Абылай хандығы

ШҚО.Семей қаласы,Новобаженовоауылы, А.Ибраев атындағы
орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Кожахметова Алмагул Нугымановна

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы
Сабақтың  мақсаты:
Абылай хандығы туралы толық мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларды Абылайдың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, диплома, қолбасшы болғандығын көрсету 2. Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып,оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу . 3. Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, тарихи қайраткерлер бейнеленген суреттер,электронды оқулық

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі:  картамен,жұмыс дәптерімен, слайдпен  жұмыс

Негізгі түсініктер: саяси және мемлекет қайраткер, Қазақ хандығының       Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым- қатынасы.

Сабақтың барысы:      I. Ұйымдастыру  кезеңі .

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтары:  1.Кіші жүздегі қарама-  қайшылықтардың шиеленісуіне не себеп болды ?

2.Қазақ- башқұрттар арасындағы қарым- қатынас қалай қалыптасты ?

3.Жаңаесіл бекінісінің салыну үрдісі қалай жүрді ?

Хронологиялық  диктант

III.   Жаңа сабақ      «Ой қозғау »

« Шаңды жорық » оқиғасы қай жылы болды ?

Қалмақтармен  болған қанды шайқастарға қазақ хандары,сұлтандарынан кімдер қатысты ?

Кіріспе сөз :  Қалмақтармен соғыста қазақтар керемет табандылық көрсетті .Сонымен қатар бұл соғыс  халықтар арасындағы жауласу  ешкімге де жақсылық  әкелмейтінін айқын көрсетті.Еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте ел намысы үшін күрескен  алып тұлғалар, ер жүрек  батырлар , билер,хандар – Отанына , туған еліне деген сүйіспеншіліктің , адалдықтың үлгісін көрсетті.

Абылай хан – қаһарман  батыр,батыл қолбасшы,дарынды  дипломат. Абылай  абыройға  өз жеке басының  ерлігімен жетті.Абылай хан  екі ел Жоңғария мен Ресей  арасында айлалы әрекет жасап, қазақ елін нығайтуға  тырысты.

Шоқан – ұлы атасына мынандай баға берді : « Дүрбелеңге толы  дүбірлі  кезең  Абылайдың

Тапқырлығы мен табандылығын, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жаңдай жасайды… Өйткені ол жорықтардың бәріне алғаш  қатардағы жауынгер боп қатысып, соның өзінде қисапсыз ерлік көрсетіп, айырықша амал- айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл кеңесі, сұңғыла зердесі арқасында ол бірден-ақ көреген, кемеңгер деген атқа ие болды. Шынында  да қазақтар мұны ұлы істер  атқару үшін Алланың өзі жіберген елшісі, аруақ иесі деп ұққан. Абылайға аян  беріп отыратын әдеттен тыс  аруаққа деген сенім  қазақ халқына  бұрын- соңды болмаған  өжеттік дарытты…. Даңқының дәуірлеп  көтерілуіне жеке басының кісілігімен, ақыл- парасатының кеңдігімен  жеткен ол  арыны ауыздықсыз, қызу қанды қызба халықтың қадір- құрметіне ие бола білді  ».

«Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет дәрежесіне көтерді»  деп жазды академик  М.Козыбаев.

Электронды оқулықпен жұмыс .

«Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы »  деген тақырыпты ашамыз.

Тарихи тұлғалар бөлімінен Абылай ханның өмірдерегін оқыңдар.

Хронология бөлімінен басты оқиғаларды  талдаңдар.

Анимация  №  4   «Қазақ жерлерін біріктіру үшін Абылай ханның күресі »

Электронды оқулықты пайдаланып тапсырманы орындаңдар :

 

1 деңгей     А)   Ханның ішкі саясаты туралы әңгіме құрастыр

Б)   Абылай  қай жылы хан болып сайланды ?

В)   Патша үкіметі қай жылы хан деп таныды?

2 деңгей        а)  Абылайдың қазақ жерлерін  біріктіру жолындағы күресі

В) Кескін картаға  Абылай ханның жорық жасаған елдері мен аймақтарын көрсетіңдер.

3 деңгей       а) Абылайдың  қырғыздарға бірнеше рет жорық жасауға мәжбүр болуының қандай себептері бар ?

Б) Абылайдың қазақ тарихында алатын орны.

Сергіту сәті.

1 – тапсырманы орындаңдар .

Дұрыс жауаптың  белгісі  «иә» , ал қате жауаптың  белгісі  «жоқ »

  1. 1.    Абылай хан 1721 жылы туылды .

2      1771 жылы патша үкіметі Абылай ханды орта жүздің ханы етіп сайлады .

3       1756 жылы  Абылай Қытайдың билігін мойындады .

4       Абылайға Сыпыра жырау  үлкен ықпал етті.

5.      Абылай хан Түркістандағы Ахмет  Иассауи кесенесінде жерленді.

6.      Абылай қайтыс болғаннан кейін  Орта жүз ханы болып Нұралы сайланды.

 

2- тапсырма . Төменде  берілген жыр жолдары кімдікі ?  Сол арқылы Абылай ханның қандай қасиеттерін  таныдыңдар ?

Хан Абылай атандың

Дүниеден шықпай мініңіз,

Алтын тақтың үстінде

Үш  жүздің басын құрадың.

Жетім менен жесірге

Еш жамандық қылмадың.

Әділдікпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз.

Арманың бар ма, хан ием,

Мәртебелі төбеге

Жауыңды алып жайладың,

Жеті күн кіріп ұрысқа

Өлімге басың байладың….

3- тапсырма.  Төмендегі Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты берілген даталармен жұмыс істеңдер.

1723 ж.  ___________________________________________

1731 ж   ___________________________________________

1738 ж   ___________________________________________

1740 ж   ___________________________________________

1752 ж   ___________________________________________

1752 ж   ___________________________________________

1771 ж   ___________________________________________

1774 ж   ___________________________________________

1781 ж   ___________________________________________

Оқушылардың шығармашылығы .

«Абылай хан »   (слайдпен жұмыс )

1- оқушы : « Абылай қазақ елін бүкіл Еуразияда қуатты мемлекет  дәрежесіне көтерді » – деп жазды академик  М.Қозыбаев.

Абылай хан туралы академик Е.Букетов : « Наполеонның  министрлері мен  маршалдары сияқты

Шоқанның бабасы өзін ұлы адамдармен қоршай білді » – деп жазған.

Н.Назарбаев «Тарих толқынында » атты кітабында : « Халықтың ерік- жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында  бейнеленді. Батырлармен тізе қосып,қаһармандықтың  тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның  ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды . Міне осылайша екі ғасыр өткен соң  Абылайдың  қазақ тарихындағы тиісті орны белгіленді .» – деп жазды.

2 – оқушы :    Абылай қазақ халқының басын қосып, жерін жаудан азат еткен, біртұтас мемлекеттігін орнатқан, ұлттық санасын қалыптастырған саяси және әскери ірі қайраткер, ұлы тұлға. Абылай бабамыздың  кім екенін М. Әуезовтың сөзімен айтсақ:  «Қазақстан дербес ел болуына  әрі – беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып,  бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас » – деп бағалаған.

«Бұл арада,  –  М.Мағауин жазғандай, –  Абылайдың ерлік кейпіне, ақыл – парасатына бас ұрып, бар билікті қолынан берген, бақастық, күндестікті білмеген, алдағы уақытта өзгеше туған інінің ақылшы ағасы, кеңесші хан дәрежесімен шектелген Әбілмәмбетке бас имекке болмайды. Билікке құмар замандағы мұндай мәрт мінез – ел мүддесін қасиет тұтқан өзгеше сананың көрінісі»- деген пікірі өте орынды.

3 – оқушы:   Абылай хан туралы  жазылған еңбектер аз емес. Ресей мен  Кеңес өкіметі тұсында Абылайды қазақ қауымына құбыжық етіп көрсетуді мақсат етті.  Бүгінгі таңда қазақ халқы егемендік ел болған соң Абылай туралы жаңа ғылыми ізденістер жүргізіле бастады.  1993 жылы  Ақмола қаласында қазақ ғалымдарының қатысуымен  Абылай  хан жөнінде республикалық ғылыми конференция өтті. Ондағы жасалған  баяндамалар Алматыда кітап болып шықты. Абылайдың мемлекеттік қайраткер ретіндегі қызметі тарих ғылымының доктары, профессор Жанұзақ Қасымбайұлының  еңбектерінде қарастырылады. 1999 жылы тарихи антропологиялық зерттеулер нәтижесінде  «Абылай хан » кітабы жарық көрді.  Соңғы кезде кітапханаларда , архивтерде жарияланбай жатқан Абылай хан туралы жыр – дастандар,аңыз – әңгімелер жарық көріп,ғалымдардың зерттеулеріне жол ашылды.

  1. Бекіту . Тестпен жұмыс ( компьютерде орындап, өзін- өзі бағалайды )

 

1. Абылай ханның шын есімі

а) Әбілпайыз             ә) Әбілмәмбет

б) Әбілмансұр           в) Уәли

2. Абылай ханның  ішкі және сыртқы саясатына  мейлінше  әсер еткен дарынды ақын – жырау

а)  Тәттімбет              ә)  Бұхар

б) Ақтамберді            в) Үмбетей

3. Орта жүздің ханы  Әбілмәмбет қай жылы  қайтыс болды ?

а)  1745 ж.                   ә)  1756 ж.

б)  1771 ж.                   в)  1781 ж.

4. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет  қайтыс болғаннан кейін хан тағына мұрагерлік  жолмен отыруға

тиіс еді .

а) Әбілпайыз              ә) Уәли

б) Әбілмансұр            в) Абылай

 

5.   Абылай қай жылы хандыққа сайланды ?

а) 1733 ж.                       ә) 1724 ж.

б) 1730 ж.                       в) 1771 ж.

6     Абылай сұлтанмен  орта жүздің  ханы Әбілмәмбет екеуі  қай жылы Ресей билігін мойындады ?

а) 1731 ж.                        ә) 1740 ж.

б) 1734 ж.                        в) 1742 ж.

7    Абылай хан қай қалада жерленген ?

а)  Таразда                        ә) Сайрамда

б) Түркістанда                  в) Ташкентте

8.   Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп қай жылы бекітті ?

а)   1755-1756 жж.            ә)  1756 -1760 жж.

б)   1777- 1778 жж            в)  1778- 1779 жж.

9.   1761 жылы Абылай орыстың осы патшасынан  ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық  жіберуді сұрап

хат жазды :

а)  Екатерина                    ә) Павел

б) Елизавета Петровна    в) Анна Ионновна

10.  Абылай хан жер өңдеу  шаруашылығын  дамытқан өңір :

а)  Сыр бойы                    ә) Ертіс бойы

б)  Жайық бойы               в) Есіл бойы

Қорытындылау .

Қазақ мемлекетінің бүгінгі тәуелсіз  саяси болмысын анық  түсіну үшін, кешегі өткен тарихты ұғыну керек. Абылай  ханның кейбір идеялары осы күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.

«Ата – бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жерді аттың жалында, түйенің қомында, найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп қорғаған »,- дей отырып  Н.А.Назарбаев   «Ата – бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық.  Соны ертеңге жеткізу, келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау.  Бұл мақсат жүзеге аспайынша  азаттық баянсыз» – деп жазған.

«Мен халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын. Бейбіт тәсілдерге сүйеніп, шиеленіс пен кикілжіңнің ережелерінемойын ұсынғым  келмейтіндігі де сондықтан,» – деген сөздері Абылай ханның аманатын Президент іс жүзінде жүзеге асырып отырған тәжірибелі саясаткер.

Бағалау. Үйге тапсырма . 9 тақырыпты оқу. Жұмыс дәптерін толтыру.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше