Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№170 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Татыранова Шынар Маралқызы
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақстанда Монғол империясының үстемдік етуі, империяның басқыншылық саясаты мен оның зардаптарының әсері жайында толық мағлұмат беру.
Тәрбиелі мақсаты: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа, елжанжылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: дамытушылық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, интернет мәліметтері
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, әдебиет
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру
2.Жаңа тақырыпты меңгерту
3.Танымдық тапсырмалар орындау
4.Бағалау
5.Үй тапсырмасы
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау
- Жаңа материалды меңгерту: Қазақстанды монғолдардың жаулап алуы.
Сабағымыз екі бөлімнен тұрады.
1 бөлімде жаңа тақырыпты меңгерсеңдер.
2 бөлімде тапсырмалар арқылы игерген білімдеріңді көрсетесіңдер.
Енді тақтаға назар аударайық. Мен сіздерге мынадай кілт сөздерді ұсынамын, осы сөздерге сүйене отырып, бүгінгі өтетін тақырыпқа болжам жасап көрейік. (Оқушылар өз болжамдарын жасайды )
Болжам тренингі
Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыптың аты өздеріңіз айтып отырғандай «Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы». Бұл сабақта сіздер Монғол империясының басқыншылық саясатының зардаптары туралы мәліметтер аласыздар және алған білімдеріңді өз қажеттіліктеріне сай пайдалануға үйренесіздер
- Жаңа тақырыпты меңгеру
(Дайындалған презентация слайд арқылы түсіндіріледі)
Моңғол империясының құрылуы
Моңғол ипмериясының негізін қалаушы Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген. Теміжүн 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды татарлар қастандықпен өлтіреді. 1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан етіп сайлап, Монғол империясын құрады
Қоғамдық құрылысы
95 түмен 10 мың әскер Түменбасы
Мыңдық 1000 әскер Мыңбасы
Жүздік 100 әскер Жүзбасы
Ондық 10 әскер Онбасы
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса)
Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
|
|
|
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы
(Кесте арқылы түсіндіру) Отырардың күйреуі атты бейне фильмнен үзінді тыңдатып, М. Шахановтың «Отырар опаты» өлеңінен үзінді оқылады.
| 1207-128ж | Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы |
| 1207-1209ж | Таңғұт, Турфан кнәздіктерін, ұйғырларды басып алуы |
| 1211-1215ж | Қытай жерін бағындырылуы |
| 1217ж | Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы |
| 1218ж | Монғолдардың Жетісі жеріне енуі |
| 1219ж | 150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы |
| 1219-1220ж | Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы |
Оқушыларға кесте арқылы түсіндіргеннен кейін, проблемалық сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады. Монғол әскерлерінің көп жерлерді жаулап алуының мәні неде деп ойлайсыңдар?
Жаулап алудың зардаптары
- Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі 13-14 ғасырларда 20 жуық елді-мекендер қалған;
- Баласағұнқаласының қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
- Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
- Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
- Қазақ халқы қалыптасуның аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
- Мәдениетің дамуына кедергі болды.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, балаларына мұрагерлікке үлестіріп берді. Ол жерлер ұлыс деп аталады.
Қаза жерінде ұлыстардың құрылуы
Шығысы-Ш
Монғол жаулаушылары қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
1) Шапшаңдылық, басқыншылық бағытта;
2) Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығының хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейінтүркіленіп, Қазақ хандығының түп -негізі болғаны сөзсіз. Бұл тақырып клесі сабақта жалғасын табаы. Енді балалар сабақтың келесі бөліміне көшелік, тапсырмалар орыдауды бастаймыз.
III. Тақтада көрсетілген картадағы қалаларға соғыс қаупі төнгенін ескертейік, қақпа ашылу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек
- 11-12 ғасырларда монғол тайпалары қай жерде қоныстанды? Онон мен керулен
- Шыңғысхан әскери – феодалдық монғол мемлекетін қашан құрды? 13ғ басында
- Шыңғысхан әкесі кім? Бай ноян Есугей баһадүр
- Темучин қай жылы хан сайланды? 1206 жылы
- Шыңғысхан тұсында Монғол имперясының астанасы? Қарақорым
- Шыңғысханн мемлекетіндегі түмен қанша жауынгерлерден тұрды? 10 мың
- 1206 жылы құрастырылған әдет-ғұрып заңдар жинағы? Яса / Жасақ/
II. Келесі тапсырма «Тұлғаны таны» деп аталады. Оқушылардың алдына тұлғаның портреті және сұрақтар беріледі
Бұл кім?
Қай уақыттарда өмір сүрген?
Бұл адам туралы не білесің?
Бұл тарихи тұлғаның Қазақстанға ғандай қатысы бар?
Бұл суретте не бейнеленген? Қандай оқиға?
III. Хронологиялық диктант Жаңа меңгерген тақырыптан оқулықпен жұмыс жасауға мүмкіндік жасалады.
1206 жылы 1208-1209 жылы
1207-1208 жылы 1211-1215 жылы
1218жылы 1217 жылы
1219-1220 жылы 1219 жылы
IV.Тарихи басқатырма
Татарлар-ртатрала-монғолия халқы алғаш қытай деректерінде аталды
Күшілік хан-үкшікіл ахн- шыңғыс ханға Баласағұн қаласы Күшлі ханның қаланы талқандауының нәтижесінде берілді
Сығанақ-қсаныға-сыр бйындағы тегеурінді қарсылық көрсеткен қала 7 күн
Інжу-унжі-шыңғысхан балаларына бөліп берген жерінің атауы
V.Білімнің шыңына…
3-топқа проблемалық сұрақ қойылады.
1 сұрақ. Шыңғысхан не себептен соғыс пен жаулаушылықтар жолына түсті?
Жауап: Көшпелі ақ сүйектердің талабын орындау үшін
Дүниежүзіне атны шығару
Билік үшін тартыстарды тоқтату үшін
Әлем билеушіс болғысы келіп
2 сұрақ Монғолдардың соғыстарда жеңуіне нелер себеп боды?
Қатаң әскери тіртіп
әскери басшылыққа ержүрек, батыл адамдарды тағайындау
шапшаң және шешуші қимылдар жасау
басқа халықтардың әскери тәжірибесін пайдалану
әскери тактиканы мықтылығы
3 – сұрақ Жаулап алудың зардаптары
Қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі
Отырықшылық мәдениет тоқырады
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды
Халықтың этникалық құрамы мүлде бұзылып, қазақ халқының қалыптасуын кешеуілдетті әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына орасан зор зардап тигізді.
VI. «Бір сәт картаға үңілсек
Қазақ жеріндегі ұлыстардың құрылуы
Қазақстан жерінде құрылған Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысының территорияларының картадан көру.
VI. Менің білім деңгейім.Тест жұмысы.
VIII.Үйге тапсырма. Жошы және оның ұрпақтары туралы мәліметтер жинастыру тапсырасы берілді
VII.Бағалау.
