География

Шөл зонасы

Қызылорда қаласы № 112 орта мектебінің география
пәнінің мұғалімі Рысмаханова Жанар

Сабақтан күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар шөл зонасы туралы жалпылама түсінік бере алады.
  2. Қазақстанның физикалық картасынан шөлдің аумағын, түрлерін көрсете алады.
  3. Шөлдердың түрлерінің қалай пайда  болғаны туралы мысалдар келтіріп, дәлелдейді.
  4. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің шөлге беімделудегі заңдылықтарын ашады, дәрілік өсімдіктержайлы біледі.
  5. Климатының ерекшелігіне әсер етуші  факторларды  айқындайды.
  6. Құмды шөлдер табиғатына талдау жасай алады.
  7. Шөл зонасындағы көкейкесті мәселелерді көре  біледі, шешу жолдарын іздейді.
  8. Шөлді аймақты игеру және қорғау туралы тұжрымдама жасай алады.

 

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

1. Ой қозғау негізінде  «шөл» сөзіне топтастыру жүргізіледі.

 

 

                                                          

 

2. «Шөл зонасы» деген сөзден  тақырыпты шығарып,  сабақтың барысы мен  мақсатын хабарлау.

3. Оқушылар  Қазақстанның физикаляқ картасына  шөл зонасының аумағын, ірі шөлдерді  көрсетеді.

4. Интерактивті  тақтадан шөлдің түрлері? Жануарлары мен өсімдіктерінің слайдтары көрсетіледі.

 

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Электронды оқулықтан тақырып мазмұны тақтаға көрсетіліп, оқушылар төмендегі  мәліметтерді  дәптерге  жазып алады.
  2. Шөл зонасының  ауданы 117 млн га. Республика аумағының 48%-ы.

Климаты континетті, құрғақ. Қысқы орташа температурасы -5°С. -15º (-40°С).  Жазғы температурасы  +24°С, +30°С  (+70°С). Жауын- шашын  100-200 мм. Қар қалындығы 10-15 см.

  1. Жаңа тақырыпты  өз бетімен игеру мақсатында кітаптағы мәтінді  оқып шығуға  уақыт беріледі.
  2. Оқушылардың  жаңа білімді  игеру  деңгейін тексеру барысында  төмендегі  сұрақтар оқылып , жауап беріледі, талданады.

 

Сұрақтардың мазмұны.

  1. Шөл зонасының географиялық орнының ерекшелігі қандай, түрлерін ата.
  2. Климатының континентті және құрғақ  болуына қандай факторлар әсер етеді?
  3. Топырақтың қандай түрлері  бар, қара шіріндісінің  мөлшері.
  4. Ақтөбе облысындағы құмды шөлдерді атап, картадан  көрсет.
  5. Құмды шөлдер калай пайда болған?
  6. Құмды шөлдердің табиғатының ерекшелігі.
  7. Сазды шөлдердің өсімдігінің түрлері.
  8. Эфемерлер мен эфемероидтар деген не?
  9. Шөлде өсетін дәрілік  өсімдіктер туралы не  білесіз?
  10. Шөл зонасының өсімдіктері  мен жануарлары климаттың қатаңдығына  қалай беімделген ?
  11. Шөл табиғатын қорғау мақсатындағы іс-шаралар туралы не  білеміз?

 

ІІІ. Мағынаны дамыту.

 

Мазмұнды  толықтыру, ғылыми  қағидаларды  дамыту үшін  шөлдегі  көкейкесті  мәселелерді айқындау және  оның шешу жолдарын қарастыру жөнінде  оқушылардың  ой-пікірлері, ұсынсытары  тыңдалады.

 

ІҮ. Ой толғаныс.

Алған білімінің  ұзақтығы, біртұтастығы және  өміршендігін  көздейтін  «Шөлді мекенді  игеру және қорғау» тақырыбында  оқушылар  шағын  тұжырымдама  жазып, оқиды.

 

ҮІ. Бағалау.

 

ҮІІ. Уйге тапсырма. «Шөл зонасы» тақырыбын оқу, «Шөлдегі тіршілік» тақырыбына эссе жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.