Эскиздер. Детальдың эскиздерін орындау. Эскиздердің қолданылуы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Новобаженово ауылы, А. Ибраев атындағы орта мектептің
cызу,технология мұғалімі, «Өнер және спорт»әдістемелік
бірлестігінің жетекшісі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Эскизге өндірісте бір жолы ғана пайдалануға арналған сызбалар жатады. Нәрсенің эскиздегі кескіні тік бұрыштап проекциялау ережесі бойынша, кескінделетін нәрсе бөліктерінің арасындағы пропорцияны көз мөлшерімен сақтай отырып қолдан орындалады.
Конструктурлар проект жасағанда, мысалы, жаңа машиналарды, эскиздерді пайдаланады. Эскиздер сондай- ақ жабдықтарды жөндегенде, яғни істен шыққан детальдың орнына жаңа деталь жасау қажет болғанда қолданылады. Ондай эскизді детальдің нақты өзіне қарап жасайды.
Өндіріс орындарында көбінесе детальды тікелей эскиз бойынша жасауға тура келеді, сондықтан оны маңызды техникалық документ деп түсіну керек.
Эскизде де сызбада қолданып жүрген ЕСКД стандарттарына сәйкес орындалуы тиіс. Эскиздегі сызықтар біркелкі әрі ақын болуы керек. Барлық жазулар сызба шрифтісімен жазылады.
Эскиз әдетте тор көзді қағазға орындалады. Эскизді осылай орындау қолайлы әрі шапшаң. Нәрсені кескіндегенде оның бөліктерінің пропорционалдығын сақтау үшін. Тор көз бойынша перпендикуляр және паралель сызықтар жүргізеді. Шеңбер доғаларын циркульмен жүргізуге болады, кейін олар қолмен бастыра жүргізіледі. Эскиз жұисақ қарындашпен орындалады.
Эскизді детальдің нақты өзіне қарап түсіргенде, оны айналдыра өлшеу үшін әр түрлі өлшеуіш аспаптар пайдаланылады.
Сызықтық шамаларды өлшеу сызықтар көмегімен орындалады.
Эскизге деталь кескінін салу реті:
1. Форматты таңдап алынған парақ қағазға сыртқы рамканы және сызба өрісін шектейтін рамканы сызады. Негізгі жазудың графаларын орналастырып сызады.
2. Кескіндерді сызба алаңына қалайда дұрыс орналастыруды анықтайды және габариттік тік төртбұрыштарды жіңішке сызықтармен сызады. Қажет болған жағдайда осьтік және центрлік сызықтарды жүргізеді.
3. Детальдың сыртқы (көрінетін) контурын көріністердің әрқайсысына түсіреді.
4. Детальдың көрінбейтін бөліктерін штрих сызықтардың көмегімен кескіндейді, жеке бөліктердің контурларын түсіреді және эскизді бастыра жүргізеді.
5. Шығарма және өлшем сызықтарын түсіреді.
6. Детальды айналдыра өлшеп, өлшем сандрын түсіреді және қажет болған жағдайда жазуларын жазады.
7. Детальдың аты және л жасалған материал көрсетілетін жерге негізгі жазуды толтырады.
Ең ақырында эскиз тексеріледі. Мұнда мыналарға назар аударылады: а) кескіндер дұрыс салынған ба және проекциялық байланыста ма; б) детальдың басты көрінісі сәтті таңдап алынған ба; в)детальдың пішінін толық түсіну үшін алынған көріністер жеткілікті ме; г) өлшемдер дұрыс түсірілген бе; д) қажетті түсіндірме жазулар жазылған ба; е) негізгі жазу дұрыс толтырылған ба?
А.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекеме
Аты жөні: Жанысбаева А.А
Туған жылы : 1967/01/06
Білімі: жоғары БПУ 1986, АГТУ .2006
Мамандығы: мұғалім
Категория: I
Еңбек өтілі: 25
Білім көтеру курсынан өткен жылы: 2007-2008 оқу жылы
Пәні: технология.сызу.сурет
Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық тәрбиелік маңызы бар халықтық
қолөнер түрлерін қайта жаңғырту.
Бағдарлама білім сапасын халықаралық стандартқа негіздейді.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (жоба)
Бұл бағдарламаға сәйкес Қазақстанда 2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі біліммен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады.
Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу , сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру , адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері
ұсынылады.
Бұл бағдарлама екі кезеңде іске асырылады:
I. 2011-2015 жылдар жекелеген бағыттар бойынша білім беруді дамытудың модельдерін әзірлеумен , оларды сынақтан өткізумен , сондай-ақ ауқымды қайта құрулар жүргізу көзделіп, нәтижесінде 2015 жылға дейін өтпелі кезең аяқталады.
Қазақстанның білім беру жүйесі құрылымы,мазмұны, басқару тетіктері мен қаржыландыру дамыған елдер моделіне сәйкес келетін болады.
II. 2016-2020 құрал- жабдықтарды сатып алуды , инвестицияларды көздейтін іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.Бағдарламаның білім беру жүйесін дамыту міндеттерін шешуге бағытталған іс-шараларын әдістемелік, кадрлық ақпараттық қамтамасыз етуге басымдық беріледі.
Әрбір кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның іске асырылуын және бағдарламаның , іс-шаралардың білім беру жүйесінің , жай күйіне әсерін сипаттайтын көрсеткішті өзгерту жоспарланған .Нәтижесінде , 2020 жылға дейін білім беру жүйесі жоғары білім сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдық даму деңгейінде нәтиже беретін болады.
Осының барлығы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму жоспарына сай жасалынып отырған жұмыстар.
Бағдарлама қарапайым халыққа не ұсынады?
1. 2013 жылдан бастап мектепке дейінгі және орта білім берудің педагог қызметкерлеріне біліктілік санаты үшін төленетін қосымша ақшаның мөлшері арттырылатын болады.
Педагог қызметкерлердің орташа жалақысы 2015 жылы экономикадағы орташа республиканың жалақысының деңгейіне жеткізіледі. Қазіргі қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшері қайта қаралады. Жыл сайынғы еңбек демалысына берілетін сауықтыру жәрдемақысы бір лауазымдық жалақыдан екі лауазымдық жалақыға көбейеді. Жылдар бойы еңбегі үшін зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі қарастырылады. Мемлекеттік бюджеттен және жұмыс берушілер қаражаттарымен төлемдерді қоса қаржыландыру бөлігінде зейнетақы қорын қалыптастыру тетігі жетілдіріледі.
2. Білім беру менеджменті енгізіледі.Ол үшін: білім берудің басқару жүйесін жетілдіру: білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру: электронды оқыту, қажетті нормативті негізді құру, қажетті инфрақұрылымды құру,оқу процесін автоматтандыру.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына байланысты Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық сараптау орталығы» акционерлік қоғамымен бірге Елбасының 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына» сәйкес «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»жобасын жасады.
Ұ.к Өтк. қайт. Жаңа сабақ Сынып жұмысы Бекіту Үйге тапсырма Бағалау
Сабақты негізгі параметрлер бойынша талдау
2007-2008
2008-2009
2010-201
Сабақты талдаудың негізгі параметрлері
1.Сабақтың негізгі мақсатының дұрыс айқындалуы
2.Оқушы жауабының ғылыми мазмұны
3.Сабақтың негізгі кезеңдері: реттілік
4.Оқушуның қабілетіне сәйкес оқыту әдістерін таңдай білуі
5.Оқушының пәнге,сабаққа қызығушылығын арттыру
6.Оқушының өзіндік ізденіс, таным әрекеті
7. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап алуы, қолдануы
8.Оқытушының оқушымен жекелеме жұмысы
9.Сабақты жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау
10.Сабақтың нәтижелілігі, мақсатқа жетуі
11.Үй тапсырмасының ретттеліп берілуі
12.Сабақ барысында басты мәселенің шешілуі, орындалуы,оңтайлануы
