Жастар арасындағы жат қылықтардың алдын алу және оларды патриоттыққа тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №212 мектеп – гимназия мектебі
Химия биология пәнінің мұғалімі Абдуллаева Алия Болатбекқызы
Жастар тәрбиесі және болашағы қай ғасырда, қандай қоғамда болмасын адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тәрбиелі, білімді, ата-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ мемлекеттің мызғымас діңгегі. Бүгінде жастарымыздың тәрбиесі қандай. Олар нені үйренді, неден жиренді? Қазіргі таңдағы жастар тәрбиесі қандай?
Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселе «Мобильді агент», «Мой мир» жастарымызды өзіне еріксіз баурап алған. Әсіресе, жасөспірімдер, студент жастар, оқушылар.
Бұл «агент» шіркіннің бауырмашылдығы соншалық, өзіне кірген адамды бірден баурап, сеніміне кіріп, қайта шықпастай етеді. Іздесең таппайтын достарың да, ішің пысқанда шер тарқататын мұңдасың да, көңіліңді жылы сөзімен жұбататын бейтаныс жан да осы «агенттен» табылады. Тағы бір кереметі шет елдегі адаммен де, басқа қаладағы таныспен де сөйлесу, хат жазысу тез арада, көзді ашып-жұмғанша жүзеге асады. Ыбырай Алтынсаринше айтқанда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатынның нақ өзі. Сондай-ақ қазіргі жастардың арасындағы жеңгетай да- осы агент.
Олардың қай-қайсысының да агентте ғашығы бар. Сырлы сезімдерін хабарлама арқылы жолдап жүрген олар бір-бірінің түрін білмесе де, сырын біледі. Амандықтарын агент арқылы біліп, тіпті агенттегі өзге адамдардан бір-бірін қызғанып, қырқысып та алады. Агент- жеңгетай арқылы танысып жатқандар да, таныстықтары махаббатқа ұласып, табысып жатқандар да жетерлік қазір. Бірақ көңілге кірбің ұялатар тағы бір тұсы еліміздегі ажырасқан отбасылардың санын агент арқылы танысқан жастар құрайды екен.
Әрине, мұны оқыған адам «агент тек өзге қалалардағы бейтаныс адамдармен танысып, достасу үшін ғана керек деуі мүмкін. Бірақ сол бейтаныс достың қандай жан екенін кім біліпті? Өміріңде бір рет те көрмеген адаммен қалайша сөйлесіп, сырласуға болады? «Агентте» тәрбиелі, инабатты адам шынайы өмірде мүлде ойлағаныңдай болмай шығуы мүмкін емес пе? «Алдымен «агентте» сыпайы, көргенді деген жігіт жас қызбен кездесіп, жүздескеннен кейін зорлап өлтіріпті» деген жантүршігерлік оқиғаларды да естіп жүрміз. «Агенттегі» толып жатқан бейтаныс достардың ішінде осындай сұрқия ойлылары бар шығар, мұны білу, әрине, мүмкін емес. Қасыңда бірге жүрген жақын досқа сенуге болмайтын бұл заманда бейтаныс досқа сену тіпті қиын. Жарайды делік, әр адам бос уақытында кітапханаға бара ма, компьютер клубына бара ма, не басқа іспен шұғылдана ма – өзі біледі. Бірақ соңғы кездері оқушылар сабақ үстінде де бос отырып, әлеуметтік желіге кіріп, білім-ғылымға деген құмарлығын жоғалтып алғандай. Құдды бір мектепке білім алу үшін емес, «агентке» кіру үшін келетіндей. Білім шаңырағына оқушы білім-ғылымды санасына сіңіріп, ойына түю үшін келмеуші ме еді? Мұны ата-аналар да, мектеп мұғалімдері ескеруі керек.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 90%-ы «агентке» тәуелді десем артық айтпағаным болар. Мұның нәтижесі оқушылардың күнделікті сабаққа деген қызығушылығы мен үлгеріміне, ынтасының төмендеуіне әкелетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда «агент» басымызға келген үлкен дерт болып тұр. Осы тұста бұл аурудың бізге тигізетін тағы бір зиянын айта кету керек.
Мобильді агентпен хабарлама жібергенде сөзді қазақша жазу мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде хабарламаны алушыда көбіне ол әріптер оқылмайды. Өйткені ұялы телефондардың барлығында бірдей қазақтың төл әріптері жоқ. «Кал калай?» «Не жаналык?» деп жазуға тура келеді. Сонымен қатар Майл ру-агент арқылы тілдескенде көпшілік жұрт сөйлемді құрмалас етіп құрап, ұзын-сонар етіп жазып отырмайды. Әркім ойын қысқа да нақты етіп жазуға тырысады. Агентшілер көбіне жалаң және толымсыз сөйлемдер арқылы тілдеседі. Әрі қысқарған сөздерді жиі қолданып, сөздерді қысқартып жазуға бейім тұрады. Яғни агентте «не жанк?», «не ист.жатсың?», «хаб.ба?», «не б.ды?» деген секілді қысқарған сөздер судай сырғып жүрсе, пунктуациялық қателер сан мыңдап кездеседі. Мұны көріп кейде тіліміз тақ-тұқ болып, көркем сөйлеу қасиетімізден айрылып қалмаймыз ба деп те шошисың.
Агентке таңылған жастар ертеңгі күні ауызекі сөйлесуде де: «Кал калай? Не истеп жатсин?» – деп жүрмесе болғаны. Дәл осылай кете беретін болсақ, тіліміз шұбарланып, ойымыз таязданып, дүниетанымымыздың тарылатыны сөзсіз. Күнделікті қарбалас тірлікпен бала тәрбиесіне салғырт қарамағанымыз абзал. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау.
Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағдарламасында: “Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек”, – деп ерекше мән беріп тоқталған болатын. Бұлай екпін түсіріп айтуының өзі қазіргі еліміздің саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан тәуелсіздікке жетіп отырған тәуелсіз мемлекеттігіміздің тұрақтылығын сақтап, оны болашаққа аманат етуді көздейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажет. Педагогика тарихына үңілсек, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған тұжырымды ойлар жетіп артылады. Ертедегі грек және рим ойшылдарының (Платон, Цицерон, Аристотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идеялары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.
Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуда баға жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азамат-қа тән адамгершілік болмысы “сегіз қырлы, бір сырлылық” та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады.
Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді. Ал, бүгінде қазақ елі-көп ұлтты мемлекет. Әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің “Тарих толқынында” кітабында: “Ұлттық бірліксіз пат-риотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады”, – деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. “Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер”, “Ынтымақсыз – ел оңбас” деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған. Б.Момышұлы “Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді” – деп анықтама берген.
Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру маңызға ие. Жас ұрпақты білімді, әдепті, өз елін, жерін, ана тілін құрметтеп, дінін дәріптей алатын дәрежеге жеткізу біздің басты міндетіміз. Еліміздің ертеңі жас ұрпақ тәрбиесімен бірлесіп жұмыс жасайық замандастар.
Жастар арасындағы жат қылықтардың алдын алу және оларды патриоттыққа тәрбиелеу
Жастар тәрбиесі және болашағы қай ғасырда, қандай қоғамда болмасын адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тәрбиелі, білімді, ата-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ мемлекеттің мызғымас діңгегі. Бүгінде жастарымыздың тәрбиесі қандай. Олар нені үйренді, неден жиренді? Қазіргі таңдағы жастар тәрбиесі қандай?
Бүгінгі жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселе «Мобильді агент», «Мой мир» жастарымызды өзіне еріксіз баурап алған. Әсіресе, жасөспірімдер, студент жастар, оқушылар.
Бұл «агент» шіркіннің бауырмашылдығы соншалық, өзіне кірген адамды бірден баурап, сеніміне кіріп, қайта шықпастай етеді. Іздесең таппайтын достарың да, ішің пысқанда шер тарқататын мұңдасың да, көңіліңді жылы сөзімен жұбататын бейтаныс жан да осы «агенттен» табылады. Тағы бір кереметі шет елдегі адаммен де, басқа қаладағы таныспен де сөйлесу, хат жазысу тез арада, көзді ашып-жұмғанша жүзеге асады. Ыбырай Алтынсаринше айтқанда, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатынның нақ өзі. Сондай-ақ қазіргі жастардың арасындағы жеңгетай да- осы агент. Олардың қай-қайсысының да агентте ғашығы бар. Сырлы сезімдерін хабарлама арқылы жолдап жүрген олар бір-бірінің түрін білмесе де, сырын біледі. Амандықтарын агент арқылы біліп, тіпті агенттегі өзге адамдардан бір-бірін қызғанып, қырқысып та алады. Агент- жеңгетай арқылы танысып жатқандар да, таныстықтары махаббатқа ұласып, табысып жатқандар да жетерлік қазір. Бірақ көңілге кірбің ұялатар тағы бір тұсы еліміздегі ажырасқан отбасылардың санын агент арқылы танысқан жастар құрайды екен.
Әрине, мұны оқыған адам «агент тек өзге қалалардағы бейтаныс адамдармен танысып, достасу үшін ғана керек деуі мүмкін. Бірақ сол бейтаныс достың қандай жан екенін кім біліпті? Өміріңде бір рет те көрмеген адаммен қалайша сөйлесіп, сырласуға болады? «Агентте» тәрбиелі, инабатты адам шынайы өмірде мүлде ойлаға¬ныңдай болмай шығуы мүмкін емес пе? «Алдымен «агентте» сыпайы, көргенді деген жігіт жас қызбен кездесіп, жүздескеннен кейін зорлап өлтіріпті» деген жантүршігерлік оқиғаларды да естіп жүрміз. «Агенттегі» толып жатқан бейтаныс достардың ішінде осындай сұрқия ойлылары бар шығар, мұны білу, әрине, мүмкін емес. Қасыңда бірге жүрген жақын досқа сенуге болмайтын бұл заманда бейтаныс досқа сену тіпті қиын. Жарайды делік, әр адам бос уақытында кітапханаға бара ма, компьютер клубына бара ма, не басқа іспен шұғылдана ма – өзі біледі. Бірақ соңғы кездері оқушылар сабақ үстінде де бос отырып, әлеуметтік желіге кіріп, білім-ғылымға деген құмарлығын жоғалтып алғандай. Құдды бір мектепке білім алу үшін емес, «агентке» кіру үшін келетіндей. Білім шаңырағына оқушы білім-ғылымды санасына сіңіріп, ойына түю үшін келмеуші ме еді? Мұны ата-аналар да, мектеп мұғалімдері ескеруі керек.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының 90%-ы «агентке» тәуелді десем артық айтпағаным болар. Мұның нәтижесі оқушылардың күнделікті сабаққа деген қызығушылығы мен үлгеріміне, ынтасының төмендеуіне әкелетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда «агент» басымызға келген үлкен дерт болып тұр. Осы тұста бұл аурудың бізге тигізетін тағы бір зиянын айта кету керек.
Мобильді агентпен хабарлама жібергенде сөзді қазақша жазу мүмкін емес. Мүмкін болғанның өзінде хабарламаны алушыда көбіне ол әріптер оқылмайды. Өйткені ұялы телефондардың барлығында бірдей қазақтың төл әріптері жоқ. «Кал калай?» «Не жаналык?» деп жазуға тура келеді. Сонымен қатар Майл ру-агент арқылы тілдескенде көпшілік жұрт сөйлемді құрмалас етіп құрап, ұзын-сонар етіп жазып отырмайды. Әркім ойын қысқа да нақты етіп жазуға тырысады. Агентшілер көбіне жалаң және толымсыз сөйлемдер арқылы тілдеседі. Әрі қысқарған сөздерді жиі қолданып, сөздерді қысқартып жазуға бейім тұрады. Яғни агент%D
