Астана. 6 сынып

Cабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты: Астана жайлы толық мәлімет беру.
1.Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
2.Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы таным- белсенділіктерін арттыру.
3.Стратегияларды тиімді қолдана білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: видеофильм, интерактив. тақта
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2.Тіл дамыту: Жыл мезгілі, ауа-райы – жайлы әңгімелесу.
Жаңа сабақ: Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
Астана жайлы білетіндерін бірінші қағазға түсіреді.Әр топтан бір оқушы шығып өз жазғандарына толық түсініктеме береді.

2.Мағынаны тану.интерактивті тақтамен жұмыс.Мұғалім Астана жайлы мәлімет береді.
INSERT – стратегиясы бойынша жұмыс жүргіземіз.Оқушылар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздердің қасына +, -, ? белгілері бойынша белгілейді.
Сөздікпен жұмыс.
тұрғын-житель қасиетті – священный
орталық – центр танымастай – неузнаеваемо
ғимарат – здание ұлт өкілдері – представители наций
бой көтерді – выстроились болашақ – будущее

3.Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

4.Сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.
Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында.

5.Менің қалам – тәуелде.

6. «Семантикалық карта» толтырамыз. «Менің қалам».

Өзің тұратын қала Тұратын ұлт өкілдері Қаланың көрікті жерлері Оқу орындары Атақты адамдар Ескерткіштер мұражайлар

Сабақты бекіту: Бес жолды өлең стратегиясы бойынша.
Астана
Бас, тәуелсіз
Орналасқан, өзгерді, көтерді
Астана болашағы үлкен қала.
Қала.
Бағалау.
Үйге: мазмұндау, тапсырма.

Сабақтың тақырыбы: Медеу мұз айдыны.
Сабақтың мақсаты:Медеу мұз айдыны жайлы мәлімет бере отырып, біліктілік дағдыларын арттыру.
Міндеттері:1.Көрікті орындардың табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
2.Деңгейлік тапсырмалар орындау барысында деңгейлердің айырмашылығын түсіндіріп, қызығушылық туғызу.
3. Туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер:суреттер.тапсырмалар, слайдтар

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,баяндау,топтастыру

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2.Тіл дамыту: Ауа-райы, кезекші- жайлы әңгімелесу
Өткен сабақты қайталау.

Жаңа сабақ: «Медеу» мұз айдыны.
«Медеу» 1972 жылы шаңырақ көтерді.Көлемі 11000 шаршы метрдей. Трибуналары 12000 астам көрерменге арналған.Медеу мұз айдыны – қаланың ең көрікті орындарының бірі. Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды.
1.Сөздікпен жұмыс.
дүние жүзі – весь мир әйгілі- знаменитый
мұз айдыны – ледовый каток қайнауында- в ложбине
көрермен – зритель зулайды – мчаться
тынбай – беспрерывно шаңырақ көтерді – открылся
2.Мәтінмен жұмыс.
3.Слайд бойынша пікір таласу.
Деңгейлік тапсырма.3-деңгей.
1.Берілген сөздерді аудар.
Город, улица, гостиница, высокий, просторный, комплекс.
2.Көп нүктенің орнына тиісті көмекші есімдерді қойып жаз.
Көшенің ………. ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың ……….. орналасқан. Көгілдір таулар ………… «Медеу» мұз айдыны жатыр. Қаланың ……….. толған жеміс ағаштары.
3.Мұз айдыны – сөз тіркесін септе.
2-деңгей.
1. Берілген сөздермен сөйлем құра.
Үйдің жанында, мұз айдынында, бос уақытымда, көрермендер.
2.Келген қонақтарға «Медеу» мұз айдыны туралы не айтар едің?
1-деңгей.
5-жолды өлең құрастыр.
Бағалау.
Үйге тапсырма.Ереже қайталау, 3 сөйлем құрап келу.

Сабақтың тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың мақсаты: Күз мезгілі, оның айлары жайлы таныса отырып, өз ойларын еркін жазуға, айтуға дағдыландыру, мәтіндердің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеттері:1.Оқушылар күз тақырыбынан білгендерін топтастырады.
2.Табиғат әсемдігін, сұлулығын түсінеді, құстарға сүйіспеншілігі артады.
3.Кубизм стратегиясын орындау барысында тапсырмалар орындайды.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: топтастыру, талдау,сұрақ-жауап
Көрнекіліктер: ватман,маркер,сызбалар,суреттер,буклет
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу
1.Топтастыру әдісі.Қызығушылықты ояту.
Жыл мезгілдерін ата?
Қазір қай мезгіл?
Оқушылар тақтаға білетін сөз, сөз тіркестерін жазады.

2.Мағынаны тану.
Алдарында мәтін берілген. Соны іштей оқиды, суреттердің орнына тиісті сөзді қойып, күз туралы әңгімелеп береді.

3.Ой толғаныс. Кубизм стратегиясы.
Тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы кубиктің алты беті бар.Біз оны сәл өз тақырыбымызға сай өзгерттік.
1беті.Суреттеңіз. Күз мезгілін суреттеп береді.
2беті.Салыстырыңыз. Басқа жыл мезгілімен салыстырады.
3беті.Неге алтын күз деп аталады?
4беті. «Осенью» – мәтінін қай топ тез аударып береді.
5беті. Күз мезгіліне байланысты қандай мақал-мәтел, өлең білесіңдер?
6беті. «Күзгі көрініс» тақырыбына шағын әңгіме жаздырту.
Бағалау.
Үйге: «Алтын күз» өлеңін жаттау, 3-тапсырма.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше