ЖАНҰЯ-РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІКТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, М. Горький атындағы №16 орта мектеп,
бастауыш сынып мұғалімі Қалеке Нұрсауле

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындығы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз»-деген болатын.
Жанұя ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан жанұя тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпжеткен тарихи мұра. Әрбір жанұяда балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Қай заманда,қайсы елде болса да жанұяның адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Жанұя тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасында шаңырақ шатығы-негізінен, қоғамдық сананыңғ адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқтытолып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда,дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы. Осындай отбасында өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.
Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсі нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктерқашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де толық шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес беретіндер негізінен, ата-аналар. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы.Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен ұштастыра білсек, оның берері мол.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан,, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады». Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ қадамы отбасында басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да, жаман әдетті болса да ең алдымен жанұяда алады.
Ата-аналар балаларын мәдиенетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.
А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде «Сіздің мінез-құлқыңыз  -жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесеңіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше»-деген болатын.
Ата-аналар шын беделге ие болған жанұяларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасына жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне мән бермейміз. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас балалардың ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетінін ұмытамыз.
Әрбір ата-ана баласының тәрбиесі үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны абзал.
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы-ертеңгі қуаныш»-деген  А.С. Макаренко. Олай болса әрбір ата-ана балаларын ертеңгі қуанышты сезіне білуге тәрбиелеу қажет.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударған. «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін»,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Әбиев Ж.  Педагогика тарихы-А., 2006.
2.Макаренко А.С.  Ата-аналар кітабы.-А., 1987
3.Сухомлинский В.А. Нравственный идеал молодого поколения.-М. 1961

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше