Әдемі шарлар
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
шағын орталық тәрбиеші:
Шангутова Қырмызы Жадырасынқызы
- 1. Білім беру саласы шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: сурет
Тақырыбы: әдемі шарлар
Мақсаты : балалардың шар туралы білімдерін кеңейту, толықтыру, ойын арқылы түр-түсін ажырата білуге үйрету.Ақыл-ойларын, зейінін, танымдық қабілеттерін арттыру. Шардың әсемдік құралы екенін айта отырып, баланы әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, қарындашты бірқалыпты ұстап, бояу дағдыларын бекіту
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Дәлелдеу – ояту |
Сәлеметсіздер ме ,менің кішкентай достарым. (Әуен ойналып, қатты желдің даусы естіледі) – Ой, балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? (Осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді) – Мынау не нәрсе? Ішінде не бар? Бізге бұны кім әкелді? Өзі қапшық сияқты, бұл кімдікі ау-у. (Әуен ойналып, желдің дыбысы шығады).- Мен желмін. Мұны сендерге мен жібердім. Ішінде не бар екенін өздерің табыңдар. Ол үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сол жұмбақтың шешуін тапқанда, бұл қапшықтың ішінде не бар екенін білесіңдер. Қағанақтай қабық, Байқа, алма жарып. |
– Желдің дыбысын естіп тұрмыз. |
|
Ұйымдастыру- іздену |
-Балалар, ол не болды екен, ұстап көрейікші, өзі жұмсақ екен, жарылып кететін не екенін білесіңдер ме?- Жарайсыңдар, желдің жасырған жұмбағы шар екен ғой. Балалар, осы шарды не үшін қолданамыз? Тәрбиеші ақ қағаз бен карандаштарын таратады. – Жарайсыңдар, енді әртүрлі шарлар бейнесін саламыз. Тәрбиеші шардың салу жолын көрсетеді .- Жарайсыңдар, енді «Түсін таны» ойынын ойнайық Шарты: Балаларға әр түсті шарлар беріледі. Сол түске сәйкес затты табулары керек |
– Ол шар ғой.- Шармен ойнаймыз, мерекелерде топты әдемілейміз.Балалар шардың суретін салып, бояйды
Балалар ойнайды. |
|
Рефлекстік түзету |
Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы ойнадыңдар. Осы кезде топқа көптеген шарлар ұшып келеді. Балалар,өз киімдеріңнің түсіне сәйкес, шарлардың жібін тауып ұстап алыңдар. Балалардың жұмысын тексеріп, бір-бір шардан беріледі. |
Сергітусәті:Қызыл, сары, көк шар, Қолымызда көп шар. Әуеде қалқиды Әніміз шалқиды |
