Біз құстарға көмектесеміз!

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
шағын орталық тәрбиеші:
Шангутова Қырмызы Жадырасынқызы

  1. 1.    Білім беру саласы:  Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  экология негіздері

Тақырыбы:  Біз құстарға көмектесеміз

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу

Амандасу :

«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен  өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып,  тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.

Қыс туралы әңгімелеу.

–         Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

–         Қыс екенін қайдан білдіңдер?

Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.

Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.

–         Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.

Әңгімені талдау.

–         Балалар , әңгіме не туралы?

–         «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?

Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.

Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (қарға)

 

Өзі сақ, өзі ұзын,

Шықылықтап тұрмайды.

 

Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс (сауысқан)

 

Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз (Торғай, үкі, тоқылдақ туралы)

Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.

 

Сергіту сәті.

Қамқоршымыз құстарға

Табиғатты сүйеміз,

Аялаймыз оларды

Жақсы көріп бәріміз

–         Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.

–         Ал енді балалар мына тыйым сөздерді бірге жаттайық

  1. 1.      Құстардың ұясын бұзба!
  2. 2.     Құстарға тас лақтырма!
  3. 3.     Құстардың балапандарына тиіспе!
  4. 4.     Құстардың жұмыртқасын жарма!
  • Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер.

Білді:    қыстап қалатын құстарды

Игерді: құстар туралы тақпақтарды, жұмбақтарды, тиым сөздерді

Меңгерді: құстарды қорғап, қамқорлық жасауды

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше