Без рубрики

Отбасы –жылулықтың белгісі

Астана қаласы, №64 мектеп-лицей психологі
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы

Тренинг тақырыбы: «Отбасы –жылулықтың белгісі»
Мақсаты : Ата-аналармен жұмыс жасау арқылы бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру.

Жұмыс барысы:
Ата-аналар топтасып отырғызылады.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Танысу тренингі.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
— Есіміңіз кім-Балаңыздың есімі- балаңыздың жағымды қылығы
«Отбасылық оқиға» жаттығуы.
«Отбасы» мүшелері топпен құрылған шеңбердің ортасымен жайғасады.Олар отбасындағы рөлдерін анықтап алады да,жетекші оларға қандай да,бір отбасында қуанышты немесе өкінішті жағдайдың болғанын айтады,
мысалы, 1 отбасыға -«Сіздерді, ата-аналар, мектепке балаңыздың тәртіп бұзушылығына байланысты шақырып жатыр. Екеуіңізде жұмыстасыздар. Мектепке кім барады? Жағдайды білмей жатып,ең бірінші әрекетіңіз: директорға барасыз немесе сынып жетекшіге жолығасыз не болмаса балаңызды шақырып жеке сөйлесесіз»
2 отбасыға – «Балаңыз сабақтан кейін кешігіп жатыр. Сыныптастарына қоңырау шалдыңыз, олар үйіне бір сағат бұрын келгені анықталды.Сіздің іс әрекетіңіз. Анасының әрекеті? Әкесінің әрекеті?
Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
Талқылау:

«Есімдер тарихы…»
Екінші жаттығуымыз «Есімдер тарихы…» деп аталады. Оған ата-аналар ғана қатыса алады.
Бала дүниеге келгенде шілдехана жасап, оған азан шақырып ат қойып жатады. Атты кез-келген адам қоймайды,елге сыйлы, қадірлі кісілерге қойдырады. Себебі әрбір адамның өз өмірі, тағдыры берілген есіміне байланысты болады екен.
Әр ата-ана баласына берілген есімінің тарихы жайлы жазбаша түрде жазып береді. Бұл парақшаларды сынып жетекшіге балаларға таратылу тапсырылады.

«Тілек айта білемін»
Ата-аналарға баласына, мұғалімдерге игі тілектерін жолдайды.(ақ параққа жазып тақтаға ілеміз)
— Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Бәріміз еліміздің мақтанышы болайық!..
Қорытындылау. Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.