Без рубрики

Кеңесары Қасымұла бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж)

Кемербаева Гүлнұр

Тақырыбы:     Кеңесары Қасымұла бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 жж)

Сабақтың мақсаты: 

1   Көтерілістің маңызы мен  ерекшелігіне тоқталу арқылы білім беру

2.  Сабақта кесте, карта,суреттер пайдалану арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.  Елін-жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі  Оқу картасы ,кесте,сурет.

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сабақтың жоспары:

  1.  Көтерілістің алғышарттары.
  2.  Ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштері
  3.  Патша өкіметінің көтерілісті тұншықтыруы..

ХІХ ғ 20 ж  Бөкей хан мен Уәли хан ның  иеліктерін  біріктіріп , Қарқаралы округін құру әдеуір саяси -әкімшілік  жаңалықтар еңгізді.  Мұның өзі патша өкіметіне  Орта және Ұлы жүз  арасындағы жерлерді тездетіп  отарлауға , оның  қазақ даласындағы  иеліктерін  нығайтак түсуіне  мүмкіндік туғызды.  Уәли хан өлгенсон  кейін ханның жесірі Шоқанның әжесі ақылды, көреген ,  өз заманына  лайықты сауаты бар  Айғаным патша Сібір елімен жиі хат алысып тұрды.

Көтерілістің негізгі мақсаты- Қазақстанның Абылай  хан кезіндегі аумақтық  тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің  құрамына  кірмеген  жерлерді сақтап қалу.

Көтерілістің басты себептері- патша  өкіметінің Қазақстандағы  отаршылдық  саясаты, Орта жүзде  хандық билікті жойып , ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асыра бастауы, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.

Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты-  қазақ жерін әскери отарлаудан,яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің  озбырлығынан құтқаруға  бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.

Көтерілістің қозғаушы күштері- қазақ шаруалары.  Соны мен қатар егіншілер,старшындар,слтандар,т.б  Жасақшыларға басшылақ еткендер арасында Ағынбай, Иман (Амангелдінің атасы) Басығара,Жанайдар,Жеке, Сұраншы, Байсейіт. Жоламан Тіленішұлы, Бұқарбай сияқты  әгілі халық батырлары.  Көтерілісшілер арасында орыстар,өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездеседі.

Үш жүздің батырлары да көмектесті.  Соғыс қимылдары  жазалаушы ортядтарымен  Ақмола бекінісінде басталды.  Көп кешікпей  көтерілісшілер Торғай бекінісіне жақындады.

 

Кенесарының хан сайлануы

1841 ж  қазақтардың үш жүзінің өкілдері  Кенесарыны  « ақ  киізге»  көтеріп , хан сайлады.  Кенесары хан болған мемлекет феодалдық мемлекет болды.

  • Кенесары мемлекеті  егіншілікпен айналысуға жағдай туғызды.
  •  Сауда-саттық  саясаты да өзгерді.  Хан керуендері тонауды тоқтатты.
  •  Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық төлетті.
  •   Халық кенесі құрылды.  Құрамына  сұлтан билер кірді. Олар ауылдарға кенес шешімдері мен үндеулерін таратты.

Халықты басқару ісін қолға алған соң  Кенесары  қазақ жерлерін  азат ету күресін бұрынғыдан да батыл әрі белсенді жүргізді.

Патша өкіметінің көтерілісті  тұншықтыруға жасаған әрекеттері.

Ресейдің  отарлау саясатына қарсы  қозғалыстар ресейді қатты аландатты.  Өкімет олар мен  мықтап күресуге бел байлады.  Бұл шешімге І Николай  қол қойды.

  • Алды мен старшын Лебедев 300  адамдық  отрядын дайындады, көп ұзамай әскер  әскер саны 1900 –ға  жетті.  Сұлтан А.Жантөрин мен  Айшуақов басқарған екінші топ жасақталды.  Кенесары 1844 ж Жантөрйннің  жасағын талқандады.  Осы женітен кейін 1844 ж Еккатеринаск стансасына шабуыл жасап  40  адамды  тұтқынға алды.
  •  Көтерілісті басуға Орынбор жақтан Дуниковскийдің отряды көмекке жіберілді.
  •  Үкімет Кенесарыны Орынбор  өлкесіне  ығыстыруға күш салды. Ол ұшінАрал-Сырдария алқабында  бірнеше бекіністер орнатты. Кенесары көтеріліс орталығын Ұлы жүз жеріне ауыстыруға  амалсыз  кірісті.

1847 ж 10000 әскері бар Кенесары Қырғыз жеріне басып кірді. Тоқымақ  маңында болған шайқаста  Кенесары 32  қазақ сұлтандары мен  қаза тапты.

18371847жж.К.Қасымұлыбасқарғанкөтеріліс.10жыл.

Қоқан билеушісінің Саржанды өлтірген жылы 1836жыл.

XIXғ. 20-30ж. Сыр бойына бекініс тұрғызған Хиуахандығы.

Кенесары көтерілісінің басты мақсаты отарлаудытоқтату.

Қасымұлы көтерілісі бүкілҚазақстандықамтыды.

Кенесары көзқарасына ықпал еткен адам әкесіҚасым.

Кенесарының алғашқы қарсылығы 1837ж(Ақтаубекінісіне).

Кенесары әскерінің Ақмола бекінісіне шабуылы 1838ж.мамыр.

Кенесары көтерілісіне қатысқан аймақтар Құсмұрын,Көкшетау,Қарқаралы.

Кенесары көтерілісіне қатысқан би ЖоламанТіленшіұлы.

1841ж. Кенесары қоршаған Қоқан бекіністері – Созақ,Жаңақорған,Ақмешіт.1841ж.

Кенесары Ташкентке аттанды, алайда жорықтың тоқтау себебі – сарбаздарарасындажұқпалыауырудыңтаралуы.

Кенесарының хандық билікті қолға алған жылы 1841ж.

Кенесары билер сотын жойып, оның орнына хандықсоттыкіргізді.

Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен ерекшелігі – билікханқолындаболды.

Опасыздық үшін беретін жаза өлім.

1843ж. Кенесары көтерілісін жаншуға жіберілген Лебедевотряды.

Лебедевтің жазаға тартылу себебі дәрменсіздіккөрсеткеніүшін.

Кенесары қолдаған шаруашылық егіншілік.

1844ж шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны 44(АхметЖантөреұлының отряды).

1845ж. Кенесарының аулына келген елшілік Долгов,Гернелшілігі.

Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі – жазалаушылардыңбассыздығының,Кенесарыталаптарыныңорындалмауы.

Кенесары Сарарқадан бет алды Ұлыжүзге.

Кенсарының өзіне ермеген белді тұлғалардың ауылын ойрандауы ЖетісудағыбелдірулардыңРесейденкөмексұрауынасебепшіболды.

Кенесарыны оның Қоқан бектеріне қарсы күресін қолдаған батырлар Тайшыбек,Саурық,Сұрыншы.

Қырғыз манаптары Кнесарының Қоқан хандығына қарсы ұсынысын жауапсызқалдырды.

Кенесары көтерілісі кезіндегі патша IНиколай.

Кенесары 1847ж. қырғыз жеріне басып кіріп, Бішкекке жақын   Майтөбе деген жерде жеңіліс  тапты.

Жаңа сабақты бекіту.

 Үй тапсырмасы:  Кенесар Қасымұлы туралы реферат жазу

 Бағалау:

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.