Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларындағы әлеуметтің – әлеуеттік жағдайлары

Баймұратова Күлмира Әбенқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің доценті
Түркістан қаласы

Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларындағы
әлеуметтің – әлеуеттік жағдайлары

Адамның – адам болып қалыптасуына басты себепші оның әлеуметтік ортасы болып табылады. Ал «әлеумет» деген ұғым қай кезеңде пайда болған. Біздің білетініміз, Кеңес Одағы тұсындағы «социал», «социалистік» ұғымдарының қазақшасы «әлеует», «әлеуметтік» осы сөздерді дамыта келе «әлеумет» деген ұғым қалыптасты. Ал, «әлеумет» біздің түсінігімізше қоғамдағы Президент сөзімен айтқанда қоғамдағы «әлжуаз», шыдамды, сабырлы адамдардың қауымы болса керек. Олар көп болса да, көп нәрсені сұрамайды, тек қана тіршілігіне қажетті нәрселерге көңіл аударса екен деп тілейді. Көптеген жағдайларда дұрыс көңіл бөлінбегендіктен «әлеумет» басқаша сенім – нанымдардан тірек іздей бастайды. Басқа жаққа бетбұрыс жасаса әлеуметті сендіру қиын, өйткені әлеумет деген сөздің өзі ақиқатты, шындықты көксейді, тіпті ашуланса бүлінуі мүмкін. Осыған орай, Дж.Вашингтон «…күл астында бықсыған қоламта жатыр, ол жанып, өртке айналып кетуі мүмкін» деп айтқан екен.
Сондда, әлеуметтің өзі сайлаған биліктен сұрайтыны азық-түлік, киім-кешек, күнкөріс қаражаты, одан кейін денсаулық, білім басқа да әлеуметтік қажеттіліктер. Мысалы, Президент осы жылғы кезектен тыс сайлаудан кейін 17 сәуірде барлық әкімдерге азық-түлікті қымбаттатпау туралы тапсырма берді. Егер азық-түлік қымбаттаса әлеуметтің мазасы қаша бастайды.
Міне, «әлжуаз» бірақ, ашуланса дүлей күшке айналатын әлеуметтің қал-ахуалын бірінші болып ұғынған Қазақ елінің бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев. Демек, өзінің әр жылғы Жолдауында әлеуметке мемлекеттік деңгейде назар аударуы әлеуметтің жағдайы дұрыс болмайынша, мемлекеттің тұрақтылығын сақтап, қалыптастыру қиын екендігіне көз жеткізеді. Елбасының осы жылғы президенттік сайлаудағы еңбегінің жемісті нәтижесі, әлеуметке тікелей байланысты мәселелерді күнделікті өмірлік бағдарламасынан түсірмеуі болып табылады. Соның арқасында он төрт жылдың ішінде, әлеуметтің қажеттілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік билікке бағыт-бағдар беретін Қазақстан Президентінің Жолдаулары қалыптасты. Жолдаудың мықтылығы әлеуметтің жағдайына байланысты жолданып, Үкіметтің бағдарламасына айналып, жергілікті әкімдердің жүзеге асыруында болып табылады.
Қазақстан Президентінің 1997 жылдан бастап он бес Жолдауы жасалған екен. Әсіресе, әлеуметтік мәселені зерделеуде, әлеуметке тікелей бағытталған қандай да бір Жолдаулары болмасын, әрқайсысының өзіндік ерекше құндылығы бар. Осыған орай еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Президентінің Жолдауларындағы әлеуметке қатысты мәселелерді әлеуметтің өзіне жеткізіп көрейік.
Президенттің 1997 жылғы  «Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» туралы Жолдауы кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресуге  байланысты кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, шетелдік және ұлттық инвестицияны тарта отырып, жұмыс орындарын ашу, орман ағаштарын отырғызу, автокөлік жолдарын салу, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау мәселелерін қамтиды.
1998 жылғы «Елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүз жылдықтағы экономикалық және саяси реформа туралы» Жолдауында көршілес Ресейдегі  рубльдің девальвацияға ұшырауын және көршілес елдегі қолайсыз экономикалық жағдайдың біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытына кері ықпал етуі мүмкін екенін ескертті. Осы ахуалға байланысты Ұлттық банк пен Үкіметке банк жүйесі мен ішкі экономикалық жағдайды бақылауға алуға тапсырма береді.
1999 жылы «Жаңа жүз жылдықтағы елдің тұрақтылығы және қауіпсіздігіне» байланысты Жолдауында Президент: «тағдырына көнбісті адам, құлдықта болады» дей келіп, әлемдік деңгейдегі ахуалдарға байланысты елдің тұрақтылығын сақтауды және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шақырады. Сонымен қатар жер аумағы жағынан тоғызыншы орында тұрған мемлекеттің жаңа ғасырдағы шекарасын сақтау мәселесіне көз жеткізеді.
2000 жылы «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» деген Жолдауында: «елімізде 468 кітапхана, 238 ауылдық мәдениет үйі ашылды. Біз үш жарым миллиардқа жуық теңгені мәдениет объектілерін жөндеуге жұмсадық. Ауыл кітапханаларына жарты миллионға жуық жаңа кітап кіргіздік», дей келіп, әлеуметті білімге, мәдениетке бет бұруға шақырады.
2001 жылы «Елдегi жағдай және 2002 жылғы iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы» Жолдауында адамның өмірін қамтамасыз етуге байланысты коммуналдық реформа туралы, тұрғын үйге қатысты мәселені, соның ішінде, ипотекалық несиемен қаржыландыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін жан-жақты көтереді.
2002 жылы «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Жолдауында: «Ауыл дегенiмiз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-ғұрпымыз бен рухани тiршiлiгiмiздiң қайнары. Елiмiзде қуатты ауыл шаруашылығы секторы болуының айрықша маңызы бар, ауылшаруашылық машиналарын жасау, жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн, оның ар жағында технологиялық желi бойынша басқа да салаларды мықтап көтеруге мүмкiндiк береді. Ауылға деген ерекше демографиялық мәселе, көшi-қон және әлеуметтiк астары жөнiнде айтпау мүмкiн емес. Қазақстанда тарихында ауылдық жерлерге адамдарды қоныстандыру, әсiресе, әмiршiл экономика кезеңiнде нарық экономикасы жағынан да, сондай-ақ әлеуметтiк және экологиялық пайым жағынан да барынша сәтсiз жүргiзiлгенiн айтқан жөн» дейді.
2003 жылы «Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары» туралы Жолдауында «бiз экономиканы  шикiзаттық бағдарынан өңдеушiлiк бағдарға қарай  диверсификациялау жолдарын айқындап алуымыз керек. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикiзаттың қайтып қалпына келмейтiні, әрi кен орындарының уақыт өте келе сарқылатыны  белгiлi. Мұның өзi  болашақта  әуелi экономикалық, содан кейiн саяси тәуелсiздiгiмiзден айырылып қалуымызға әкелiп соғуы мүмкiн. Сондықтан, менiң тапсырмам бойынша Үкiмет 2015 жылға дейiнгi Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын әзiрледi».
2004 жылы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деген Жолдауында «өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз. Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.  Мен бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн».
2005 жылы «Экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында: «Біз жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтып, бірлесіп тағы да бір Қазақстан орнататындай межеге жақындадық.   Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Біздің өміріміз жақсара бастады. Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көпұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық. Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық».
2006 жылы «Қазақстанның  әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50  елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталған Жолдауында: «Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан “әлжуаз” топтарына қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.
Әлеуетті құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, мұнда тиісті тәртіп орнатылуға тиіс.
Мемлекет қоғамның шын мәнінде осындай көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті деп санаймын. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты “әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен” айқындалуға тиіс емес, қайта “еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар сапына қосуға даярлау” міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып-үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек».
2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Жолдауында: «Біз ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп, өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде орнықты.
Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық. Бұл өткен 10 жылдағы жұмысымыздың басты қорытындысы».
2008 жылы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет.Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға алуы тиіс.Темір жол және автомобиль инфра¬құрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет. Отандық көліктік мәшине жасауды  дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруға кірісуіміз керек. Өңірлердің экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны – “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансқұрлықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуымыз қажет».
2009 жылы  «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» деген Жолдауында: «Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз.
Мемлекет дағдарыстың алдын алу¬дың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр.
2010 жылғы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өсу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген Жолдауында «Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.
Біз дағдарысқа дейінгі кезеңде экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды».
2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталатын Жолдауында: «Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылды¬ғы¬на қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күн¬ге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы ха¬лық¬қа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың  өзінде жеттік!»
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларынан үзінділер келтіріп мемлекеттік деңгейде насихат жұмысын жүргізу әлеуметтің және бұқаралық ақпараттың өз қолында. Әлеуметтік мәселе бұлтарыста қалып қойған жағдайда оның орнын сыбайластық жемқорлық, ұрлық, төтесінен айтқанда қоғамды құлдырататын басқа да келеңсіз нәрселер белең ала береді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше