Геометриялық пішіндерді таныстыру
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
шағын орталық тәрбиеші:
Шангутова Қырмызы Жадырасынқызы
- 1. Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ
Тақырыбы: Геометриялық пішіндерді таныстыру
Мақсаты: Балалардын ой-өрісін кеңейту,геометриялык пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге үйрету.Киял болжамдарын дамытып,кабілеттерін шыңдау,таным өнерін сөздік қарым-қатынастарын байыту.Білімдерін жүйелі түрде көрсете алуға баулу,дидактикалық шебеберлігінің артуына ықпал жасау.Теориялық білімін тәжірибеде қолдана білу құзіреттілігін қалыптастыру.Балалардың ойлау,көріп тану,зейінін,есте сақтау қабілеттерінойын арқылы дамыту,дербес іс-әрекетке тәрбиелеу.Бір-бірінедеген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.Өзін жеке тұлға ретінде сезініп,берілген тапсырманы орындап,өз ойын еркін айтуға жетелеу.
Әдісі: жылулық шеңбері, түсіндіру, таныстыру , сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, қорыту.
Пән аралық байланыс ; айналамен таныстыру,құрастыру,тіл дамыту.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Дәлелдеу –ояту |
Шаттық шеңбер.
|
Балалар бір біріне жақсы тілектерін айтады. Бәрі бір бірімен дос болады. |
|
-Жарайсыңдар балалар, отырайық. Бүгін біз ҚМТҚ пішіндер әлеміне саяхат жасаймыз.Пішіндермен танысқыларың келеме? Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш Біз пішіндер әлеміне келдік?Дөңгелектің түсі қандай? Тобымыздан дөңгелекке ұқсас заттарды табайықшы. Үшбұрыштың түсі қандай ? Үшбұрышқа ұқсас заттарды табайықшы. Балалар енді барлығымыз күн құрастырайық. Күн неше дөңгелектен, неше үшбұрыштан құрастырдық? Бірге «Күн» өлеңін айтайық. Көгімізде алтын күн, Себілгендей жерге гүл Балабақша бағында Жарқырасын жарық күн! Жарайсыңдар балалар, сендер өте әдемі күн құрастырдыңдар Орнымызға жайғасайық, енді тағы бір пішін төртбұрыш. Бұл пішіннің бұрышы көп болғандықтан төртбұрыш деп аталады. Төрт бұрыштың түсі қандай? Ұқсас заттарды табайықшы. Мен сендерге қызық өлең айтып берейін сендер мұқият тыңдаңдар. Қызыл, сары,жасыл,көк Алуан-алуан пішіндер. Үшбұрыш төбесі, Төртбұрыш денесі Ұшыншақ денесі, мынау міне терезе. Балалар, қараңдаршы мен не құрастырдым? Мен үйді қандай пішіндерден құрастырдым? Жарайсыңдар балалар. Алдарыңдағы үлестірмелі материалдардан менің қолымдағы пішіндерді тауып беріңдерші. Енді таратылған таяқшалардан сендердің қандай пішіндерді немесе пішінге ұқсас заттарды құрастыра алатындарыңды байқайық. |
-Иә, танысқымыз келеді. Дөңгелектің түсін айтады. Ұқсас заттарды айтады. Үшбұрыштың түсін айтып, ұқсас заттарды табады. 1 дөңгелектен, 6 үшбұрыштан. Күн құрастырып, өлеңді бірге айтады. Түсін ажыратып, ұқсас заттарды табады. Үй құрастырылды. Үшбұрыш, төртбұрыш. Балалар жұмысы. Топтық жұмыс. (Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек) Жеке баламен жұмыс. |
|
|
Рефлекістік түзету |
Сергіту сәті Төртбұрышты қолданып, Үшбұрышты қолданып, Көрпешені жасаймыз Әдемісін ішінен Досымызға сыйлаймыз. Енді біз қызықты «Жасырылған пішінді тап» деген ойынды ойнайық. Жарайсыңдар балалар, бүгін барлықтарың да оқу іс-әрекетіне жақсы қатыса білдіңдер. Пішіндер әлеміне саяхатымыз ұнадыма |
– Балалар жасырылған пішінді табады. Иә ұнады. Қош сау болыңыздар. |
