Мемлекеттік тіл
Семей қаласы, №34 жалпы білім беретін орта мектебі
бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қуанышбаева Гүлсағат Жұмағазықызы
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Мемлекеттік тіл. (PDF)
Сабақтың мақсаты: Егеменді елімізідің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық қадір- қасиет екендігін білдіру;
1-оқушы:Тіл бүкіл халықтың, ұлттық рухани қазынасын сақтайтын асыл қоймасы.Сұлу өрнегі мол ана тілімізде жасалған халқымыздың әдеби мұрасы мәңгілікке жалғаса берер баға жетпес байлығымыз.
2 – оқушы:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы Жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, себебі әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі. Бүкіл түркі елдеріне ардақты ағартушы, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады» деген сөзінде үлкен мән жатыр.Биылғы тіл мерекесі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
3-оқушы:
Тіл тағдыры – ел тағдыры,
Тіл – халықтың байлығы, қазынасы.
Тіл – халық тарихы, тіл – өркениет пен мәдениет, демек әр тіл өз орнында ұлы! өгей бала ғана ана тілін аяққа басады.
Ұлт –тілі асыл қазына. Сол асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп жүрген ата ұрпақтың өкілі сіздер. Сөз кезегін өздеріңе береміз.
1-оқушы:
Тілім менің –тағдырым!
Тағдырыма алаңдаймын таңды ұрып.
Талай сында сан, сан тұрып…
Төрелігі төрге озып дәуірдің,
Тереңдігім қалмас енді тартылып.
2- оқушы:
Тілім менің – қуатым!
Тұла бойда туа біте тұнатын.
Тума ойға тұғыр болып тұратын.
Тектілікті теліп берген тәңірім,
Тар қапастан тасты жарып шығатын.
3- оқушы:
Тілім менің – бағасы жоқ бақытым!
Бақытымды күзетеді уақытым,
Баламасы бола алмайды ешқашан,
Бар әлемнің жинаса да жақұтын.
4- оқушы:
Тілім – менің Айбыным!
Айбыныма қапталдаспа қайғы мұң,
Айбарыммен аулақтатам тайдырып.
Аман тілім жер бетінде мен де аман,
Аспанда аман тұрғанында Ай-күнім.
5- оқушы:
Тілім менің – мақтаным!
Мақтанышпен жар салатын шақтамын.
Маңайыма –жыр сандықты ақтарып,
Мың тағзым тілі тірі Ұлтыма,
Ұрпағыңның ұяты үшін сақтадың.
Ұлттық тіл -әр халықтың өзіне тән ой-санасын, парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен сезім түисігін, ұрпақтан –ұрпаққа жеткізетін күре тамыры. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры, жер бетіндегі бар халықтың қасиетті де қастерлі асыл қазынасы.
«Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Б.Момшұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады.
Оқушы:
Тілім менің – ғасырлардан аманат!
Аманатқа адал болсын Қағанат,
Ар-намысқа келтірмейік жаманат.
Қазақ болып туылдың ба, Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.
Ана сүтімен бойға сіңген киелім,
Тілім барда өзекті ой түиемін.
Бабалардан қалған бізге бой тұмар.
Ана тілім, алдыңа бас иемін.
Ән: «Ананың тілі» Мырзаханова Пакизат
Анамның тілі – қасиетті менің бақ тілім,
Тарихыңда сенің қаншама жылдар жатты мұң.
Қайыспас елдің қаруы болып келесің,
Таусылмас асыл қазынам менің шаттығым.
Тәуелсіз жарқыраған күнім
Таныған қазағымды әлем бүгін.
Болашақ жайған құшақ, болам барыс,
Әлемдік бақ пен Дәулет биігінің.
Тіл туралы диолог (Аяжан мен Динара)
(Мұқағали ізімен)
– Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер едің?
– Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.
– Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?
– Шұбарламай тіліңді, өз онымен сөйлей біл.
– Тілін білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?
– Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.
– Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?
– Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.
– Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?
– Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла, құрметте, Тіл- халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.
– Басқа пәле тілден деп ойлайсыңба достарым?
– Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.
– Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?
– Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.
Ән: «Бақыт туралы» хор сынып оқушылары
Қорытынды : Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Тіл – басты байлығымыз, сәніміз, ата-бабамыздың ұлы мұрасы. Ана тіліміздің мәртебесі биіктей берсін! Ана тілін ардақтайық ағайын!Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар! Деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
