Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы
№ 182 мектептің бастауыш пән мұғалімі
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпін қайталау.
Сабақтың мақсаты:  Білімділігі: Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін қайталау арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту.
Дамытушылығы: Ө дыбысы мен әрпін қайталау арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс – әрекеттерін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шығармашылыққа, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, ребустар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасы: Ө дыбысы мен әрпі.
« Сөз ойла ,тез ойла» ойыны
а) Ө дыбысынан келетін сөздер айту:

ә) Ө дыбысынан келетін сөздерді буынға бөлу.
Өр – нек, өр – мек – ші, ө – зен, өр – кеш, көр – ші, көр – ме,ө – мір.

б) Ө дыбысын әр топтан 3 – 4 баладан оқыту.

ІІІ. Қайталау сабақ: Ө дыбысы мен әрпі.

1. Ой қозғау: а) Дыбыс деген не?
ә) Әріп деген не?
б) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
в) Ө дыбысы қандай дыбыс?

2. «Кім шапшаң?» ойыны
Буыннан сөз құрау.

3. «Кім тапқыр» ойыны. Сөзжұмбақ шешу.

Б    О    Р
Қ    О    Й
Т    У
Н    А    Н
1.Тақтаға жазатын құрал
2. Қозының анасы.
3. Мемлекеттік рәміз
4. Қасиетті тағам.

Б    О    Т    А
Т    Ұ    З
Қ    А    З
А    Л    М    А
А    У
1. Түйенің баласы
2. Тамақтың дәмін келтіреді
3. Үй құстарының бірі
4. Тәтті жеміс
5. Балық аулайтын құрал

4. «Өркеш» мәтінін рольге бөліп көрініс көрсету.

Өркеш
–    Арқаңдағы шошайған не? – деді бұзау.
–    Өркеш қой, – деді бота.
–    Өркеш саған не керек? – деді бұзау.
–    Балалар мінсе, құлап қалмасын, – деді бота

5. «Сиқырлы сандар» ойыны.
1    3
5    7

1 – Төрт түлік малды ата.
3 – Бұзаудың анасы не?
5 – Ботаның анасы не?
7 – Жылқының баласы не?

6. Сергіту жаттығуы: Дыбыстарды ажырата білемізбе?

7. «Жоғалған буын» ойыны.

Өр

Сауыс                 Тыр             Тор                   Кө

8. Шығармашылық тапсырма: Сөйлем құра.

9. Сабақты қорыту:

Ой толғанысы: Ребус шешу.

т10           қ10ақ        к3       5ік       2лік

10. Үйге тапсырма:
Әліппе бағандағы сөздерді оқып келу.

11. Оқушыларды мадақтау:
Сабаққа белсенді өре жақсы қатысқан оқушыларға – бес жұлдыз
Жақсы қатысқан оқушыларға – төртбұрыш беріп мадақтап сабақты аяқтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше