Тәуелсіздік тұғыры биікте

Атырау облысы, Атырау қаласы №19 Қ.Сәтпаев атындағы
орта мектеп орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жакупова Маржан

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін, тарихын білу.

Көрнекіліктер: Плакатқа жазылған Отан, ел рәміздері туралы өлең, оқушылар шығармашылығы, бүктемелер.

Тәрбие сағатының барысы

1-жүргізуші: Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған

Жете алмай құрбан болды қанша адам

Махамбеттер, Жанша, Халел, Қайраттар

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған

Мұзға жанған Желтоқсанның алауы

Жарқылдаған ұл-қызының  жанары

Мәншүк, Әлия қорғап берген азат күн

Ләззаттарды жалғастырды, қарағым!

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! 16-желтоқсан, Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Уважаемые учителя, учащиеся и гости! Мероприятие, посвященное Дню Независимости считается открытым!

2-жүргізуші:   Свободен, величав и первоздан

Звезде подобен средь земель и стран,

Кюй счастья ты наигрываешь звонко

Родной мой, лучезарный Казахстан!

1-жүргізуші: Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап, қадірлеген. Олар – ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей аламайды.

2-жүргізуші: У каждого человека есть Родина. В широком, смысле слова – это страна, в которой ты родился, а более узком какое-то место на земле.

1-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, сол кезеңді желбегейдене желпіп тастап, түнерген түнді жара, шығыстан жарқырап атқан таңдай болып, Тәуелсіздіктің дәмін тата, аяғын нық баса адымдауда.

2-жүргізуші: Да, ты прав, наше молодое государство, по сравнению с другими за эти короткие 20 лет добилось огромных успехов.

Моя родина – Казахстан

Родная земля – наше суть и основ,

И слово родное, пришедшее к нам от отцов,

Родная история – как бы оно не была

Горька и печальна, мучительна и тяжела

1-жүргізуші: Ата-бабамыздың  өткеніне біраз шолу жасап қарасақ, «не деген дархан ел, не деген төзімді де, қайратты ел, не деген батыр да, батыл менің елім» деп көңілің көтеріледі.

Жалғанның жартысындай қазақ елі

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болғандай бірі батыр, бірі сері.

Көрініс: (Сахнаға атасы мен немересі шығады)

Немересі: – Ата, біздер  Тәуелсіздіктің 20-жылдығын тойлап жатырмыз! Тәуелсіз болу неге керек?

Атасы: Ә, балам! Қазақ халқының басынан небір қилы кезеңдер өтті ғой! Талай хандарымыз ел бірлігін, бостандығын, елін, жерін сақтап, қайтсек те халық боламыз деумен өтті-ау өмірден! Қасым хан, Тәуке хан, Есім, Жәңгір, Әбілхайыр, Абылай хан, Кенесары сияқты хандарымыз елін, жұртын аман алып қалам деп жаулармен айқасты. Жәнібек ханның шешендік сөздері де тәуелсіздікті, бірлікті дәріптейді. Сұрағыңа жауап ретінде Жәнібек ханның шешендік сөздерінің бірін айтып берейін. Олай болса тыңда, балам! (Атасы мен немересі төрде отырады. Сахнаға Жәнібек хан мен баласы шығады.)

Жәнібек хан: Балам, ана тұрған жебені алып берші. (Баласы алып береді.) Енді, балам, сындыр. (1 жебені береді, оны баласы сындырады, содан соң екеуін береді, баласы оны да сындырады, 5 жебені береді, баласы сындыра алмайды. ) Не ұқтың, балам?

Баласы: – Әке, бір жебе жалғыз оны сындыру оңай болды, екі жебені сындыру қиындау болды, ал бесеуін мен сындыра алмадым. Ол «бірігіп өмір сүріңдер» дегеніңіз шығар?

Жәнібек хан: Иә, балам, дұрыс айтасың. Бірлік түбі – береке, береке түбі – мереке. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ел болуды ойлаңдар.

Немересі: Иә, ата, біз оны тарих сабығынан оқыған едік, әсіресе, Төле би атамыз елінен көшпей отырып алған ғой.

Атасы: Иә, балам, ол солай болған. Сол кезең қазақ халқының көкірегіне шер болып қатқан еді-ау! Туған жерінен, елінен, жұртынан айырылған. Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды» деген атпен қалды емес пе?

Немересі: Ата, өте бір қиын кезеңді бастап кешірген екен ғой біздің аталарымыз.

 Көркем  сөз: «Елім-ай»

Атасы: Айта берсең үлкен тарих ғой, бұл! Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты біртуар қазақ азаматтары елінің, халқының мәдениетін, білімін көтеруін армандады.

Атасы:        Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың

Жақсы менен жаманды айырмадың

Бірі қан, бірі май боп екі ұртың

Ән. «Желсіз түнде жарық ай»

Атасы: Е, балам! Өз бостандығын аңсаған ерге құрсаудай болып, «большевик» деген дәу келді. Өзімен бірге алпауыт зобалаң ашаршылықты ала келді.

Немересі: Иә, ата, білемін! Тарихта, әдебиет сабағында оқытқан, сонан соң сол «дәу» Мағжан, Ахмет, Сәкен, Ілияс, Міржақып, Шәкәрім, сынды аталарымызды алып кетті ғой. Шіркін, солар тірі болса ғой!

Атасы: Дұрыс айтасың. Бостандық, теңдік, тәуелсіздік те өз бетімен келген жоқ. Одан соңғы соғыс – Ұлы Отан соғысы қайғылы кезеңдердің бірі.

2-жүргізуші: Байтақ Отан сия ма тар қыстаққа

Мұқатпай, жігер тасып сол бір шақта,

Сұрапылдай соқты да жау қамалын

Жеңіс туын қадады Рейхстагқа!

Хор: «Бейбітшілік жыры»

Атасы: Дүниені дүр сілдкіндірген 1986 жылғы желтоқсан кезеңі болды ғой. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін қыршын жастар күресті емес пе?

Немересі: Иә, ата, сол бір жан түршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалары сөзсіз.

Атасы: Балам, теледидарды қосшы, не болып жатыр екен, қарайық.

(хабар жүреді)

1-жүргізуші: Он жетісі еді ол!

Бар аспанды сұр бұлт қаптап алған

17-сі еді ол желтоқсанның,

Жаймай жатып қанатың тапталды арман,

Буып кетті жүректі шер тоқсан мың

Ән. «Көк тудың желбірегені».

1-жүргізуші: Қазақстан – туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желге желпем.

Би. «Саржайлау» .

Хор: «Атамекен»

2-жүргізуші: Наша земля – независимость

Наша цель – мир и благоденство

В этом мире у нас есть лишь одна Родина

Это – Казахстан.

1-жүргізуші: Так словами нашего президента Н. Назарбаева мы закрываем    наше мероприятие.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше