Бастауыш сынып оқушыларының ізденімпаздығын, ойлау қабілетін дамыту

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы М. Горький атындағы
№16 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асаубаева Жаңагүл Болатқызы

XXI ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан да, жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтарымен сусындап отыруы тиіс. Елбасы өзінің Қазақстан халықтарына жолдауында «Мен білім беру жүйесіндегі істің жағдайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық міндет санаймын. Мұғалім мәртебесін арттыру ең алдымен ауылды жерде арттыру – ең бір өзекті мәселе»- деген болатын.
Оқытудың мәңгілік бір сауалы: «Нені оқыту, қалай оқыту?» күрделеніп барады. Біріншіден, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Қазіргі кезде оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жасампаз еңбек, адам баласы қызметінің ең күрделі түріне жатады. Шәкірт санасын білім нәрімен сусындатып, оларды шығармашылық ізденіске баулу, дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы қабілетті де оқушыларымыз болмақ.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта  жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Бастауыш класс оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу-әрекеті арқылы дамиды, білім, білік дағдыны қабылдайды.
Екіншіден – кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінің , шығармашылық әрекеттің айырмашылығы, ол баланың өзін – өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсатты шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекеттер баланың іздену жұмысы бастан нысанада болады. Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Менің өз сабағымдағы негізгі міндетім, бастауыш класта оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық, ойлау қабілетін дамыта оқыту. Бұл мәселені алудағы басты мақсатым – оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы, баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс – әрекетін ұйымдастырудың  сыннан өткен мынадай түрлерін алуға болады.

Оқушылардың ой шапшаңдығын, сөз  байлықтарын байытып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін «Ана тілінен» Е. Өтетілеуовтың «Бірлік» тақырыбын өткенде оқушы іс – әрекетін қалай ұйымдастырғаныма тоқталайын.
1.    Ребус шешу арқылы «Бірлік» сөзін шығарып алу.
2.    Автор туралы мағлұмат беру.
3.    «Бірлік» сөзін кім қалай түсінеді.

Сюжет сурет ілінеді: төрт топқа бөлініп, тапсырма беріледі.

Т А П С Ы Р М А Л А Р

І топ                                                                              ІІ топ

ІІІ  топ                                                                           ІV топ

Осылайша оқушыларды бірден ойлауға, іздене білуге, өз бетімен шешім қабылдауға жетелеймін.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы – дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнертапқыш, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя беретін жеке тұлға. Оқу үрдісін мұғалім оқушыларының  бейімділігіне, өзінің шеберлігіне қарай жаңа технологияны үйлестіре білуі керек.
Қорыта келгенде, ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген  елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты  тәрбиелеуді ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», – дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. өйткені, ізденімпаз, шығармашыл, еңбекқор ұстаз ғана ел ертеңіне орасан үлес қосар жеке тұлға қалыптастыра алады. Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың олардың өмірден өз орын алуға көмек теседі. Баланы бастауыш кластардын бастап шығармашылық ойларға, практикалық әрекеттерге дайын болуға қызығушылыққа  тәрбиелеу әрбір ұстаздың сабақ берудегі басты мақсаты деп білемін.
«Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім» деп А. Байтұрсынов айтқандай, әрбір сабақта, күнделікті тәрбие жұмысымызда жаңа технология әдісін қолдана білсек, егеменді еліміздің  болашақ жастарын тәрбиелеуде мол жетістіктерге жететініміз даусыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше