Бастауыш сынып

Түстер (мектепалды даярлық тобына)

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «№29 «Пальмира»
жалпы орта білім беретін мектебі» ММ.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жұмаділова Жадыра Жұмағазықызы

Күні: 23 қыркүйек 2011 жыл Сыныбы: 0 «А» (мектепалды даярлық тобы)
Сабақтың тақырыбы: Түстер
Сабақтың мақсаты: Балаларды сын есім (түс) атауымен таныстырып, жаңа сөздермен тақырыпты толықтыра түсіп, сөздік қорларын молайту, түстерді ажырата білуге дағдыландыру, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, таныстыру, қайталау, аудару.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Сәлеметсіздер ме балалар!
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қазір күздің қай айы?
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасына берілген 1-10 дейінгі санауды еске алу. Сандардың алдымен тура санауын, содан сандарды кезексіз, шашырыңқы түрде сұрау (жекелей және топтық жұмыс).
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Тақтадағы көрнекілікке қарай отыра сабақтың тақырыбын ашу (тақтада түрлі-түсті қағаздар жапсырылған).
— Балалар, тақтада не жабыстырылған?
— Бұл қандай қағаздар?
— Тақтада қандай түстерді көріп отырмыз?
— Ендеше, өздерің түсінгендей біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Түстер» тақырыбы.
(Сабақтың тақырыбын,мақсатын айту)
2. Жаңа сөздермен жұмыс (түрлі-түсті қағаздар мен қарындаштарды қолдану арқылы).
1. ақ – белый
2. қара – черный
3. қызыл – красный
4. сары – желтый
5. жасыл – зеленый
3. Сергіту сәті.
Санау арқылы қимыл-қозғалыспен жаттығулар жасату (мұғалім көрсетеді, оқушылар қайталпайды).
4. Фонетикалық жаттығулар жүргізу.
— қы — зыл
— жа — сыл
— са — ры
ІV. Сабақты қорытындылау.
1. Аудару жұмысын жүргізу:
Красная ручка – қызыл қалам
Зеленый тетрадь – жасыл дәптер
Белая бумага – ақ қағаз
Черный карандаш – қара қарындаш
2. Сабақты қорытындылау үшін жетелеу сұрақтарын қою:
— Бүгін сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
— Сабақта бүгін біз қандай сөздермен таныстық?
— Сабақ сендерге ұнады ма?
V. Үй жұмысы.
Жаңа сөздерді жаттау. Санауды қайталау.
VІ. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне қарай атап өту.
VІІ. Сабақты аяқтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.