Еңбек шарты

ШҚО.Семей қаласы,Новобаженовоауылы, А.Ибраев атындағы
орта мектептің тарих пәні мұғалімі
Кожахметова Алмагул Нугымановна

 Сабақтың тақырыбы:  Еңбек шарты.
Сабақтың мақсаты:
1.  Еңбек шарты, еңбек шартының мерзімі туралы түсінік беру, еңбекке деген жауапкершілікке, нарық заманында еңбек қатынасының сауаттылығына тәрбиелеу ; 2. Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтауын, өзіндік пікірін білдіруге дағдысын дамыту; 3. Заңды құрметтеуге, өзінің және өзгенің құқығын жоғары бағалауға  үйрету.

Сабақтың әдісі: рөлдік ойындар арқылы ізденіс жұмысын жүргізу, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Еңбек кодексі .

Тірек ұғымдар: Еңбек шарты, сынақ мерзімі, еңбек шартының тоқтатылуы.

Сабақтың барысы:  I.  Ұйымдастыру кезеңі.

II.  Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтары:  1. Ерікті еңбек құқығы деп нені айтамыз ?

2. Мамандық бойынша жұмыстың  маңызы қандай ?

3. Мамандық таңдау қалай жүреді ? Мамандықты еркін таңдауға бола ма ?

4. Кәсіби маман деген кім ?

5. Заңды тұлға деген кім ?

6. Жұмыс беруші деген кім ?

7. Заңды тұлғалар жұмыс беруші болып санала ма ?

8. Жеке кәсіпкерлер азаматтармен еңбек қарым – қатынасын қалай орнатады

III.  Жаңа сабақтың жоспары :

  1. Еңбек шарты.
  2. Еңбек шартының мерзімі.
  3. Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі.

«Кім жылдам ?» ойыны

Еңбек туралы жазылған сөздердің қарама – қарсы мағыналарын тез жазу керек:

Еңбекқорлық  – жалқаулық

Жауапкершілік  – жауапсыздық

Үнемшілдік –  ысырапшылдық

Жомарттық –   сараңдық

Қайырымдылық   – қайырымсыздық

 

«Еңбек шарты»  ойыны.

Мазмұны:

1.   Оқушылар ( жұмыс беруші, жұмысқа орналасушы) еңбек шартының мазмұны көрсетілген құжатты дайындайды ;

2.   Еңбек шартының қолдану мерзімін анықтайды;

3.   Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату  жағдайларын көрсетеді.

Еңбек шартының үлгісі

  1. Жұмыс беруші туралы мәліметтер: ( кәсіпорын, өндірістік кооператив,кәсіпкер, мемлекеттік мекеме, т.б. атап көрсетіледі).
  2. Жұмысқа алынушының аты – жөні, туған жылы, мамандығы, білімі,      еңбек өтілі, қосымша мамандығы, мекенжайы.
  3. Жұмыс орны, еңбек жағдайы (зияндылығы, қауіптілігі)
  4. Қызметкердің  атқаратын жұмыстары, қосымша атқаратын жұмыстары.
  5. Жұмыс берушінің міндеттері
  6. Жұмысқа кіріскен мерзімі
  7. Еңбек шартының жасалған мерзімі
  8. Еңбекақы мөлшері
  9. Жеңілдіктер мен артықшылықтар

Жұмыс берушінің қолы :

Жұмысқа алынушының қолы :

Еңбек шарты 2 дана етіп жасалады.  Еңбек шартын толтырмастан бұрын алдын ала әңгімелесу жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмысқа орналасушы  адамнан еңбек іс – әрекеті туралы құжатты талап етуге құқылы ( еңбек  кітапшасы, оқу орнын бітіргені туралы дипломы).

Еңбек  шартының мерзімі :

  1. еңбек шартының іске асу мерзімі  көрсетілуі тиіс ( 6 ай, 1 жыл, 5 жыл,т.б.). Мерзім аяқталған соң қайтадан еңбек шарты жасалады .

2.   Егер нақты жұмыстың орындалуына қарай мерзімі белгісіз болса жұмыс аяқталған соң еңбек шарты тоқтатылады.

3.   Егер біреудің орнына уақытша  жұмысқа алынса, сол мерзім аралығы көрсетіліп, бұрынғы қызметкер келгенде орынды босату керектігі туралы жаңа қызметкерге  ескертіледі.

4.   Сынақ мерзімі – 3 айдан аспау керек.

5.   Егер еңбек шарты жасалса жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа алу туралы бұйрық шығарып, оны жұмысқа алынушыға ескертуге міндетті.

Еңбек шартын бұзу немесе тоқтату жағдайлары:

–          жұмысқа тұрушы әскер қатарына шақырылса;

–          қылмысына байланысты жазаланғанда бұрынғы жұмысын жалғастыру мүмкіндігінен айырылғанда;

–          қызметкер қайтыс болғанда;

–          әрекетке қабілетсіздікті сот танығанда;

–          қызметкердің өз ұсынысы бойынша ( бұл туралы қызметкер 1 ай бұрын ескертуге тиісті);

–          денсаулығына, зейнеткерлік жасына жетуіне, басқа жерге мекенжайын ауыстырғанына, т.б. байланысты жұмысын жалғастыра алмайтын жағдайда қызметкердің өз бастамасымен  еңбек шарты бұзылады немесе тоқтатылады;

–          жұмыс берушінің бастамасымен: а) егер кәсіпорын жұмысы ( немесе жеке тұлға) тоқтатылса; ә) жұмыскерлердің саны немесе жұмыс орны қысқартылса еңбек шарты тоқтатылады немесе бұзылады;

Мәтінмен жұмыс

  1. Әрекет етіп отырған заңда еңбек шартын жасаудың жолдары :

1) …..   …..     2) …..    ….

2.  Еңбек шарты   ………жасалынады, кемінде   …… етіп жасалады және оған тараптар қол қояды.

Оның бір данасы  …… сақталады.

  1. Қызметкер еңбек шарттарында көрсетілген міндеттерін  орындайтын уақыт ………..  деп аталады.
  2. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында  жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім ….. деп аталады.
  3. Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты  тікелей орындайтын   адам  …… деп аталады.

Жағдайды талқылаңдар.

1. Ағылшын тілінің мұғалімі Ким А. Шарт негізінде сабақ үлгермейтін оқушылармен  ағылшын тілінен жеке жұмыс істейді.

Олардың қатынастары қандай  құқық нормаларымен  реттеледі? А.Кимнің оқушылармен  қатынастары еңбек құқығының нормаларымен реттеле ме?

2.  Азаматша Қ. мекемеде 10 жыл істеген.  Жаңа басшылық келгеннен кейін  ол қызметкерлерге қойылатын талаптарын өзгертті. Жұмыс істейтіндердің бәрімен бір жылға шарт жасай бастады. Азаматша Қ. онымен келіспейтінін білдіреді.  Еңбек шартының  ережелерін ол ешқашан бұзған емес. Сондықтан басшылықтың талабы заңсыз. Азаматша Қ. дұрыс ( дәлелді) қарсылық білдіріп отыр ма ?

IY. Бекіту сұрақтары:

1. Еңбек шарты деген не ?

2. Еңбек шартының мазмұнына қандай мәселелер кіруі тиіс ?

3. Еңбек шартында  жұмыс берушінің  міндеттері  жазылуы тиіс пе ?

4 .Еңбек шарты қандай мерзімдерге жасалады ?

5. Егер шартта  мерзім көрсетілмесе , шарт қандай мерзімге жасалған деп саналады ?

6. Жұмысқа тұру үшін қандай құжаттарды көрсетеді?

7. Жұмысқа  қабылдау кезіндегі сынақ кімдерге белгіленеді? Оның мерзімі  қанша?

8. Сынақтың нәтижесі қандай болуы мүмкін?

9. Қандай  жағдайларда  еңбек шарты  жұмыс берушінің  бастамасымен бұзылады?

Y.  Бағалау . Үйге тапсырма  15 тақырыпты оқу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше