Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы.
Абай атындағы қазақ орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Айгүл Аманбайқызы
Тақырыбы: «Туған тілім». Дихан Әбілев
Мақсаты: 1. Өлең арқылы оқушыларға тіліміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы жөнінде түсінік беру. 2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, ана тілі туралы өз ой-пікірлерін, көзқарастарын ашық, еркін айтып, жеткізе білуге баулу. 3. Ынтымақтаса жұмыс істеуге, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ Сабақтың тип: Жаңа білімді игерту.
Жүру барысы: І Ұйымдастыру.
Балалар, қазір бізде ана тілі сабағы. Біздің бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты біздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыс істеуге үйретеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыздар. Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Сабағымызды бастамас бұрын келісімшарт жасап алайық.
Келісімшарт:
1.Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір-бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Уақытты үнемді пайдаланамыз.
Әр топтың топ басшыларын сайлап аламыз. Топ басшылары топ мүшелерінің жауаптарын, бүгінгі сабаққа белсенділігін мұқият қадағалап отырып, сабақ соңында топ мүшелерін бағалайды.
Сабағымызды « Ынтымақсыз іс бітпес » атты ұранмен бастай отырып, бәріңізді де ұйымшылдықпен жұмыс істеуге шақырамын.
ІІ Өткен сабаққа шолу.
— Балалар, өткен сабақта біз қандай шығармамен таныс болдық?
— М. Мақатаев « Үш бақытым » өлеңі
1.Поэзия минуты.
І топ — Мұқағали Мақатаев туралы не білесіздер?
ІІ топ — Оның өлеңдерін атаңдар.
ІІІ топ- Бір-екі өлеңін жатқа айтыңдар.
2. « Үш бақытым » өлеңін жатқа сұрау.
І топ — 1-ші шумағын жатқа айтып, мазмұндау.
ІІ топ – 2-ші шумағы.
ІІІ топ- 3-ші шумағы.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде-кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі – сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын-жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазақтың жоғын жоқтап, тіл туралы қалам қозғаған жазушылардың бірі- Дихан Әбілев аталарың.
1. Жазушы өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру.
2. Мағынаны тану.
— « Туған тілім » өлеңін мұғалім оқып, мазмұнын түсіндіреді.
— Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқудан сайысқа түседі.
3. Ой толғау ( өлеңді талдау )
І топ- Өлең неліктен « Туған тілім » деп аталған?
ІІ топ- Ақынның «туған тілім, өз тілім » деп отырғаны қай тіл?
ІІІ топ- Екі жақты күнделік.
Авторы Өлең аты Автордың ойы Сенің ойың?
М. Мақатаев
«Үш бақытым »
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Д. Әбілев
« Туған тілім »
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4. « Тіл тағдыры – ел тағдыры » ( ойталқы )
І топ – Қазақ тілінің деңгейі қандай дәрежеде деп ойлайсыңдар?
ІІ топ – Туған тіліміздің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек?
ІІІ топ- Ана тіліміздің ертеңгі болашағын қалай елестетесіңдер?
5. Сергіту сәті. Ән « Ана тілін сүйеміз »
6. « Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады »
( ұяшықты таңдау арқылы берілген жағдаяттарды шешу )
— Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке екі қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
— Сен мектепке асығыс келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша болғанын сұрадың. Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
— Сенің досың көбіне әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?
7. « Жас ақындар » кезеңі. ( өлең құрастыру )
Туған тілім аңсаған
… … …
… … …
Қымбатсың ғой сен маған.
ІV Бекіту. ( Тест сұрақтары )
1. ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
А. Орыс В. Қазақ С. Ағылшын
2. ҚР-да «Тіл туралы Заң » қашан қабылданды?
А. 1997ж 11шілде. В. 1991ж 16желтоқсан С. 1995ж 30тамыз
3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
А. Әліппе В. Отан С. Ана тілі
4. « Туған тілім » өлеңінің авторы?
А. Д. Әбілев. В. М. Әуезов С. А. Құнанбаев
5. « Туған тілім » өлеңінің тақырыбы не?
А. Құстар. В. Тіл С. Отан
Өзіңді-өзің тексер Бағалау
0 қате – «5»
1 2 3 4 5
В А С А В
1 қате — «4»
2 қате — «3»
V Қорытындылау, бағалау.
— Топ басшыларының топ мүшелерін бағалауы.
-Мұғалімнің топты бағалауы.
Үйге: Д. Әбілевтің «Туған тілім » өлеңін жаттау.
jaksi