Бастауыш сынып

Білімді тиянақтау

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы.
Абай атындағы қазақ орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Айгүл Аманбайқызы

Пәні : Математика,  4 сынып  Тақырыбы : Білімді тиянақтау
Мақсаты : 1.Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау, есепке алу.
2. Өз іс- әрекетіне бақылауды тапсырылған тәртіппен орындау және өз әрекет өнімін анықтай білу дағдыларын дамыту.
3. Ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аукцион сабақ
Сабақтың ұраны : Математика сырын ұғына
Шығайық білім шыңына
Жүрісі : І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Оқып, білім аламыз,
Біз көңілді баламыз
Математика пәнінде
Тапқыр, алғыр боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№ 1 (ә) – 82 бет ауызша
10 384      893
71 953      840
3 216        8040
№5 (ә ) – 83 бет
Көк келеп – 400г     100 г артық
Жасыл келеп — ?
Х + 100 = 400
Х = 400 – 100
Х = 300
300 + 100 = 400
Жауабы : жасыл келеп 300 г
ІІІ. Жаңа сабақ
1.    Ой шақыру ( сөзжұмбақ шешу )

1.    Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш
2.    Уақыттың өлшем бірлігі
3.    Фигуралар ауданын табуға қолданылатын мөлдір пластина
4.    Шеңбер сызу құралы
5.    Сыйымдылықтың өлшем бірлігі
6.    Ең үлкен ондық
7.    Екі нүктемен шектелген түзу

Сөзжұмбақ шешуіндегі тігінен шыққан сөзді оқиық.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз аукцион сабағы.
Аукцион дегеніміз – сауда жұмысы.  Сабақта сендердің білімдерің саудаға түседі. Сендерге тапсырмалар беріледі, әрбір тапсырманың бағасы ұпаймен есептеледі.
Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ бүгінгі аукционның жеңімпазы атанып, саудаға қойылған шахмат сыйлығына ие болады.
— Әр топтың қолдарына ұстап отырған текше түсінің де өзіндік сыры бар. Бағдаршамның үш көзі бір – бірімен дос, бір – бірінсіз жұмыс істей алмайды. Бағдаршам көздері секілді сіздерді де ұйымшылдыққа шақырамын.
— Әр топтан сөзжұмбақ шешуін тапқан оқушылардың ұпайларын жәшікке саламын.
— Топ ұпайы жәшікке салынып отырады. ( мұғалім )
— Жеке оқушы ұпайы бағалау бетшесіне қойылып отырады. ( әр оқушы )
2. « Біліміңді қарап, өзіңді сына » бөлімі
Ал, енді , аукционды бастайық ! Саудаларыңыз сәтті болсын !
Ау, жарандар, жарандар,
Бәрің маған қараңдар.
Сатпақшымын әр түрлі
Тапсырмалар сан түрлі
Тектен – текке бермеймін,
Білімдеріңді тергеймін.
Аукционға № 1 тапсырма түседі. Есеп шарты тақтада көрсетілген.
Сатылу бағасы топқа – 30 ұпай
Жеке топқа  — 10 ұпай ( әр есеп 5 ұпайдан )

1-есеп. Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір – біріне қарама-қарсы жолға шықты. Олардың біреуі 90 км/сағ, ал екіншісі 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 3 сағаттан кейін кездесті. Екі қаланың арасы неше километр?

2-есеп. Теңдеу құру арқылы шығар.
Нұржанның үй кітапханасында 95 ертегі кітабы мен бірнеше өлеңдер кітабы бар. Егер ол ертегі кітабының 10 кітабын достарына оқуға беріп, ал өзі тағы да 5 өлеңдер кітабын сатып алса, онда оның өлең және ертегі кітабының сандары бірдей болады. Нұржанның алғашқыда неше өлеңдер кітабы бар еді ?
Тапсырманы сатып алушылар бар ма ?
1…2…3    Сатылды!
Тапсырма ____топтың меншігінде.
( Тапсырмалар таратылады )
Аукционда № 2 тапсырма сатылады.
Сатылу бағасы топқа – 25 ұпай
Жеке оқушыға – 8 ұпай ( әр есеп 4 ұпайдан )

1-   есеп. Ұзындығы 20 см, ал ені одан 2 есе
кем тіктөртбұрыштың периметрі мен
ауданын есептеп тап.

2- есеп. Теңдеуді шеш.
а : 3 = 654 х 5

Біліміне сеніп, сатып аламын деушілер қатысып отырайық !
1…2…3    Сатылды !
______ топ тапсырма сіздердің меншіктеріңізде.
( Тапсырмалар таратылады )

№ 3 тапсырманың бағасы топқа – 20 ұпай
Жеке оқушыға – 6 ұпай ( әр есеп 3 ұпайдан )
1-есеп
56 х 10
879 х 100
420 х 1000
4880 : 10
67 600 : 100
930 000 : 1000

2-есеп
Мектеп кітапханасының   ұзындығы 20 м,  ені 10 м,
биіктігі 3 м. Көлемін тап.
Тапсырма ____ топ мүшелеріне сатылады.
( тапсырмалар таратылады )

3. « Өзіңді тексер! »
Әр топ тапсырмаларын орындап, берілген уақыт аяқталған соң тақтадағы дұрыс жауаппен  өздерін тексереді.
Сергіту сәті
Аукционымыз жалғасын табады. Тағы да аукционда тапсырмалар сатылады.
№ 1 тапсырма. Сатылу бағасы топқа – 30 ұпай
Жеке оқушыға -10 ұпай ( әр дұрыс жауап 1 ұпайдан )

1…2…3  Сатылды !       Тапсырма № __ топқа сатылды.
№ 2 тапсырма сатылады
Сатылу бағасы топқа – 25 ұпай
Жеке оқушыға – 8 ұпай ( әр есеп 4 ұпайдан )
1…   2… 3      Сатылды!
№ ___ топ тапсырма сіздердікі.

№ 3 тапсырма тест жұмысы.
Сатылу бағасы топқа – 20 ұпай
Жеке оқушыға – 5 ұпай ( әр дұрыс жауап 1 ұпайдан )
Тапсырма № ___топқа сатылады. Сәттілік тілеймін !
Тест жұмысы
1.    Көбейтуді орында:  5230 х 4
А.20092    В.20920    С.20128    Д.2092
2.Теңдеуді шеш:  х : 4 = 325
А.1300        В.265        С.1280        Д.1060
3.Тіктөртбұрыш тәріздес спорт залының ұзындығы 25м, ені 10м. Ауданын тап.
А. 200 м ²    В. 70 м ²    С. 250 м ²     Д.  35 м ²
4.Метрмен өрнекте.          4 км 50м   =    ____     м
А.405м      В.450м    С.4500    Д.4050м
5.Өрнек түрінде жаз. 805 және 590 сандарының қосындысын 5 есе кеміт.
А.805 + 590 – 5            С.805 + (590 : 5)
В.(805 + 590) : 5            Д.805 + (590 – 5)

ІV. Бағалау
А ) топ бағаланады
Ә ) жеке оқушы бағаланады.

Б ) Аукцион жеңімпаздарына саудаға қойылған шахмат сыйлығын ұсынамыз.
Әлде де білімнің биік шыңына өрлей беріңіздер !

V . Қорытынды
— Бүгінгі аукцион сабағы арқылы біз не үйрендік ?
— Жеңіске ненің арқасында жеттік деп есептейсіздер ?

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді ,- деген өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймыз !
Үйге : Өтілген тақырыптар бойынша қайталау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.