Ж дыбысы мен әрпі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы.
Абай атындағы қазақ орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Айгүл Аманбайқызы

Тақырыбы:  Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты : 1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.  2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.  3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман  әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :  Тренинг сабақ
Сабақтың типі :  Жаңа білімді меңгерту.
Жүрісі: І Ұйымдастыру.
– Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер :
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.
Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.
ІІ Өткен сабаққа шолу.
– Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
– Ы дыбысы қандай дыбыс?
– Бағандағы сөздер мен « Қақпашы » мәтінін оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.   « Ой шақыру»
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады.     (  Жапырақ )
– Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады?
Қазір біз Ж дыбысы мен әрпімен таныс боламыз.
– Ж дыбысын дыбыстату.
– Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.
2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы-дауыссыз дыбыс.
3. « Сөз ойла, көп ойла ! » ойыны
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
4. « Жаңа буындар қонақта »
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА      ЖО     ЖУ
5. « Тез, әрі сауатты оқиық! »
Жаңа буындардан құралған сөздерді оқып, әр сөзге түсінік беру.
жаға- сырт киім мен көйлек-көншектің жағасы немесе өзен, көлдің жиегі.
жаса- бір нәрсені дайындап, істеп шығару.
жота- биік жер, төбе немесе малдың арқасы, жоны.
жантақ- түйе сүйсініп жейтін тікенекті өсімдік.
жалау- матадан қиып тігілген арнайы ту секілді белгі.
жусан- көпжылдық шөптесін өсімдік. Қой мен ешкінің жақсы азығы.
– Балаларға хормен оқыту.
6. « Кім тез? » ойыны.
( Берілген сөздерге әр оқушы қолдарындағы түсті дөңгелекшемен дыбыстық талдау жасайды )  Жуа           жылан         жапырақ        жолбарыс
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
7. Ойын « Байланыстыр »
Сол жақ бөлігіндегі ж дыбысынан басталып тұрған суреттерді оң жақ бөлігіндегі сәйкес келетін суреттермен байланыстыру.

8. Оқулықпен жұмыс
– Мұғалім « Жусан »мәтінін оқып, түсіндіреді.
– Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
9. Көркем жазу.
– Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
– Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
– Ж әрпін ауада жазу.
– Ж әрпін дәптерге көркем жазу.
10. Сергіту сәті.
11. « Ұйқасын тап! » ойыны.
– Іші тоған шәрбат,                                -Сырты қандай қатты,
Дәмі қандай әйбат,                                Дәні сондай тәтті,
Үзесің бірден жүзін,                             Шағып қара таңдап,
Оның аты- …( жүзім )                           Оның аты- …( жаңғақ )
-Құйрығы он қарыс,
Бұл- айбатты …(жолбарыс )
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )
12. « Жақсы болу – өз қолыңда »
Суреттердегі жақсы және жаман әдеттер жайында оқушылар пікірі.

ЖАМАННАН ЖИРЕН                                        ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН

ІV. Қорытындылау, мадақтау.
– Сабақ соңында жоғары ұпай жинап, сабаққа өте жақсы қатысқан топқа
« Қазақстанның туын көкке желбіретер азамат,азаматшасы болыңдар !» деп көк жалаушаны үлестірдім.
– Сабаққа жақсы қатысқан топқа « жіптің ұзындығындай өмірлерің ұзақ болсын ! » деп ақ жіптер үлестірдім.
– Келесі топқа «Қызыл жұлдыздай жарқырап жүре беріңіздер !» деп қызыл жұлдызшалар үлестірдім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше