Нәтижеге бағытталған білім беру – тұлға негізі /баяндама/

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы  ауылы
№25 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қожахмет Гүлбағым

Аннотация:  Баяндама жұмысында мен қазақ білім  беру  академиясының  вице – президенті педогогика  ғылымдарының  докторы, профессор  М.Ж.Жадринаның  сызбасы бойынша бастауыш сыныптарда нені оқыту, қалай оқыту, не үшін оқыту және оқушыны оқуға қалай үйрету  керек деген сұрақтарға өз тәжірибемде қолданып жүрген және болашақта қолданамын деген әдіс – тәсілдерімді, идеяларымды оның жүзеге асуына негізделген мақсаттарымды ұсынып отырмын. Сонымен қатар жүргізілген жұмыстар барысында алынған нәтижелер жұмыстарымды көрсету арықылы жоспарлы, жүйелі жұмыс жасай алатын, өзіндік ой пікрін кез келген оратада айта алатын, өзіндік мені бар тұлға қалыптастырудағы жұмыстарымды көрсетемін.

ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып , жаңа дәуір жаңалықтармен суарылып отыруы тиіс.
XXI ғасырдың басындағы қазіргі қоғам тез қарқынды дамып қана қоймай өз даму үрдісімен барлық саланы жандандыруда. Соған байланысты қоғамның әр саласында түрлі мақсаттар қойылып, оларды шешуге арналған міндеттер аталуда. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім, бастауыш мекткп, орта мектеп, жоғарғы білім беруде оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдіс тәсілдері, технологиялары анықталып, жеке тұлғаны қалыптастырудың жаңарған, ақпаратты ағымы қуатты қоғамға сай моделдері жасалуда.
Қазақстан Республикасының білім беру саясаты – барлық адамзаттардың білім алудағы теңдігі, дарынды тұлғаларға деген үкімет тарапынан қамқорлықтың болуы, білім берудің гуманистік және дамытушылық сипатта келуі, білім беруді ақпараттандыру сияқты оң бағыттарына негізделген.   Мұндай үлкен міндеттерді шешу үшін дәстүрлі оқыту жүйесінен біртіндеп қарқынды даму шеңберіне жеткізе алатын жаңа оқыту технологияларын қолдану қажеттілігі туындайды.
Осы орайда мұғалімнің негізгі ұстанатын мақсаты – білім берудің жаңа үлгісін жасап белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту үшін оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс тәсілдерін іздестіре отырып, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдалана білуі қажет.
Сонымен білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігіне және мемлекеттің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеу  арқылы  қамтамасыз етумен және  жалпы адамзаттың  өркендеуіне ықпал  етумен сипатталады.
Ауыл мектебі-еліміздің білім жүйесінің түп қазығы. Ауыл мектебінің білім деңгейін көтеру үшін оқыту процесіне педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, оқытудың білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тың жолдарын, әдістерін қалыптастыру қажет.
Осыған орай  білім беру  жүйесінің  соңғы  нәтижесі оқушының  жеке пәндер бойынша  алған білім, білік, дағдылары емес оларды пайдалану арқылы  қалыптасып дамытылатын  өмірлік  дағдылар, құзырлықтар  болып  табылады. Яғни адам алған білімдерін  өмірде пайдалануы.
Мектепте  білім  беретін  білім  мазмұны  пәндік принцип  арқылы  жеке пәндер  болып оқытылады.Бұл жерде мен қазақ білім  беру  академиясының  вице – президенті педогогика  ғылымдарының  докторы, профессор  М.Ж.Жадринаның  мынадай  білім беруде  сызбасын пайдаланамын.
1.Жүйеге «кіруді»  реттеу:

Нені  оқыту?

Берілетін  білім мазмұнын  нормалау

Қалай   оқыту? Оқыту  процесін  ұйымдастыру

Алынған  нәтиже:
Жеке пәндер  бойынша  пәндік  ББД

2.Жүйеден  «шығуды» реттеу.

Нені  оқыту?

Оқу  нәтижелерін  анықтау

Қалай   оқыту?
Оқу  процесін  ұйымдастыру

Алынған  нәтиже:

Оқушының  меңгерген  құзырлығы  біліктілігі

Нәтижесінде  ‘”Нені  оқыту ?”  деген  сұрақ аясында  жеке пәндер  бойынша  берілетін  білімінің  құрамы мен  құрылымы  анықталып, көлемі  белгіленеді.
Мұнда  күнтізбелік  жоспардың   дұрыс құрылуы.  Білім  стандартын  басшылыққа  ала  отырып  жасалуы  тиіс  және  ескерілуге  тиіс  нәрселер:
— балалардың  жас ерекшеліктері
— сынып  деңгейі
— оқу  материалдарымен  толық  танысу.
Осы  білім  мазмұнын  оқушыға  толықтырып, жетілдіріп, жүйелеп, өңдеп  дайын  күйінде  жеткізетін  мұғалім  болғандықтан “қалай  оқытамыз ?” – деген  сұрақ  аясында  әдістемелік  ізденістер болады.Мен  өз сабағымда  оқыту  прцестерін  ұйымдастыру  жолдарында  басты  назарда  психологиялық – физиологиялық  ерекшеліктерін  басшылыққа  аламын. Мысалы,  Ана тілі  пәнін  оқытуда  басты  ұстанымым  сұрақ – жауап әдісін  көп  қолданамын. Себебі, өзім  тек  сұрақтарды қою арқылы  балаларды сабақ  барысында  көп  сөйлете  білуге, өзіндік  пікірлер  айтуға бағыттаймын.
Яғни оқушылар өз  ойын айтуға еркіндік берілгенлігінің нәтижесі көп ұзамай-ақ көріне бастайды. Әсіресе    топтық жұмыстарда балалардың жандары жақындасып, бірге жасаған істерінің нәтижесі  көрінеді, оларды жоғарғы эмоционалдық жағдайға әкелетіндігі байқалады.
Осы орайда  оқушылар  арасында  түрлі  пікірлер  айтылуы  мүмкін. Яғни  қандай  пікірлер  айтылса  да, жағдаяттардан  шыға  білуге  үйретемін. Сонымен  қатар,шығармашылық  тапсырмаларды  орындатамын.Бұл  тапсырмаларды  орындату  арқылы  ақыл  ойларын  сөздік  қорларын , өз  беттерінше  жұмыс  жасау  дағдыларын  қалыптастырамын.
Алынған  нәтиже –  жеке  пәндер  бойынша  пәндік  ББД  болып  табылады.Оқушылардың  алған  білімдерін  әр  пән  бойынша  тест  тапсырмалары, сынақ, бақылау  жұмысы  арқылы  анықтап  білемін.Сонымен  қатар  оқушылардың  білімін  диагностикалау  арқылы  білуге  болады.
Өзім берген тоқсан бойынша оқушылардың пән бойынша қорытындыларын диграмма арқылы көрсетемін

ІІ оқу тоқсан  Математика пәнінен  Оқушы саны – 18

Бұлардың  бәрі  білім  беруді  ұйымдастырудың  шартты  түрде  жүйеге “кіруді”  реттеу  делінеді.
Жүйеден  “шығу” – әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  өркениетті  елдерде  білім  беруді  ұйымдастырудың   екінші  орын алған.Оны  шартты  түрде  жүйеден  “шығуды”  реттеу  дейді.Бұл  жолдың  ерекшелігі  неде?, Мәселе  “Не  үшін  оқытамыз?” деген  сұраққа  жауап  беруден  басталады.
Мұнда жеке  пәндер  бойынша  ББД –  қалыптастырған  соң  оқу  нәтижелерін  анықтаймын. Ол  үшін  сынып  оқушыларына  зерттеу  жұмысын  жүргізу  арқылы  оқушыларды  топқа, деңгейге  бөлу. Мысалы, қазақ  тілі  пәні  бойынша  белгілі  бір тарауды – 3 деңгейде  өткіземін. І   – деңгей  – жоғары
ІІ  – деңгей – орташа
ІІІ – деңгей – төменгі
Осыған  орай  тапсырмалар  беру.
Бұдан  кейін  шешілетін  мәселе “оқушыны  оқуға  қалай үйрету”  деген  сұрақпен  байланысты.Демек, мұнда  мен  оқушыларға  жүйелеп  өңделген  оқу  материалдарын  дайын  күйінде  ұсынбаймын,баланы  өз  бетімен  ізденуге, өзіне  қажетті  білімді  іздестіруге  керекті қасиеттермен  (білім,тәсіл т.б.) қаруландырамын.
Енді  анықтап  алынған  топ  деңгейіндегі  оқушыларға  тапсырмалар  орындатамын. Мысалы,
І – топ  – жеке  жұмыс (шығармашылық  жұмыс, мәтін  құрастыру т.б)  тарауды  толық  меңгерген  оқушылар.
ІІ – топ – тарау  бойынша  түсіндіру,ережелерді  айтқыза  отырып, талдату. Әсіресе  мысалдарды  көп  келтіре отыра  түсіндіру.Бұл  топтағы  оқушылар ережелерді  жаттап  алғанымен, жаттығу  орындау  барысында  талдап,дәлелдеуге  шорқақ  болуы мүмкін.
ІІІ – топ – төменгі  топ, бұл  оқушыларға  ережелерді  жаттау  қиын болмас  үшін  дәлелдей, көздерін  жеткізе  отырып  үйретемін. Бұл  топ  оқушыларына  әсіресе  суретті көп  қолданамын.
Алынған  нәтижелер яғни  оқушының  меңгерген  құзырлығы, біліктігі. Алынған  нәтижелерді  зерттеп, зерделеу  барысында  оқушыларда  мынадай  құзырлылық ,біліктігі қалыптасады:
— сынып  оқушылары Білім  стандартына  сай  біліммен  сусындайды.
— жоспарлы, жүйелі  жұмыс  жасай  алады.
— өзіндік  өз ойын, пікірін  кез – келген ортада  айта  алатын  тұлға  қалыптасады.
— шығармашылық белсенділігі  артады ,қалыптасады.
— өзіндік “мені” бар  тұлға  қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығын арттыруда өз тәжірибемде сабақ түрлерін алуан түрлі етіп өткізгенде оқушыға көп әсер ететіндігін, зор ықпал тигізетіндігіне көз жеткіздім.
Жалпы  бастауыш  сыныпта  оқушылардан  сұралуға  тиісті  білім беру  барысында  алғышарттарды  бала  бойына  сіңіру. Сонымен  қатар , бастауыш сынып  сатысын  аяқтаған  бала  бойында  білім  туралы  мынадай көзқарас  қалыптастырып  кетуі  керек  деп  ойлаймын

Мен өзім сабақ беретін 3-сыныпқа биылғы жылдың қаңтар айынан бастап сынып жетекшісі болдым. Бұл сыныпытағы оқушылардан менің алғаш байқағаным олардың көпшілігі мінезі ашық, ойларын қысылмай айта алады екен. Ал бастауыш мектепте меңгеруге қажетті білім стандарттарын игеру деңгейінде кейбір жағдайларға кездесіп қалып отырдым. Өйткені оқушылардың оқу- жазу дағдыларында шалалық басымдығы білінді. Осыдан келе өзіндік ойға қалдым. Алдымен не істеу керек?
Мен алдымен оқушының оқу деңгейін қалыпқа келтіруім керек болды. Ол үшін сынып ішінен «Балаларға базарлық» бұрышын ашып, оған түрлі кітап, журналдар әкеліп қойдым. Оны әр күнгі сынып кезекшісі алдын – ала бір әңгімені оқып келіп, сол әңгімені дауыстап, мәнерлеп оқуға тапсырма бердім. Бұл жұмысқа сабақтан соң 10-15 минут уақыт бөлдім. Оқу дағдысын жетілідіруде жасалған бұл жұмысымның өзіндік нәтижесі жаман болмаған сияқты. Алғашқыда 18 оқушының минуттап оқу көрсеткіші
    Нормадан асқан – 5 оқушы
    Нормада  – 8 оқушы
    Нормадан төмен – 5 оқушы болса, жүргізілген жұмыстан соң көрсеткіш мынадай болды.
    Нормадан асқан – 8 оқушы
    Нормада – 7 оқушы
    Нормадан төмен – 3 оқушы.
Жазу сауатын арттыруда «Үлгілі дәптер» бұрышын ұйымдастырдым. Мұнда оқушыларға арнайы дәптер арнатып, сабақтан соң бір жаттығуды диктант түрінде алып, қатесіз көркем жазылған оқушылардың дәптерлерін «Үлгілі дәптерлер» бұрышына қойып отырамын. Нәтижесінде оқу тоқсанындағы жазба жұмыстарының қорытындысы бойынша елеулі көрсеткішке қол жеткіздім.
Еліміздің  бұдан былайда көріктіде, сәулетті, қуатты да, бақытты болуы жолында  балаларға барлық «жан жылуын берген» олардың санасына ізгілік нәрін сіңірген мұғалім есімі әрбір оқушының мәңгілік есінде қалсын!
Үкіметіміздің мұғалімге, мектепке деген қамқорлығының шексіз кендігіне көзім жетті.
ХХІ ғасыр – Білім, ғылым ғасыры болатынына сенемін. Өскелең ұрпақты жоғары деңгейде тәрбиелеуде, біздің алдымызда зор міндеттер тұр.
Ұстаздықтан қиында қызықты мамандық жоқ. Өйткені, оның жауапкершілік өлшемі – адам тәрбиелеу.
Жаңа ғасырға лайық,  жақсы адам тәрбиелейік!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше