Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№170 орта мектептің география пәні мұғалімі
Кабулова Жанат Қосмырзақызы
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ірі өзендеріне сипаттама беруге үйрету.
Алаптардың ерекшелігін түсіндіру. Патриоттық тәрбие беру және экологиялық тәрбие беру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ақпараттық технология, ойын элементтерін пайдалану
Сабақтың түрі: кіріктірілген (интеграцияланған) сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, электронды оқулық,таблицалар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
ІІ. «Қазақстанның климаты» тарауын қайталау
1. «Зымыран сұрақтар» берілген сұрақтарға тез жауап беру
2. «Кім жылдам?» Ылғалдану коэфициентін есептеу
3. «Үш қадам сұхбат»
Интервью беруші, интервью алушы, редактор. Климат тарауына сұрақтарға жауап береді.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіріледі
Қазақстанның өзен алаптары
Қазақстанның 7 ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Тобыл, Сырдария, Шу
Бұл мәліметтер экраннан көрсетіледі.
Іле өзені туралы компьютердегі оқулықтан видеокөрініс көрсетіледі. Power Paint бағдарламасы арқылы жазылған сарамандық жұмыс №1 орындатылады.
Өзен аты Қазақстан жеріндегі ұзындығы Алабы
1. Сырдария 2219 км Арал теңізі
2.
3.
4.
Электронды оқулықтан №1 модульдік тапсырмалар орындатылады.
1. Қазақстанға шекаралас 5 мемлекеттің астанасы?
2. Қазақстан қашан тәуелсіздігін, егемендігін алды?
10 тапсырма орындайды
Салыстыру кестесі: Тау және Жазық өзені
Бес жолды өлең «Ертіс» сөзіне
Сарамандық жұмыс №2
Өзендердің қоректенуі
ІҮ. Сабақты бекіту: 1. Өзендердің жасына байланысты ерекшелігі неден байқалады?
Ү. Үйге тапсырма: Қазақстанның суы
Сарамандық жұмыс № 3