Баяндама "Мәтінді оқытудың кейбір амал – тәсілдері"

Мәтінді оқытудың кейбір амал – тәсілдері

Ғасырлар бойы дамып, халықтың бүкіл сезім сәулесін барлық бойына сіңіріп, оның рухани өмірінің айнасы болған ана тіліміздің қазіргі жағдайы және болашағы кімді де бейтарап қалдырмаса керек.
Ана тілінің бірінші қорғанышы да, қорғаушысы да – мұғалім. Ел болашағы, халықтың, ұлттың ертеңі дегенде, ең әуелі бүгінде өсіп келе жатқан жеткіншектерді айтар болсақ, сол өрімтал буынның бойына ана сүтімен дарыған ана тілін өгейсітпей, уызына қанып өсуін ойласақ, мұғалімді ана тілінің ең бірінші қорғаушысы да, жанашыры да дегенге кім таласа қояр екен.
Ана тілін насихаттау, жас ұрпақ бойында оған құрмет сезімін тәрбиелеу – мұғалімнің халық алдындағы абзал парызы.
Төріне шығарып, «Абзал мамандық иесі!» деп, ардақтаған туған жұрттың ана тілі жолындағы ақ еңбегің сарп болмауы үшін мұғалім қауымы көм басынан көрінетін кезең туады.
Қазақ тілі бүгінгі таңда республикада мемлекеттік тіл статусын алған. Басқа тілдермен құқықтық тұрғыдан теңелді. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту жүйесіндегі басты мәселелерінің бірі. Қазақ тілін жүйелі түрде оқытудың алғашқы адымы қазір балабақшадан басталатыны белгілі. Алайда қазақ тілін оқытуда, уйретуде мектептің атқаратын қызметі ерекше.
Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту оқушылар Қазақстандағы мемлекеттік тілді меңгертуге, кітап, газет, журнал, теледидар, радио тілін түсінетін адамдармен қазақ тілінде қарым-қатынас жасау дәрежесіне жеткізу мақсатын көздейді. Бұл үлкен мақсат Қазақстанда тұратын барлық халықтардың қарым-қатынасын күшейтіп, бірлікті нығайтуға бағытталған. Олай болса, мемлекеттік қазақ тілін меңгертудің, оқытудан саяси мәні зор болып саналады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны мектепте жүйелі түрде оқыту қазір күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырған кезде оқушының сөздік қорын байыту өте қажет болып отыр.
Қазақ тілі – өте бай тілдердің бірі. Оны орыс мектебінде оқытуда мұғалімнің екі тілді де жетік, жақсы білуді талап етеді.
Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жасау құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау үшін, алдымен сөзді, онан соң сөйлем құрай алу шарт, тілді уйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе білуге үйрену.
Әрине, тек сөздерді ғана білу сөйлесуді қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Сондықтан Ы.Алтынсарин оқушыға сөздердің өзгеруін игерту керек екен деген. Басқаша айтсақ, бұл – грамматиканы уйрету деген сөз. Ол оқушының сөздік қорын арттыруды бірінші орынға, ал грамматиканы уйретуде екінші орынға қойған. Осы арқылы Ы.Алтынсарин оқушы жаттаған сөзін сөйлеуде қолдана білуге уйренуі қажет екенін сөз етіп отыр. Ы.Алтынсарин өз оқулығында оқушының сөздік қорын молайтып, тілін дамытатын, халық тілін білуге, сондай-ақ баланың тілін дамытуға ісер ететін жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді беруді жөн көрген.
Оқу-тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын қызықты және толық болуы тиіс, әр мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіні, білім деңгейіне, дүние танымынасай сай жасауы өте қажет. Мысалы: орыс мектебінде оқитын қазақ балаларының да қазақ тілінен білім дәрежесі әртүрлі. Қазақ тілін оқытуда мұғалім оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты педагогикалық, дидиактикалық ұстанымдарға сәйкес ұйымдастыруы жоқ болып табылды.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген ертек не әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс.
Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:
1. Дыбыстармен жұмыс.
2. Сөздіктермен жұмыс.
3. Сөздік қорларын жетілдіру.
4. Тіл дамыту.
5. Ережемен жұмыс
6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.
Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі улкен.
1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек.
2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек.
3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек.
4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды уйрету керек.
5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.
Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек.
Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет.
Біз оқытып жүрген оқулықта тақырыпқа сай мәтіндер көп. Оқулықтары мәтіндердің күрделігі сол мәтінмен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне байланысты болу керек. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:
1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.
2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін юайқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.
3) араласып немесе кезектеп оқу.
4) буынға бөліп оқу.
5) мәнерлеп оқу.
6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу. Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргіземін. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамын. Мысалы: қазақ халқының ғұламаларына байланысты портреттер, «бес арысқа» арналған папкалар, қазақ батырлары т.б.
Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жұмыста қазақша сөйлеуге, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, жұмысты қазақша сөйлесу түрінде жүргізу, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білімқуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, қазақша жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек.
Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады.
Сөз соңында айтарым, қазақтан шыққан кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсарин былай деген еді:
«Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде».
Олай болса, төл тіліміздің мәртебесі арта беруі үшін біз, ұстаздар қауымы, өз бойымыздағы асыл қазына білімді, өнерді шәкірттеріміздің көкейіне құюға ат салысайық! Біздің еліміздің, мемлекетіміздің көсегесін тек білімді, салауатты ұрпақ көгерте алатыны анық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше