Бастауыш сынып

Қыc (нәтиже сабақ) 3 — сынып

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
«№15 жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
қазақ тілі пәнінің  мұғалімі   Жуматаева Жібек Дюсенғалиқызы

Cабақтың тақырыбы:  Қыc (нәтиже сабақ) 3 — сынып
Сабақтың мақсаты: Модуль бойынша өткен  тақырыпты қайталау, білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1.«Қыс» тақырыбы бойынша сөздерді пысықтап, ауызекі  сөйлеу  дағдылары қалыптасады.
2. Оқушылардың ойлау  қабілеттері, белсенділігі,   қызығушылығы артады.
3. Жылдың  әр мезгілінің  өзіндік  әсемдігі, қажеттілігі бар  екенін танып біледі.
Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ
Сабақтың тегі:  бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын әдісі, коммуникативтік әдіс, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс.
Көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта, Роwer Point бағдарламасында жасалған презинтация
2. Aннимациялар, музыка.
3. Үлестірме қағаздар (мәтін жазылған)
Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықтарын ояту
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Бүгінгі көңіл- күйлерің қалай?
—    Сыныпта кім кезекші? (кезекшімен сұхбат).
ІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы:  «Қыс»
Сабағымыздың мақсаты:  Қыс тақырыбын жалғастырып, алдынғы сабақта алған білімдерімізді жинақтау.
Бүгінгі сабақты Абай Құнанбаевтың  «Қыс» өлеңімен бастаймыз.

Тыңдаймыз.  Бұл өлеңмен балалар   алдағы сабақтарда  жақынырақ танысып, жатқа білетін боламыз.
IIІ.  Үй жұмысын тексеру

Балалар бүгін біздің сабаққа Аяз ата мен Ақша қар келе жатыр екен.
(Музыка).
ІҮ. Олар келгенше біз шыршаны безендіріп қояйық.    Әр ойыншықтың өз  тапсырмасы бар. Біз ойланып, бірге орындайық.
1.    Мәтінді тыңда.
2.    Мәтінді тізбекпен оқып, аудару (бір-бір сөйлемнен оқиды).
3.    Қазір қай жыл мезгілі?
4.    Тірек сызбанын толтырыңдар  (Қыс айлары).
5.    Қыста күндер қандай болады?
6.    Қыста адамдар қалай киінеді?
7.    Жұмбақты шеш.
Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді.
(шана)
Балалар  интерактивті тақтада  шыршамызды безендірдік.
Біздің шыршамыз қандай тамаша!
Ү.Сергіту сәті.    Ойын   «Кім көп біледі?»
Күнделікті сөздер.

ҮІ . Қараңдаршы,  балалар, бізге аққалалар да қонаққа келіп қалыпты.
Олар шыршаны айналып, бізбен бірге Жаңа  жылды қарсы алғысы келеді екен.
Олар сендердің сөздік қорларыңды тексергісі келеді.
Кім бірінші таңдайды?
1. зима наступила
2. идёт снег
3. холодный (-ая,-ое)
4. одевают
5. катаются
6. каток
7. шуба
8. декабрь, январь,февраль
9. первый снег
10. лыжи
ҮІІ. Тақтамен жұмыс. Қыс сөзін өрбітіп жазады.
1.    Қыс.
2.    Қыс түсті.
3.    Қыс ерте түсті.
4.    Биыл қыс ерте түсті.
ҮІІІ.  Қорытынды.
Жұптық жұмыс. Өтілген сөздерді пайдалана отырып, диалог құрады.

Сабақ соңында  Аяз ата мен Ақша қар келеді.
ІХ. Үй жұмысы:  1. Мәтнді оқу мазмұндау.
2. Қыс мезгіліне сурет салу.
Х. Оқушылар білімін бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.