы             пьесалары              сатирасы           поэмасы
«Бұлбұлға»     «Жолдастар»             «Кек»                  «Ала бие »            «Күйші»
«Әншіге»         «Жол аузында»         «Түрксіб»         «Некешілдер»        «Күй»
«Арман»           «Жарыс» т.б

И.А.Крылов             М.Ю.Лермонтов             Н.А. Некрасов               А.С.Пушкин.
«Жапырақтар            «Тұтқын»                       «Шойын жол»                 «Дауылпаз »
мен тамырлар»          «Қанжар»

«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге»-деп,С.Торайғыров айтқандай Абай мен Ілиястың өлеңдерін салыстыру,талдату. «Біреудің кісісі өлсе, қаралы- ол»
«Жанды сөз», «Жыбырлақ», «Бойы бұлғаң» ( Күй ойналады.)
Слайд арқылы Ілиястың айтқан сөзі оқылады.
І.Жансүгіровтың  Ана мен Бала тақырыбына арналған көптеген өлеңдері бар соның ішінде «Бөбек бөлеу» өлеңі.
Оқушыларға өлеңнен бейнелі сөздерді тауып, дәптерлеріне жаздыру.
«Ана махаббаты» (соқыр баланың арманы) слайд арқылы берілген өлеңді оқушыларға оқыту.
Оқушылар шығармашылығынан ана туралы өлеңдер, эсселер, суреттер
әңгімелеу.( Күй ойналады)
«Құлагер», «Күй» мен «Күйші» туған шақта,
Кенелгенін білмепті – ау елің баққа!
Осылайша қаламын ұштап, өнерін шыңдаған Ілияс атақты Ақан сері әншіге арнап «Құлагер» поэмасын, қазақтың күй өнерін елге танытқан «Күй», «Күйші»поэмаларын , туған елінің кең жазира даласына, Отанына сүйіспеншілігін «Дала» поэмасында төгілте жырға қосты.
Құла  өлді, Ақан  жаны  жараланды, бірақ өнер өлмейді. «Құлагер» әні  дүниеге  келді. Ілияс  өнерге, өнерліге өлім жоқ деген түйін жасайды. Өйткені «Құлагер» әні жалпақ  сахараға  қанат қақты.
Батыраштар дүниеге  келе береді, кете береді, бірақ олардан із жоқ. Ал Ақан «Құлагер» әнімен мәңгі жасайды, өнер  өмершең, Ілияс нысанасы да – осы
Ақынның  «Күй» және «Күйші» поэмалары тақырып жағынан бір – біріне  жақын  тұрады. Бұл халықтың дариядай тасыған өнері, ғажайып таланты туралы, күй өнері туралы тақырып.
Ілияс  поэмаларының  ішіндегі әлеуметтік тынысы кең, терең мазмұнды аса көркемдерінің бірі – «Дала» поэмасы. Ақын бұл поэмасын  Қазақстанның  10  жылдық мерекесіне арнаған.
Міне  осындай өшпес асыл мұраларды жазып қалдырған ақын 1938 жылы аяусыз зұлмат қолына ілігіп ату жазасына кесіледі

Қорытынды:
М.Қаратаевтың: « Ілияс поэзиясы – терең ойдың үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік, асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия. Ыстық жүректен қорғасындай балқып, төгіліп, аулан сырлы бейнені қорытқан салмақты, салиқалы поэзия»
Үйге тапсырма :
Ілияс Жансүгіровтың өмірін  оқып мазмұндау. «Жазғытұрым», «Саналы жастарға», «Күй» өлеңдерін жаттап келу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше