МАТЕМАТИКА. 10-ға,100-ге көбейту және бөлу

Тақырыбы: 10-ға,100-ге көбейту және бөлу
Мақсаты: 340:10, 34х10 ,800:100 ,4х100 түріндегі көбейту мен бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру,көбейту кестесін бекіте түсу
Міндеттері:
1. Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыта түсу;
3. Тақырып бойынша білім беру, логикасын дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

  •   10-ға,100-ге көбейту және бөлуді меңгерту
  •   Көбейту мен бөлу кестесін бекітеді;
  •   Оқушылар логикалық есептерді шығару барысында логикасын дамытады, ой бөліседі, пікір алмасады;
  •   Жеке, жұппен, топта жұмыс істеуге, бірін бірі тыңдауға, құрметтеуге дағдыланады.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: «Кім жылдам?» ойыны, Қазақстан картасы, суреттер, кеспелер.
Әдіс-тәсіл: көрнекілік, түсіндіру,ойын, жарыс,этнопедагогика элементтері.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сынып тазалығы, жеке бас тазалығы.
3. Сабаққа әзірлігі.
Сәлемдесу: Келіңіз, төрлетіңіз
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкенмен
Бас иеміз
ІІ. Өтілген материалды пысықтау.Қызығушылығын ояту.
А) Көбейту кестесін толтыруға әр балаға кеспе таратылады.
Пифагор кестесі бойынша көбейту кестесі қайталанады.

Ә) 9 санына саусақпен көбейту әдісі

9-ға көбейтіп көрейік: санды 9-ға көбейту үшін сол санмен нөмірленген саусақты тауып, сол саусақтың сол жағындағы және оң жағындағы саусақтарды санаймыз. Сол жақтағы саусақ саны көбейтіндінің 1-цифры ондықты көрсетсе, оң жақтағы саусақ саны 2-цифрды – бірлікті білдіреді.
Мысалы, 3 х 9=27. 2 ондық, 7 бірлік.
Сонымен қатар 9- киелі сан екендігін «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы айтып кету.
№3 ауызша орындалады.

ІІІ.Жаңа сабақ.Мағынаны ашу сатысы.
№1 тапсырмаға берілген иллюстрация негізінде жаңа сабақ түсіндіріледі.
-Неше текше болды? Неше есе арттырдық? Неше текше болады?Көбейтудің көмегімен қалай жазуға болады?
Бірінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәнін салыстыр:сандардың қандайұқсастығы,қандай айырмашылығы бар? 10-ға көбейту кезінде сан қалай өзгереді?10-ға бөлу кезінде сан қалай өзгереді?
100-ге көбейту тәсілі осыған ұқсас жүргізіледі.№2 тапсырма.
Жаңа сабақты бекіту.№4 1-баған тапсырма оқушылардың түсіндіруімен тақтада орындалады.№6 түсіндіріліп орындалады.
IVОй қозғау сатысы.
№8 «Жасын анықта» фокусын орындап жаттығу.
№5 ауызша орындалады.
ІҮ. Қорытындылау.
Ү. Бағалау. Жұлдызшаны көп жинаған топ жеңеді. Оларға ел тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында еліміздің туын табыс ету.
ҮІ. Үйге тапсырма: №7 164-бет
Уақыт қалса, көңілді есептер шығарылады.
Бір арбаға жегілген үш ат км жерді шауып өтті.Сонда әрқайсысы қанша километр шапты?
Екі дос 2 сағат бойы доп ойнады. Әрқайсысы доппен қанша уақыт ойнады?
Құралай тақтаға екі үшбұрыш, үш шаршы, тікбұрыш, шеңбер және сопақша сызды. Құралай тақтаға қанша төртбұрыш сызды?

Один комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше