Без рубрики

Ең білгір. (интеллектуалдық сайыс)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, № 182 мектеп
директорының бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары,
тарих пәнінің мұғалімі Ержанова Сарқыт Ордақызы

Мақсаты:
1.    Білімділік: 7 – сынып оқушыларының «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен тақырыптарын қайталай отырып, тарих пәнінен алған білімдерін сарапқа салу;
2.    Дамытушылық: Орта ғасырлық тарихқа оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық, зерделілік қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту;
3.     Тәрбиелілік: «Өз  тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» , — (Н.Назарбаев) дегендей ел тарихына құрметтеушілік сезімін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сайыс формасы:  «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы негізінде.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер

Жоспары:

1.    «Бәйге» бөлімі
2.    «Көкпар» бөлімі
3.    «Ғажайып жетілік» бөлімі
4.    «Жорға» бөлімі

Барысы:

І жүргізуші: Жас достар! Кең байтақ туған жерімізде VI ғасырдан  ХVII  ғасырдың аяғына дейін уақыттағы тарихи оқиғалар, шежіре туралы жыл бойында таныстық. Міне, бүгін осы білімімізді зерделей келе, орта ғасырлардағы  Қазақстан тарихынан  «Ең білгір» оқушыны анықтауымыз керек.

ІІ жүргізуші: Олай болса,  бәріңізге жалпы   5 сұрақ беріледі. Білетіндеріңіз қолдарыңыздағы жалаушаны жылдам көтерулеріңіз қажет. Сұраққа дәл, жылдам жауап берген оқушы ғана додаға қатысады.

І жүргізуші:
1 – сұрақ: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы неше кезеңнен тұрады?
(3 кезеңнен )
2 – сұрақ: Біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі? (ХV — ХVII)
3 – сұрақ: Математика, музыка т.б ғылымдары бойынша дүниежүзілік ғылымға үлес қосқан ғалым (Әл — Фараби)
4 – сұрақ: Қазақ хандығы қай жылы құрылды (1465 – 1466жж)
5 – сұрақ: Қазақ хандығының нығайып, шекарасы қалыптасқан ғасыр
(ХҮІ – ХҮІІ ғ)

ІІ жүргізуші: Аз ғана секундта жылдам жауап беріп, ерекшеленген
5 оқушыны дода алаңына құрметпен шақырамыз.

І жүргізуші:  Құрметті сайыскерлер, ойларыңызды жинақтап, «Білімді мыңды жығар» дегендей  білгендеріңді салмақтап, дұрыс жауап береді деген ойменен сайысымызды бастаймыз.

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың бірінші бөлімі – «Бәйге». «Бәйгеде» сіздердің әрқайсысыңызға 5 сұрақтан қойылады Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Әділқазылар алқасы есептейді.

І жүргізуші: 1 – ші сайыскерге сұрақтар:
1. «Қазақ» атауының біржола этникалық сипатқа ие бола бастауы қай ғасыр ? (ХҮ ғ ІІ жартысы)
2. Дешті Қыпшақ үшін «Сауда аймағы» болған  қала? (Сығанақ)
3. Түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы  ?  (Теле)
4. Түрік қағанаты екіге бөлінген жыл ?  (603ж)
5. «Жеті Жарғы» заңы бойынша кімдер қылмыстық жауапқа тартылмаған?
(13 жасқа толмағандар)

ІІ жүргізуші: 2 – сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. 1456 жылы Қазақ хандығының негізін салушы  хан? (Керей)
2. Орхон – Енисей, Талас – Шу өзендерінің бойынан табылған түрік жазбалары?                                                  («Күлтегін», «Тоныкөк»)
3. Жамбыл қаласының батысында 18 км жерде орналасқан кесене?
(Айша — бибі)
4.«Түрік тілдерінің сөздігі» еңбегінің авторы? (М.Қашқари)
5. ХVІ ғ басында Қасым ханның тұсында халықтың саны қаншаға жеткен
(1 млн)

І жүргізуші: 3 – ші сайыскерге  қойылатын сұрақтар:
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық  мемлекет? (Түрік қағанаты)
2. «Түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазумен  жазылған теңгелер табылған қала? (Тараз)
3. Сары  және қара түргештердің арасындағы күрес қанша жылға созылды? (20 жылға)
4. Математик, философ,  ғалым Отырар қаласында дүниеге келген?
(Әбу Насыр әл — Фараби)
5.    «Даналық кітабы» еңбегінің авторы (Қожа Ахмет Иассауи)

ІІ жүргізуші: 4 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ жүздерінің құрылуы туралы жазған ғалым? (Шоқан Уәлиханов)
2. Батыс Жетісуды  құтты мекен ете отырып, Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақ хандығының ұлттық туын тіккен жер? (Қозыбасы)
3. Көне түрік әліпбиі қанша әріптен тұрады?                                (35)
4. Бірнеше рудан құралған арысты басқарған кім?                              (би)
5. ХІҮ – ХҮ ғ сәулет өнерінің басты бір ескерткіші -Ұлытаудағы кесене
(Алаша хан кесенесі)

І жүргізуші: 5 – ші сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Әбілхайыр ханның үстемдігіне қарсы шыққан қазақ тайпаларының басын қосып, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударған (Керей, Жәнібек)
2 Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаған Қарлұқ қағаны?
(Сатұқ хан)
3.«Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады? (12)
4.    Қазақтар үшін астрономиялық сағат (Жетіқарақшы)
5.    «Шежірелер жинағының» авторы? (К. Жалаири)

ІІ жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Көкпар» деп аталады. Интерактивті тақтада сандар жазылған ұяшықтар орналасқан. Ұяшықтар  сайыскерлердің қалауы бойынша ашылады. Дұрыс жауап берген оқушыға ұяшықтағы ұпай беріледі.

І жүргізуші:

20    20    20
30    30    30
40    40    40
20/1 – Батыс Түрік қағанатының  астанасы (Суяб)
20/2 – «Кодекс куманикус» қай тілде жазылған? (Қыпшақ)
20/3 – Құдықтардың үстіне салынған  құрылыс (Сардоба)

ІІ жүргізуші:

30/1 – 960 ж Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялаған хан (Мұса)
30/2 – ҮІ – ІХ ғасырлар аралығы Қазақстан тарихында қандай кезең деп аталды? (Ерте орта ғасырлар)
30/3 – «Оғызнама» әдеби шығарманы ХҮІІ ғ толық жазған? (Әбілғазы)

І жүргізуші:
40/1 —  1150 – 1155ж билік құрған тұсында халық санағы жүргізілген хан?
(Иле хан)
40/2 — Өзінің жазбаларында қыпшақтардың тары мен күрішті көп өсіргендігін жазған еврей саяхатшысының есімі
(Питахья)
40/3 – «Құтағду білік» еңбегінің авторы Ж. Баласағұнға берілген атақ?
(Ұлы хас — хажип)

ІІ жүргізуші: Ендігі керемет кезең «Ғажайып жетілік» деп аталады. Бұл кезеңнің шарты бойынша ұпай саны аз оқушы бастап жасырын парақтарды ашады. Парақтар аясында 7 пәнге тығыз байланысты 7 сұрақ  берілген. Егер оқушы жауап бере алмаса, келесі оқушы жауап беруге болады. Сонымен бірге дұрыс жауап орысша, ағылшынша айтылуы тиіс .

Сұрақтар:

1.    Технология: Қазақтар жазда ыстық өткізбейтін  бас киімді неден жасаған? (   киіз   —    войлок     —     felt)                                         10 ұпай
2.    Бейнелеу өнері: Қостөбе қаласының сарай кешенінде табылған оюланған қандай бұйымдар мол кездеседі? (саз  – глина  -clay) 10 ұпай
3.    Қазақ тілі: «Кодекс куманикус» қай тілде жазылған? (Қыпшақ – кипчак — Kipchak)                                   10 ұпай
4.    Әдебиет: Ахмет Иугнекидің «Ақиқат сыйы» дастанындағы өлең жолдарындағ қалған сөз:
«Білікті білім жинап, … етер,     (кәсіп – промысел)
Білімнің дәмін татып, …. өтер» . (Өсіп – расти — Grow)                     20 ұпай
5.    Астрономия: Қазақтар үшін «Жетіқарақшы» жұлдызы қандай қызмет атқарды?
(астрономиялық сағат – астрономические часы – Astronomical clock )
20 ұпай
6.    География: ІХ ғ аяғы мен Х ғ басында Оғыз, мемлекеті Сырдарияның қай ағысы маңында құрылды? (Орта және төменгі ағысы – среднее и нижнее течене- middle and low stream)                         30 ұпай
7.    Математика : 1643 жылы қазақ жеріне баса көктеп кірген 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батырдың қанша сарбазы шайқасты? (20600-двадцать тысяч шестсот – twenty thousand six hundred)                                                                                            30 ұпай
І жүргізуші: Сонымен достар!  Біз сайысымыздың 3 кезеңін аяқтадық. Әділқазылар есептеген ұпай саны бойынша ұпайды аз жинаған, сыныптастарының арасынан білімі нәтижесінде озып шығып, осы кезеңге дейін жеткен 3 оқушыны ризалығымызды білдіре отырып, шығарып саламыз. Бұл оқушыларға «Сіздердің  жеңістеріңіз әлі алда! Тек оқу керек, дайындық керек» дегіміз келеді.
ІІ жүргізуші:
Келесі сайыс «Жорға» кезеңі
«Білім — өмір шырағы» — дейді, олай болса зердемізде білім шырағын жарқырата жағып, сынға дайын болайық. Әр сұраққа 1 ұпайдан.
І жүргізуші: Қатысушы 2 сайыскерге 10 – 10-нан жедел сұрақ беріледі.
1 – ші сайыскерге сұрақ:
1. Мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб — қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне қандай түсіндірме берілген? («Еркін»)
2. Қазақ халқының құрамына енген ру –тайпалар өз таңбаларын қай жерге салды? (Таңбалы Нұра)
3. Қожа Ахмет кесенесі салынған жыл? (1397ж )
4. Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірге қанша адам көшті? (200 мыңдай)
5 Қазақ хандығында ішкі- сыртқы саясатта тәртіп орнатқан, лайықты қолбасшы хан кім? (Есім хан)
6. Тәуке хан қай жылдары ел басқарды? (1680 – 1715 ж.ж.)
7. 1729 ж. Жоңғарлар жеңіліске ұшараған шайқас? (Аңырақай шайқасы)
8. Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай империяторы У. Ди 1338 ж .Батыс елдеріне аттандырған елшілік неше жылдан кейін оралды?(13 жыл. кейін)
9. «Тарих» кітабының авторы?                                          (Усман Кухистан)
10. Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы?                                                (1991 ж)
ІІ  жүргізуші: 2 — сайыскерге қойылатын сұрақтар:
1. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «Қазақ» сөзі қандай мағына берген? («мықты», «берік»)
2. Ислам дінінің көрнекті өкілі, уағыздаушысы, әрі ақын? (Қожа Ахмет)
3. Қазақ хандығының құрылған жылы?                             (1455 – 1466 ж.ж)
4. Дербес мемлекет ретінде қазақтар Орта Азия мен Шығыс Еурропаға қай ханның тұсында танылды?                                              (Қасым ханның)
5. Хақназар хан қай жылдары билік етті?                      (1538 -1580 ж.ж)
6. Тәуке хан шығарған заңдар жинағы?                          («Жеті Жарғы»)
7. 1595 ж. Тәуекел ханға орыс елшілігін кім бастап келді? (В. Степанов)
8. Қазақстаның қай аймағы Ұлы Жібек Жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі болды?                                           (Оңтүстік Қазақстан)
9. Күлтөбе қай қаланың түбінде ?                                (Ташкент)
10. Қазақстанның рәміздері қай жылы қабылданды? ( 1992 ж)
І жүргізуші: Сайысымыздың нәтижесін шығарып, бағалау үшін әділқазылар алқасына назар аударамыз.
(Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды)
ІІ жүргізуші: Сонымен Жеңімпазды құттықтаймыз.
І  жүргізуші: «Білгенге : білім – байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай,
Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасындай» – деген
О. Шораяқұлының сөзімен аяқтай келе, ХХІ ғасырдың бәсекелес білім додасына әруақытта дайын болыңыздар дегім келеді. Ел болашағы сіздерсіздер! Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.