Қызылорда облысы,Қармақшы ауданы,
Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің
математика-информатика пәні мұғалімі
АЛМАНОВА ГҮЛЖАН БОЛАТБЕКҚЫЗЫ
Сіздерге мектебімізде «Математика ғылымдар патшасы» тақырыбында мектепішілік семинарда 5-6-7 сыныптар арасында өткен кластан тыс жұмыс.
Тақырыбы: Жас қаржыгерлер
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ,білім деңгейі мен шығармашылық қабілеттерін,пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтау арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту. Ұқыптылыққа, байқампаздыққа төзімділікке, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, еңбектенуге тәрбиелеу.
Барысы: Сайыс V кезеңнен тұрады.
І кезең.«Зымыран сұрақтар» (әр сынып жеке ауызша сұрақтарға жауап береді )
ІІкезең.«Блиц-турнир» (Таблода сәйкес сұрақтарға жауап беру)
ІІІкезең.«Интеллектуалды казино» (топқа 3-сұрақ қойылады)
IVкезең.Фигурадан маскарадтық киімдер жасау
У.кезең Қорытындылау
Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар!
Ал кәнеки қаралық
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Қарсылық егер болмаса
Кешіміз басталар.
І кезең «Зымыран сұрақтары»
Алғырлықты байқау (әр ұпай -100 теңге)
Біліміңнің ұшқырлығын танып сен
Асып –тасып,асықпа,қалыспа сен!
Уақыт деген зымырап,зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
5-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз
1.Барлық қабырғалары тең тік төртбұрышты квадрат деп атаймыз
2.1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атаймыз
3.Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
4. Ең кіші натурал сан
5. 12 бұтағы бар алып емен
52 шыбық өсіп өнген
Шыбық сайын 7-ден жапырағы
Бар ма еді ағаш сондай көзің көрген /жыл 12 ай, 52 апта, 7 күн/
6. Әжесі неше жаста болса, немересі сонша айда. Екеуінің жастарының қосқанда 52 болады. /48 жас,48 ай//
6-сынып
1. 5/3-ке кері сан
2. Бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны қалай аталады.
3. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең?
4. Натурал сандар нешеден басталады?
5. 48 санының ½ үлесі неше?
6. Жазыңқы бұрыш нешеге тең?
7-сынып
1. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады?
2.Жазықтықтағы негізгі фигура?
3. Квадраттың қабырғасы 9 см, периметрін тап.
4. Рационал сан қандай әріппен белгіленеді?
5. Қандай түзудің ортақ нүктесі жоқ?
6. Бұрышты өлшейтін құрал?
ІІ-кезең «Блиц-турнир»
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылған танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп датқандай аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып
Біреу мығым , біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып.
Шарты. Таблода көрсетілген бағаның астында сұрақ жасырылған, сол сұраққа қай банк дұрыс жауап берсе , сол банкінің есепшотына түседі.
Арифметика. /100 ұпай
1. 5,075 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте /5,1/
2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі /ширек/
3. Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем /сүйем/
Логика. /200 ұпай/
1.Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер алашқа
Қалады сонда қанша алма? /24/
2. 5 адам кездесіп қалып-бір-бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? /10/
3. Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығ қандай? /1 метр/
Жұмбақ /300 ұпай/
1.Біз санбыз
Сызықпыз бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген,
Дұрыс, бұрыс ,аралас
Ондық болып бөлінген/бөлшек сан/
2.Бір үш, бес, он
Жиырма,елу
Жүз,екі жүз, мың бар
Әрқайсысының құны бар теңге
3.Атасы қалғып мүлгиді
Әкесі зорға жылжиды
Ағасы шабан,
өзі жорға
Інісі жылдам
Баласы жүйрік
Зымырап тұрған /жыл,ай,сағат,минут,секунд/
ІІІ кезең Интеллектуалды казино
Шарты: Сұрақ бір рет оқылады, әр топтан ақша тігіледі.
Егер дұрыс жауап болса, тіккен ақша өздерінің есеп шотына түседі, егер жауап бермесе қанша ақша тігеді, сол есеп шотынан алынады.
Жауапты 2 минутта жауап беру керек.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір кеш болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
1 сұрақ. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады? Сонда атасы: Менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны азайтса, 6-ға тең болады. Сонда атасы неше жаста болған. /72 жаста/
2 сұрақ Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына 60км шапшаңдықпен жол жүрді.Сол бағытта шығыстан батысқа қарай жел соғып тұрды. Бірақ оның шапшаңдығы сағатына 50 км . Жел поездың түтінін қай бағытқа бұрады? /электр поезында түтін болмайды/
3 сұрақ Асханаға 150 кг пияз және одан 4 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? /600 кг/
ІУ кезең Фигурудан маскарадтық киіммен мода көрсету
Осы менен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар , білім қусақ
У.кезең Қорытындылау
Әр топтың жинаған есеп қоры есептеп, нағыз қаржыгерлер тобын анықтау
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Ойынды аяқтап, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.
АЛМАНОВА