Без рубрики

Оқыту процесінде интертактивті тақтаны қолданудың тиімді жолдары

М.Б.ЖҰБАНОВА
№ 266  Мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі,
Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Жоспар  I.Кіріспе.  Ақпараттық технологияны  оқыту процесіне енгізу
II.Негізгі бөлім. 1. Интерактивті тақтаның тиімділігі 2. Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері  (Ұлыбританиялық педагогтардын ұсынуымен) 3. Интерактивті тақтаны пайдалану, шығармашыл, ізденгіш жаңашыл мұғалім мен оқушыны қалыптастырушы ретінде
III.Қорытынды

ХХІ ғасыр — жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстанда сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивтік тақтамен жабдықталуда.     Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар,білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.

Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал — интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз

сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда.Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.

  1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді  сабақтарда қолдану

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.

   2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы

Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны  пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды  орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.

 3. .Уақыт ұтымдығы

Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмеиді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.

Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)

— Экранда көрсетілетін сурет туралы  ақпаратты жоғары жаққа жазу;

— Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;

— Топпен тығыз жұмыс жасау;

— Конференциялар өткізу үшін баска мектептермен байланыс орнату;

— Интерактивті тақтаны компютердің көмегінсіз басқару;

— Қолданылған материалды  кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

— Видеороликтер  көрсету , электронды оқулықтар пайдалану;

— Сабақ кезінде сақталған  файлды оқушыларға беру.

Интерактивті тақта :

1. Оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидиактикалық материалдар)көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентациаларды  пайдалану балалардың оқуға деген ынталығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.

2. Компьютерлік  сауатты болуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі  дайындап қояды.

3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу  жұмыстарын жасауды үйренеді.

3. СD, DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан-жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабылетті оқушы тәрбиелейді.

Мұғалімдердің қолдағы бар құралдарды  мүмкіншілігін барынша пайдалануға тырысуы қажет. Бүгінде  білім беру ұйымдарында мұғалімдер компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтынын ұғынатын кез келді. Жаңа ақпараттық құралдар оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет. Қазірге қоғамдық өзгерістердің қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Бұл мамандар үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік – эконоикалық процестерді талдай білуге, нарықтық бәсеке жағдайына сай шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуі тиіс. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеруді мектеп ұстаздары, басшылары жүйелі түрде жүргізулері керек. Компьютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім берудің ақпараттандырылуын дамыту қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Интернет «Interactive Whiteboads in Education»

2.Информатика негіздері журналы

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.