Без рубрики

Психология «Ата-ана махаббаты»

Астана қаласы, №64 мектеп-лицей психологі
Сатыбалдина Мақпал Балтабайқызы

«Ата-ана махаббаты»

Мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, орамал, түрлі түсті қалам, ақ парақтар.
Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы.
2.. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
3. «Жарнама!» ойыны.
4. «Тілек шамы».

Тренинг барысы:
1. Ата-аналарды тіркеу.

Жас едем өмірге еркін бойламағңан,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Есен-аман жүрмісің, асыл ана,
Уақыт өрнек салған ба шашыңа да?
Қуандың ба, сағынып, атқан таңға,
Мұңайдың ба, қамығып батқан күнге, асыл ана!-дей келе ата-аналарымызды ортаға шақырайық. Қош келдіңіздер!

2. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту крек.
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды.
— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз?

3. « Біз біргеміз!» жаттығулар
Мақсаты: Отбасындағы қарым –қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.

 «Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы әкелері балаларын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

.
 «Жарнама!»
Әкелер суретті бір-бірімен ақылдаспай салады. Айналысатын кәсібі, отбасының эмблемасы салынады.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

4. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.