Бастауыш сынып

Егемендік-ел бақыты, ертеңі

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов  атындағы орта жалпы білім беретін
мектеп- балабақшаның бастауыш класс мұғалімі
Бисенова Рис Ибрагимовна
І санатты ұстаз

«…Қазақстан үшін мемлекеттік орнықтылық, тәуелсіздік мәселесі айрықша маңызға ие мәселе тәуелсіздігімізді жариялаған күннен бері өткен уақыт еліміз үшін егемен мемлекет ретінде орнығу, әлемдегі өз орнымызды иелену, бүкіл халықаралық қоғамдастық танымал ел  болу мақсатын жүзеге асыруға арналды»

                          Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған әдеби- театрландырылған қойылым.

 

Тақырыбы: «Егемендік-ел бақыты, ертеңі»

Мақсаты:  а) Тәуелсіздік оңайлықпен келмегенін, талай аға-апаларымыздың

әміршіл өктем жүйенің құрбандары болғанын ұғындыру.

ә) Оқушыларды халқына адал қызмет етуге,халқының тегі мен

тарихын тануға, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік тұғырын

берік ұстауға тәрбиелеу.

б) Көркемсөз оқуда мәнерлеп оқу дағдысын дамыту,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Слайд арқылы желтоқсан құрбандарының портреттерін, желтоқсан оқиғаларын бейнелейтін суреттерді, плакат, сөздерді бейнелеу.

Барысы:

Хор:  Әнұран 

  1. Абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің! Ұлт болып шаңырақ көтерген дербес мемлекет болған 15 ғасырдан бастап, неше өліп, неше тірілдің.Он төртінші ғасырдың бас кезінде-ақ жөргектен шықпай жатып қазақ хандығы ірі жеңіліске ұшырап, халқы қырғынға ұшырады. Он сегізінші ғасырдың бас кезіндегі Жоңғар шапқыншылығы тұсында тарихта мәңгі аты қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның » зардабы ше?

Қазақтың сан рет қуғын-сүргінге ұшырағаны тарихтан белгілі.Отаршылдық жүйеге қарсы қазақ халқының назарлығына бірте-бірте саяси қарсылыққа ұласты.Бұл қарсылықтың шоқталған көрінісі  1916 жылғы халықтық соғыс болды.

2. Кеңестік жүйенің зорлық-зомбылық жасауда, қоғамды қайта  құрып,экономикалық саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерді шешудің құралы ретінде пайдалануды «Жаппай террор» жылдары шарықтатты.

 

3.  А.Иманов 1916 ж Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырып, патшаға қарсы тұрды. Ол өте қайратты, әрі мерген болды.Ол тек қана патшаға қарсы көтерілісті ұйымдастырып қана қойған жоқ.Өзі құрған 50 мыңға тарта сарбазы бар отрядтарға қатаң тәртіп орнатып,оларға қару-жарақты қолдана білуі мен соғыс өнеріне үйретті және азамат соғысы жылдарында Ә.Жангелдин басқарған отрядтармен біріге отырып Торғай қаласын ақ гвардияшылардан азат етті.

4. Енді бізге қайта орлады заңғарлар,

                                    Сталиндік тозақтарда жанғандар,

 Ахметтер , Жүсіпбектер, Сәкендер,

 Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.

    Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Елі тәкәпар, дүние.

    Маған да бір қарашы.

 Танимысың сен мені,

    Мен қазақтың баласы.

 5. Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Әр адамда өз анасынан  басқа да.

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқа да,

Болу керек құдіретті төрт ана.

   Туған жері-түп қазығы,  айбыны,

    Туған тілі-сатылмайтын байлығы,

   Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Төрт анаға әнін жолдай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғаман халықтың,

    Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

                  Қасиетті бұл төрт ана-тағдырыңның тынысы,

                      Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы.

   М.Шаханов.

  6. Қазақтың зиялы қауымына кімнің кім екенін айқындайтын 1986 жылды желтоқсаны да келіп жетті. Бұл шын мәніндегі Кеңес Одағындағы демакратиялық қозғалыстың алғашқы қарлығаштары еді.Жылдар бойы іште жиылған төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған тасқын судай ақтарылды.Жастар ұлт мүддесін тұңғыш рет күн тәртібінеи ашық қойды.Қазақ халқы өз басынан өткерген талай тарихи оқиғалардың куәсі болды. Кешегі өткен бабаларымыз бүгінгі біздің жерімізді жаудан сақтап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жауға қарсы аттанды.Сол бабаларымыздың аңсағаны-бүгінгідей егемендікке, елдікке қол жеткізу еді.

Өлең «Желтоқсан желі»

7. Дүниені дүр сілкіндірген  1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Қатыгездік жұдырығы түйіліп,

            Қамшы үйірді жасқап,жекіп бұйырып,

     Желтоқсанда шықты үлкен алаңға,

                                       Ата –баба аруағына сыйынып.

Көрініс.

Автор: Қайрат түрмеде. Теміртордың ішінде ойланып отыр. «Ана тілі» өлеңін оқып отырады.Жанында жаралы жігіттер.Қайрат жатқан жерге есікті ашып, күзетшілер келіп,оны тергеуші алдына апарады.Қайраттан ақтық сөзін айтуды бұйырады.

Тергеуші: Әй, сен бұзық шыныңды айтпасаң атыласың.Ақтық сөзіңді айта бер.

—         Әкетіңдер! Атыңдар!

Қайрат:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым мың тілімен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артығы жоқ өз тілінен.

 

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар.

“Еркек” тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар.

8.  1986 ж  желтоқсанда  Алматыдағы сол кездегі Брежнев атындағы алаңда ұйытқыған боран болды. Бұл табиғаттың дауылы емес коммунистік партияның боданшыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйенің билікшіл идеологиясының төбемізден төне түскен қаратүнек тұманын сейілту алдындағы серпіліс желі еді.

1986 ж  17 желтоқсанында Алматы қаласында  мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек», «Қазақ еліне өз көсемі сайлансын», «Әр халыққа өз көсемі!» деген тілек білдірді.Оларға қарсы күш көрсетілді,көптеген жастар түрмеген қамалды.Өз елінің тәуелсіздігін  талап еткен жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды. Алаңға шыққан жастар көбі тәуелсіздіктің құрбаны болып, жала жағылып сотталды, қыршын кетті.Оған мысалға: Л.Асанова,С.Мұхамбетжанова, Е,Сыпатаевты, соққыдан өлген Совицкий мен Қ.Рысқұловты айтуға болады.

Арада дәл 5  жыл өткенде, яғни 1991 жылының желтоқсанының 16-сы күні Қазақ елі шын, шынайы тәуелсіздік алды.

Ж.Молдағалиев, М.Шаханов бастаған ақын-жазушыларымыз осы оқиғаларға байланысты көптеген естелік, романдар, әңгімелерінде желтоқсан құрбандары жөнінде ашық және ашына жазған. Асқар Асқарбаев « Ол он алты жаста еді» атты деректі әңгімесінде Сабира туралы жазған. Жала жабылып 5 жылға сотталған және желтоқсан оқиғасы тарихында бірінші боп жазаланған Жансая Сабитованың 1998 ж жарық көрген «Жан жарасы жазылар-ау» атты кітабында былай деп жазыпты: «Үнпарақтағы жалпы мәтін былай еді: “Орыстар” айрандай  ұйыған елді ірітіп бітірдіңдер, Енді кетіңдер! Қазақстанның нанын жедіңдер, жетілдіңдер. Сырттан жау келгенде Мәскеулеріңді қорғап бердік. Қазаққа сендер борыштар болмасаңдар, қазақ қарыздар емес.Кетіңдер! Сендердің өмір сүру әдістерін айдап салу, өтірік айту, жала жабу. Алаңға шыққан жастар маскүнем де, нашақор да емес. Олар – қоғамымыздың саналы өкілдері. Сондықтан дұрыс талап қойып отыр,»- деген болатын.

Хор : «Қазақ елі»

9. Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.

Егемендік ел болудың белгісі.

             Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші.

    «Егемендік» деген сөзден естілер,

     Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

 

10.Ежелгі мекен, жас қала,

Ақмола, енді-Астана!

Астана, асқақ өр қандай!

Ақ лашын көктен қонғандай.

Дүбірлі дала қамы үшін.

Ақтарып заман ағысын,

Арындат ғасыр шабысын!

Астана, Асқақ Астана!

 

 11.      Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын,

      Елім айтқан ер көтерер жер даңқын.

    Президентім аман болғай әрқашан!

    Мәңгі жаса! Мәңгі жаса өр халқым.

 

12.  Жас арудың жанарында желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында-желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Көне тұман қабағында – желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да – желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – желтоқсан.

Жауыздықтың көз алдында жуынып,

Абақтыға бастаған да – желтоқсан.

 

13. Атамекен – ақ үйдің,

        Азат болған күні бұл.

      Құндақтағы сәбидің,

          Қазақ болған күні бұл.

Би: «Қара жорға»

14.  Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні бұл.

Менің ана тілімнің ,

Бағы ашылған күні бұл.

15.  Тәуелсіздік шұғылалы арманың,

     Батыл басып бақытыңа барғаның,

Тәуелсіздік ту көтерген жеңісің,

Өмір бойы өзің жейтін жемісің.

16.Тәуелсіздік – мектебіңе барғаның,

Екі айтқызбай ана тілін алғаның.

Күнделікті сабағыңды жақсы оқып,

Өміріңе жақсы білім алғаның.

Би: «Қазақ биі»

17.Армандарды жақындатып тым алыс.

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік ел бақыты, ертеңі,

О,халайық!

Құтты болсын қуаныш!

Хор: Жаса Қазақстан.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.